Мазмұнға өту

Жаңа

«Астана Арландарының» қарсыластары белгілі болды

 

Швейцариялық Лозанна қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық команда «Azerbaijan Baku Fires», «Cuba Domadores», «Hussars Poland», «Mexico Guerreros» және «Russia» командаларымен бірге В тобына түсті. Ал А тобына «Algeria Desert Hawks», «Argentina Condors», «German Eagles», «Dolce & Gabbana Italia Thunder», «Ukraine Otamans» және «USA Knockouts» командалары кірді.

Маусымдағы бірінші кездесу Қазақстанда өтеді. «Астана Арландары» «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен жұдырықтасады.

Ережедегі негізгі өзгеріс – жарыс он салмақ дәрежесі бойынша өтеді: 49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг, 91 кг жоғары. Еске сала кетсек, алдыңғы маусымда жарыс бес салмақ дәрежесі бойынша өткен.


 
0
0
357

Шалқар Жоламанов: «Шығыстың балуандары шынайы батырлық көрсетті»

 

Осыдан екі ай бұрын бәсірелі бәсеке өтіп, сонда Айбек Бейбітті жеңген. Қазақстан біріншілігінде де Нұғымаров үздік танылды. Қажымұқан атамыздың турниріне моңғолдар, өзбектер келіп, өзге қазақ бауырларымыз кілемнен шығып қалып жатқанда, жалғыз Айбек қазақтың намысын қорғап қалған.

«Қазақстан Барысы-2012» турнирінің күміс жүлдегері Шалқар Жоламановпен сұхбат:

– Шалқар, биыл «Қазақстан Барысында» балуан ретінде бақсынамай, тікелей эфирде осы доданың комментаторы ретіндеқатыстыңыз. Осы жолы Айбек жеңіске жетеді деп ойлап па едіңіз?

– «Қазақстан Барысын» тікелей эфирде жүргізе отырып тамашаладым. Эфирдіңбасында-ақ «Айбек жеңеді» деп айтқан болатынмын. Аллаға шүкір, артықайтпаппын. Халықаралық және елішілік турнирлерде жеңіп жүріп, мынадайүлкен додамызда жеңіліске ұшыраса, онда Айбек таяқтың астында қалушы еді (күліп).

– Айбектің жеңетінін халық та алдын-ала сезгендей. Себебі Айбекке жанкүйерлік танытқан көрерменде есеп болмады…

– Осыдан екі ай бұрын елімізде бәсірелі бәсеке өткен. Сол турнирде Айбек Бейбітті жеңген болатын. Қазақстан біріншілігінде де Нұғымаров үздік танылды. Шымкентте өткен Қажымұқан атамыздың турниріне моңғолдар, өзбектер келіп,өзге қазақ бауырларымыз кілемнен шығып қалып жатқанда, жалғыз Айбекқазақтың намысын қорғап қалған.

Ол жартылай финалда моңғол балуанынан басым түссе, ақтық сында өзбек жігітінің жауырынын жер иіскеткен. Міне, осындай турнирлерде жеңімпаз болған Айбек «Қазақстан Барысында» әлсіздік танытса, расында ұят болатын еді.

Аллаға шүкір, Айбек еліміздің бас додасында да жанкүйерлердің сенімін ақтады.Сол үшін де қуанамыз, мақтанамыз.

– Біреулер сізді биылғы «Қазақстан Барысында» Мұхитқа жолынберді десе, енді бірі жеңіліп қалған деп жатыр. Шын мәнінде қалай болды?

– Мұхит екеуміз белдескен емеспіз. Шыны керек, Мұхит інілігін жасап, екі жылқатарынан маған жолын берді. Осы жолы мен ағалығымды танытайын деп шештім. Себебі, Мұхит расында да өте дарынды жігіт.

– Ал Мұхиттың өнеріне қандай баға бересіз?

– Мұхит оңай шағылар жаңғақ емес. Тікелей эфирде «Шығыстың батырлары батырлығын көрсетеді» деп айттым. Сол сөзім айдай келді. Өздеріңіз көргендей, төрешілер Мұхитқа белдесудің аяқталуына 10 секунд қалғанда ескерту берді. Ол тек сол ескертудің кесірінен ғана ұтылды.

Бірақ дәл осы жайтқа қатысты ешбір жанкүйер дау көтерген жоқ. Байсалдылықтанытты. Мұхиттың өзі де ләм-мим демей, Бейбітті құттықтап, залдан шығып кетті. Үлкенді сыйлау деген осы шығар.

Негізі, Мұхит бір жыл дамылсыз дайындалған. Бір қарағанда, сол даярлықтыңбарлығын төрешілер айналдырған 10 секундта жоққа шығарып отыр. Соғанқарамастан, Мұхит эмоциясын ішіне жасырып, мәрттік танытқанда, өз басым дән риза болдым.

– Бейбіт пен Ержан арасындағы белдесудің арты үлкен дауға ұласты. Балуан ретінде айтыңызшы, шын мәнінде кімдікі дұрыс?

– Бүк ұпайды Шынкеев алдым деп тұр ғой. Негізі күрестің төрт қыры бар. Біз жақтағы қырынан Бейбіт қолын тіреп барып құлағандай көрінсе, төрешілер Ержанның жеңіске жеткендігін дәлелдеп отыр. Қалай болғанда да төрелік етіп отырған қазылар қазақ күресінің тізгінін ұстап, майын ішкен мамандар ғой.

– Бірақ, төрешілер бастапқыда Бейбіттің қолын көтерді емес пе?

– Оныңыз рас. Алғашында түсініксіз жайт орын алды. Адам қателеседі ғой. Екеуінің күресін бейнеқайталау арқылы бірнеше рет қарап шыққан соң,қазылардың екеуі дауысын Бейбітке берсе, қалған төртеуі Ержанды жеңімпаз деп таныды.

– «Қазақстан Барысында» әр облысқа екі жолдамадан беріледі. Дегенмен шығысқазақстандық балуандардың әлеуетін ескеріп, жолдама санын көбейту керек деп ойламайсыз ба?

– Ақтық сынның алдында Айбекке: «айналайын, бірінші орын ал, келесі жылы Шығыстың атынан үш адам күресейік» дедім. «Барыстың» ережесіне сай, әр облыстан екі балуаннан қатысады, жеңімпаз аймақ қана үш балуанын үкілепқосады.

Балуандардың әлеуетін, шамасын көре келе, осы мәселенің төңірегінде біраз шу шығарғандар болды. Талай жиындарда да айтылып жатыр. Дегенмен бұл сұрақәлі де шешімін таба алмай келеді. Бұйырса, келесі жылы Шығыстың намысынүшеуміз қорғайтын боламыз. Жеңіс күтіңіздер!

– Әңгімеңізге рахмет!


 
0
0
2687

Ержан Шынкеев: «Төрешілер жолымды кескенімен, жеңісті халық алып берді»

 

Қазақ күресінен осыған дейін Бейбітпен бір-ақ рет белдескенмін. Сол кездесуде Бейбіт жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы «Қазақстан Барысында» жолымыз түйіскен жоқ. Ал дзюдода бір емес, 4-5 рет белдестік. Бәрінде де жеңіліп көрген емеспін.

– Ержан жүлдеңіз құтты болсын!

– Рахмет!

– Өткен жылы осы «Қазақстан Барысында» төртінші орынға табан тіредіңіз. Ал биыл финалға дейін жетіп, 2013 жылғы «Қазақстан Барысының» күміс белбеуін жеңіп алдыңыз. Өзіңізге разы боларсыз?

– Бірден айтайын, бұл жеңісті маған халықым алып берді. Халық ұлардай шулап, төрешілердің шешіміне қарсы болмағанда екінші орын тұрмақ, үшінші орынға да шыға алмасым анық еді. Биыл төрешілер өрескел қателікке жол берді. Оны менғана емес, бүткіл халық көрді. Ал сұрағыңызға қайта оралсам, әрине, күміс жүлдегер болғаныма разымын. Төрешілер жолымды қанша кескенімен, әділдікті сүйетін қазақ күресінің жанкүйерлері жеңісті маған тартып алып берді.

– Бейбіт Ыстыбаев жартылай финалда шын мәнісінде жеңілді ме?

– Әрине, қазір халық санасыз емес қой. Өздері күреспесе де, белдесіп жатқан балуандардың қайсысы мықты, кімнің қолы, кімнің жауырыны бірінші жерге тиді, бәрін де қырағы көздерімен көріп отыр. Бейбітпен күрескенде төрешілердіңбүйрегі соған бұрды. Ол анық байқалды. Тіпті, жеңіп тұрған адамды жеңілді деп, Бейбіттің қолын көтерді.

Бұл деген – сұмдық ұят нәрсе. Бейбіт өткен жылы «Барыс» атанды деп, биылда сүйреп, екінші мәрте сол биіктен көрсеткісі келді. Егер қазылар олай жасайтын болса, ешкімді белдестірмей, жыл сайын «Қазақстан Барысы» атағын сол жігітке бере берсін. Тіпті, осылай дүркіретіп турнир өткізудің керегі де жоқ.

– Төрешілерге қатты ренжіген сияқтысыз, қазір көңіл күйіңіз қалай?

– Көрініп тұрған әділдікті белден басып жатса, қалай ренжімейсың. Төрешілердіңқылығына мені қойып, халық шыдамай қолдарында не бар, соны қазыларға қарай лақтырды. Бастарына бөтелке жауғанда барып, төрешілер естерін зорға жиып, шешімдерін жарты сағат дегенде қайта өзгертті.

Міне, осындай төрешілердің өрескел әрекетінен «Қазақстан Барысы» қазақкүресін дамыту қорының осыған дейінгі атқарған қыруар жұмыстарына дақ түсуі мүмкін. Бұл жерде ұйымдастырушылардың еш кінәсі жоқ. Неше ай бойы ауылдан бастап, осы финалға дейін қаншама еңбек етті. Соның арқасында осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз.

Тек қана төрешілердің әрекеті ұнаған жоқ. Мен жеңіп тұрып, Бейбіттің қолын көтергенде жаным шыдамай кетті. Тіпті, көзімнен жас та шығып кетті. Алайда, артынан бәрі орынына келді. Қазір көңіл күйімде орынына түсті.

Қатты кекшіл азамат емеспін. Қазыларға деген өкпем де тарап кетті. Ендіқателеспейтін адам болмайтын шығар. Алдағы уақытта осындай жағдай болмаса екен, ешбір спортшының басына келмесе екен деп тілеймін.

– Өз ауызыңыздан естійік, Бейбітті шынымен ұттым деп ойлайсыз ба?

Мен «өйттім, бұйттім» деп айғайлағым келмейді. Бәріне Алла айғақ, халық куәболды. Кімнің басым болғанын, кімді кім ұтқанын халықтың ықыласы, пікірі көрсетеді.

– Кілем үстінде төрешілермен де, Бейбіт Ыстыбаевпен де дауласып жаттыңыз. Сол сәтте Бейбітке «жеңілдің ғой, мойындасаңшы» деп айтқан жоқсыз ба?

– Әрине айттым. Бірақ, ол ләм деп ауыз ашпады. Төрешілер барып қолын көтеріп еді, екі беті бүлк етпестен мені күмәнсіз ұтқандай қасқайып тұра берді. Негізі, Бейбіттің бұл ісі дұрыс болған жоқ. Мен Бейбітті балуан ретінде, қарсылас ретінде, жолдас ретінде, азамат ретінде қатты сыйлаймын. Әлі де солай сыйлапқала беремін.

Алайда, Бейбіт ақтық сында үшінші орын үшін белдесуге шықпай қойғаны үлкенқателік болды. Ол Бейбітке жараспайтын қылық. Бұл деген – біріншіден халықты, екіншіден осы дүркіреп өтіп жатқан доданы, үшіншіден өзін-өзі сыйламағандық.

– Бейбіт сізге финалдық белдесулер аяқталып, марапаттау рәсмі біткен соң оңаша келіп, жүлдеңізбен құттықтап, жеңілгенін мойындады ма?

– Жоқ, сол кілемге шықпаған күйі бізге көрінбей кетті. Кімге өкпелеп кетті, ол жағын білмедім.

– Осыған дейін Бейбітпен неше рет белдестіңіз? Қанша рет ұтып, нешеуінде жеңілдіңіз?

– Қазақ күресінен осыған дейін Бейбітпен бір-ақ рет белдескенмін. Сол кездесуде Бейбіт жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы «Қазақстан Барысында» жолымыз түйіскен жоқ. Ал дзюдода бір емес, 4-5 рет белдестік. Бәрінде де жеңіліп көрген емеспін.

– «Қазақстан Барысына» келесі жылы қатысу ойыңызда бар ма?

– Алла амандығын берсе…

– Әңгімеңізге рахмет!


 
0
0
599

Елордалық спортшы қыз IV Азия ойындарының жүлдегері атанды

 

Астана қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Екатерина Руденко Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жабық орынжайда өтіп жатқан әскери өнер түрлері жарысында IV Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім өтті.

Финалдық 50 метрге шалқалап жүзуден Е.Руденко әріптесінен 30 секундқа кейін қалып, үшінші орынға табан тіреді. Біздің спортшы қыздың Қытай мен Гонконгтың өкілдері алдын орап кетті.

Судағы 25 метрлік қысқа жүзу жарысында біздің команданың намысын 13 спортшы қорғайды. Олардың ішінде Астана қаласының екі спортшысы — Катя Руденко мен Дмитрий Гордиенко бар. «Кеше, Гордиенко 100 м. инд./комб фиалдық жүзуде төртінші келді.

Сондай-ақ, бүгін жүзгіштер алғашқы алтын медальді иеленді. Эльмира Айғалиева 100 м баттерфляйде 58,40 сек. уақытты көрсетіп, бірінші келді. Эльмира, сондай-ақ, 50 метрлік фристайлмен жүзуде де қола жүлде алған болатын. Сонымен қатар Роман Трусов та — 50 және 100 метр брасста қола алды. Александра Тарабрина — 50 м фристайл, Евгения Азариева — 50 м фристайл және комбинирлік эстафетада командалық есепте 4*50 алтын ерлердің қанжығасына байланды. Алда жүзуден әлі екі жарыс бар»,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жабық орынжайдағы Азия спорт түрлері мен әскери жекпе-жек түрлері бағдарламасында көбіне олимпиадалық ойындарға жатпайтын 11 спорт жарысы енген. Олардың жетеуінде қазақстандықтар медаль алу мүмкіндіктерін қолдан бермеуге тырысуда. Бүгінгі күні Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орынға сенімді табан тіреп тұр. Олардың қоржынында 2 алтын, 8 қола медаль бар. Жүзгіштерден бөлек, біздің Е-спорт өкілдері де — «Need For Speed»-те -Александр Кравченко алтын, «Special Force»-де командалық қола алды.

Жарыс 6 шілдеде аяқталады.


 
0
0
593

«Туған елге тағзым» (2-күн)

1 шілде,2013ж.

Таңертелік ас ішкен соң, Кабанбай батырдың кесенесіне жол тарттық.

Кесенеге жеткен соң,біз  Қамал Әбдірахмановпен(зерттеуші) кездесіп,таныстық.Біз ең влдымен,кесененің ішіне кіріп, құран оқытылды. Содан кейін, Қамал Әбдірахманов Қабанбай батыр жөнінде айта бастады.Ол батырды өмір бойы зерттеп келе жатқан адам екен...Көптеген сұрақтар қойылып,қызықты мәліметтер жинадық.

Қабанбай Қожақұлұлы(Қаракерей Қабанбай, Дарабоз)— батыр,қолбасшы.Ол 1692 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келді.Ол Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан.Қабанбай жеті жасында әкесі Қожақұл, ал он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады.Сөйтіп,он алты жасар Қабанбай жоңғарлардан кегін алады.

Қабанбай батыр өзінің ержүректілігімен, батырлығымен халыққа танымал.Ол 1717 жылы Аягөз шайқасына,1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысты.Қабанбай Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.Сөйтіп,оған Дарабоз деген есім береді екен.                                     Қабанбай батыр 1770 жылы дүние салады.

1992 - 1993 жылдары бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өткен.

Ал енді, кесенеге келетін болсақ,ғимарат 2000 жылы салынған болатын.Астана қаласынан 35 ки қашықтықта орналасқан.Бұл кесене  батырдың дулығасын, ал кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаның түзу формалары биікке самғауды білдіреді екен.

Қабанбай батыр кесенесі қазақ халқы үшін белгілі орны болып есептеледі.

...

Түскі ас)

Түскі астан кейін сағат 16-30 да Есіл өзенінің жағасында теплоходпен жүздік.Бәріміз Есіл өзеннің көрінісін тамашалап,дем алып қайттық.Бұл жер - дем алуға өте - мөте қолайлы жер! Астананың әсем табиғаты мен зәулім үйлері мен ғимараттары көз тартарлық...

Келесі кезде,біз "Атамекен" атты этно-мемориалды комплекске жол тарттық.Бұл комплекс биыл 1 мамыр күні ашылған екен. Бұл жерде бүкіл қазақстан жері макет түрінде кескінделген. Бәріміз осы керемет жерлермен тамашалап қайттық. Бұның ішінде кесенелер,зәулім ғимараттар,үңгірлер,тарихи- мәдени ,тағы басқа құндылықтар орналасқан.

Сонымен, осы күнгі экскурсиямыз осымен бітті...)

1
0
962