Мазмұнға өту

Жаңа

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметтік Кеңестің әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша көшпелі отырысы болып өтті. Делегацияға Кеңестің төрайымы Айткүл Самақова басшылық жасады. Әлеуметтік Кеңес мүшелері әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде Елордадағы Шәкәрім Құдайбердұлы көшесінің бойында салынып жатқан жатақханада болды. Жатақхананың инфрақұрылысын таныстыру барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығы полковник Ильдар Гиниатулин қонақтарды аталған нысанның құрылысымен ғана емес, жалпы әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде құлағдар етті.…

0
0
753

Ресейлік футболшы Сергей Давыдов – қазақстандық Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы

Фото: rsport.ru

Қазанның «Рубинінен» «Ақтөбе» клубына жалға алу негізінде ауысқан ресейлік шабуылшы Сергей Давыдовтың құны 2,8 млн еуро, деп жазады Sports.kz.

Бұл көрсеткіш Қазақстан біріншілігінде ең үздік деп саналады. Алматылық «Қайраттың» финдік жаңа ойыншысы Алексей Еременконың құны 1,2 млн евро, ал қарағандылық «Шахтердің» армян ойыншысы Геворк Казарян – 1 млн евро, «Астананың» бразилиялық қорғаушысы Зелао, «Тараздың» португалиялық жартылай қорғаушысы Мануэль Курто мен «Ақтөбенің» өзбек шабуылшысы Александр Гейнрих – 800 мың еуро.

Қазақстандықтардың арасында құны жағынан «Қайраттағы» Жамбыл Көкейев, «Ақтөбедегі» Алексей Мулдаров және «Астанадағы» Танат Нөсербаев алғашқы орында, отандық ала доптың қас шеберлері 500 мың теңгеден алады екен.


0
0
447

Жаңадан алынған футболшылар көзге түскен тур

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында 15-турдың ойындары өтті. Бұл тур жанкүйерлер үшін бірнеше тосын нәтижелерімен қызықты болды. Ел біріншілігінде жеке-дара көш бастап келе жатқан «Ақтөбе» Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» клубымен тең түсіп, бір ұпаймен шектелді. Қаржыдан қиындық көріп, бірнеше ойыншысынан айырылған «Жетісу» клубы қайсарлықтың үлгісін танытып, ел біріншілігінің көшбасшысына дес бермеді. Ал ақтөбеліктердің ізін басып келе жатқан «Астана» өз алаңында азулы «Шахтерді» шалып жықты. Сөйтіп, басты бәсекелестерімен ұпай айырмасын қыс­қартып, ақтөбеліктерге жақындай түсті. Бұл ойында «Шахтер» жазғы трансфер кезінде Оралдың «Ақжайығынан» алған ел чем­пионатының сұрмергені Игорь Зеньковичті жасыл алаңға шығарды. Бірақ тек екінші таймда ғана. Алайда Тәжім­бетовтің о…

0
0
332

«Мұхтар Әуезов». Деректі фильм («Қазақфильм», 1989 ж.)


«Қазақстан» Ұлттық арнасында қазақ әдебиетінің өркендеп, дамуына шексіз үлес қосқан қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін деректі фильм! Ұмытылымас ұлы тұлға туралы туындыны 21 маусым күні сағат 15.25-те тамашалаңыздар!

0
0
550

«Өмір өткелдері». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, 2013 ж.)

Анасынан ерте айырылған Айсұлу әкесінің ауыр жағдайын көріп, оның қасында қалуға шешім қабылдайды. Туған еліне бес жылдан кейін оралған өжет қыз бизнес пен өмірде әкесінің жан достарының сатқындық жасағанына көзі жетеді. Енді оның өмірлік мақсаты - әкесінің бизнесімен бірге, абыройы мен ар-намысын да құтқарып қалу. Ұлттық арнада дүйсенбі-бейсенбі аралығында төл туынды - «Өмір өткелдері»!

0
0
294

«Астана — махаббатым менің». Телехикая («Қазақфильм», 2010 ж.)


Барша жұрттың мақтанышына айналған, болашағы жарқын, әсем қаладағы сан қилы тағдырларды тоғыстырған шексіз сезімдер - 20 маусымнан бастап, Ұлттық арнадағы «Астана махаббатым менің» қазақ-түрік телехикаясында!

0
0
227

«Мұхтар Мағауин». Деректі фильм («Қазақфильм», 1993 ж.)

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин туралы деректі фильм! 19 маусым күні сағат 15.10-да Ұлттық арнада!

0
1
782