ru
Default banner
Разное
426 635 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бейбіт Шүменов қарсылас таппай жүр

 

WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чем­пионы Бейбіт Шүменов өзіне қар­сы­лас таппай жүр. Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шү­ме­новтің кәсіпқой шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне бір жыл­дан асып кетті.

WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чем­пионы Бейбіт Шүменов өзіне қар­сы­лас таппай жүр.

Бұл туралы Boxingscene сайтына сілтеме жасаған Қазақстан боксының«Вконтактедегі» желісі хабарлады.

Мәселен, Шүменовпен кезде­су­ден қашқақтап жүргендердің бірі WBO тұжырымының әлем чемпионы ұлыбританиялық Натан Клеверли екен.

– Өзінің сұхбаттарында әрдайым мен туралы айта бергеннен кейін Кле­вер­лимен жекпе-жек өткізбек болып хабарласқанбыз. Олардың про­моу­тер­лері де Клеверлидің менімен жұдырықтасқысы келетіндіктерін ашық айтты. Бірақ кейін Бернард Хоп­кинспен жұдырықтасуды жөн көріп, біздің ұсынысымызды қабылдамады. Алайда Хопкинс бұл кезде басқа бокс­шымен келісіп қойған екен. Соны білдік те, Клеверлимен қайта хабар­ласқан едік, ізім-қайым жоқ болып кетті. Егер шаршы алаңда жолығар бол­сақ, қуана жұдырықтасар едім, – депті Шүменов аталмыш сайтқа бер­ген сұхбатында.

Сондай-ақ жерлесімізбен жекпе-жекке шығудан америкалық боксшы Чед Доусон да бас тартқан көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шү­ме­новтің кәсіпқой шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне бір жыл­дан асып кетті.

Соңғы рет өткен жыл­дың 2 маусымында рингке көте­ріл­ген қандасымыз мексикалық Энрике Орнеласты жеңген болатын.