ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қаржы полициясы агенттігі бюджеттік қаражатты ұрлау және жалған кәсіпкерлікпен айналысқан кезекті ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі

Қаржы полициясы агенттігі Ақтөбе қаласында бюджеттік қаражатты ұрлау және салық төлеуден жалтару мен ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға аудару бойынша қызмет көрсетумен 4 жыл бойы айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Ширяев басқарған Пикурин, Қазтаев және тағы 9 адам кірген қылмыстық топ өздеріне тиесілі фирмалар арқылы әлеуметтік маңызды объектілердің құрылысы мен қайтақұру барысына бюджеттік қаражатты ұрлау мақсатында мемлекеттік сатып алулар конкурстарына қатысқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Ақтөбе облысындағы 5 объектінің құрылысы барысында 1,9 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлаған, бұл қаражат қылмыстық топтың мүшелерімен тіркелген жалған кәсіпорындардың есеп-шоттары арқылы шығарылып қолма-қол ақшаға аударылған.

Оған қоса, ұйымдасқан қылмыстық топ 2008-2012 жылдары 10 астам жалған кәсіпорын тіркеп, коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару мен ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға аудару бойынша қызмет көрсеткен.

Жалған кәсіпорындардың қызметінен төленбеген салық түріндегі залал 16 млрд.теңгені құрады.

Қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты бюджет қаражатын ұрлау, жалған кәсіпкерлік және ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Ширяев пен Пикурин іздеуге жариялады, Қазтаев қамауға алынды, қылмыстық топтың басқа мүшелеріне қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Келітірліген залалды өтеу мақсатында айыпталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынды, оның ішінде 279 көлік құралы, 13 пәтер, 51 жер учаскесі. Бұдан басқа Ширяевке тиесілі 3,5 млрд.теңге жарғылық капиталы бар кәсіпорындардың мүлігіне тыйым салынды.

Бұл жылдың басынан бастап қаржы полициясымен әшкереленген экономика саласында әрекет еткен 15-ші ұйымдасқан қылмыстық топ.