Мазмұнға өту

Жаңа

«Телқоңыр».

Жылдар сынағынан өткен, нәзік сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабына толы Естайдың «Қорлан» әні туралы «Телқоңыр» бағдарламасында! Ұлттық арнада 22 маусым күні сағат 12.05-те!

0
0
177

«Толағай».

Қазақстан полициясы күніне орай, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Толағай» отбасылар сайысында өзара бақ сынасады! Осы аптада «Толағай» бағдарламасын Ұлттық арнадан 23 маусым күні сағат 10.30-да тамашалаңыздар!

0
0
229

«Скванто: жауынгер туралы аңыз». Драма (АҚШ, 1994 ж.)

XVII ғасыр. Ағылшындар жап-жас үндіс көсемі Сквантоны жұртқа ақылы көрме ұйымдастыру үшін ұрлап әкетеді. Бірақ, Тұманды Альбион жағалауына жеткенде, үндіс жігіт ебін тауып, қашып кетеді...

0
0
363

Жаппай көкпардан жарыс өткізілді

 

Астана күніне орай еліміздің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жаппай көкпар тартуға 5 команда қатысты.

Қазақтың төл өнері саналатын бұл спорт түрінің командалық көкпардан ең басты ерекшелігі – жүлде салым салған спортшыға ғана берілетіндігінде. Ал бұл жолғы доданың жүлде қоры 1 миллион 500 мың теңгені құрады. Бас жүлде Жамбыл облысының өкілі Қуаныш Құрамаевқа бұйырды. Жарыс барысында елімізде өтетін Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақтады. Көкпардан құрлықтық біріншілік алдағы қыркүйекке жоспарланған.

0
0
561

«Астана» шабандоздары жарақат алды

   

«Тур де Франц» додасы басталмай жатып, «Астана» шабандоздары жарақат алды.

Алдағы бәсекеге дайындық барысында қазақстандық клубтың 3 спортшысы ауруханаға жеткізілген. Даниялық легионер Якоб Фульсанг жаттығу кезінде құлап, шынтағы мен арқасын ауыр жараласа, Андрей Гривко мен Асан Базаев жеңіл жарақаттанды. Енді аталған спортшылардың әлемдік додаға шығу-шықпауы белгісіз. Ал қалған 9 шабандоз дін-аман. Айта кетейік, 2013 жылғы «Тур де Франц» бәсекесі маусымның 29-ында басталады. Кәсіпқой спортшылар 21 күнде 3300 шақырымдық жарыс жолын бағындыруы керек.

0
0
279

Мұрат Кеңтонов: «Қазақстан Барысына» осалдар қатыспайды

Шын мәнінде бұл бәсекеге ең мықтылар іріктеліп, өз өнерлерін көпшілікке паш етеді. Бұл жерде кез келген балуан қарымды қарсылас болып табылады. Барлығы да біз сияқты іріктеу бәсекесінде топ жарып, өз облыстарының үмітін үкілеген оғыландар. Маусым айының соңғы жексенбісінде Астана қаласында қазақ күресініңүздігін анықтайтын «Қазақстан Барысы» бәсекесі өз жалауын үшінші рет көтермек. Бәсі жоғары бәйгеде бақ сынайтын Қостанай облысының қосқыраны қазір қызу дайындық үстінде. Соның бірі «Қостанай қыраны» атағын екінші рет иеленген – Мұрат Кеңтонов. Ел арасында «Сымайыл балуан» деген лақапатпен белгілі қазақ күресінің тарланына арнайы жолығып,әңгімелескен едік – Мұрат аға, жақында бәсі жоғары белдесуде қарсыластарыңызды айқын басымдықпен ұтып, «Қостанай қыраны» атағына тағы бір мәрте қол жеткіз…

0
0
499

«Барыс» жаңа маусымды Астанада бастайды

Бір қызығы, биыл да барлық командалар бір-бірімен екі айналымдық жүйемен түзде және үйде кездесіп шығады екен. Онда дивизиондарға бөлудің қаншалықты қажеті бар, түсініксіз? Құрлықтық хоккей лигасы жаңа маусымда додаға түсер командаларды төрт дивизионға қайта жіктеп, ойындар күнтізбесін бекітті. Алғашқы ойындарын түзде бастап жүрген Астананың «Барысы» 2013/2014 жылдар маусымын елордада бастайды. Биыл Құрлықтық хоккей лигасы сапында аздаған өзгерістер бар. Атап айтқанда, Хорватия «Медвешчак» деп аталатын клубын үкілеп қосып отыр. Ресейдің өзі Қиыр Шығыстан тағы бір команда құрып, Владивостоктан бір клубқосты. Жанкүйерлер арасында дауыс беру ұйымдастырылып, соның нәтижесі бойынша бұл команда «Адмирал» деп аталды. Содан ҚХЛ-дағы Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубынан басқасынан ойыншы жина…

0
0
298

«Ас мәзірі».

Осы аптада «Ас мәзірі» бағдарламасы сыған халқының дәстүрлі тағам түрлерімен таныстырады. Ұлттық арнадан «Ас мәзірі» бағдарламасын 23 маусым күні сағат 10.00-де тамашалаңыз!

0
0
429

Атырау гарнизонында Елбасы Жолдауы іске асырылуда

Бүгін Қорғаныс министрлігінде құрылған кешенді ақпарат насихат тобы Атырау қаласында жұмысын жалғастырды. Қырық төрт адамнан тұратын насихатшылар Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің, ардагерлер ұйымдарының, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен кездесіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгіме өрбітті. Облыс әкімімен кездескен топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов Қарулы Күштерде атқарылып жатқан ауқымды істерді баяндай келе армия мен қоғамның өзара іс-қимылын, жергілікті билік органдарының оған қосқан қомақты үлесін атап өтті. Атырау гарнизонының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру қажеттігін терең түсінетіндіктерін білдіріп, отансүйгішт…

0
0
401