«Туған елге тағзым» (2-күн)
1 шілде,2013ж.
Таңертелік ас ішкен соң, Кабанбай батырдың кесенесіне жол тарттық.
Кесенеге жеткен соң,біз Қамал Әбдірахмановпен(зерттеуші) кездесіп,таныстық.Біз ең влдымен,кесененің ішіне кіріп, құран оқытылды. Содан кейін, Қамал Әбдірахманов Қабанбай батыр жөнінде айта бастады.Ол батырды өмір бойы зерттеп келе жатқан адам екен...Көптеген сұрақтар қойылып,қызықты мәліметтер жинадық.
Қабанбай Қожақұлұлы(Қаракерей Қабанбай, Дарабоз)— батыр,қолбасшы.Ол 1692 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келді.Ол Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан.Қабанбай жеті жасында әкесі Қожақұл, ал он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады.Сөйтіп,он алты жасар Қабанбай жоңғарлардан кегін алады.
Қабанбай батыр өзінің ержүректілігімен, батырлығымен халыққа танымал.Ол 1717 жылы Аягөз шайқасына,1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысты.Қабанбай Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.Сөйтіп,оған Дарабоз деген есім береді екен. Қабанбай батыр 1770 жылы дүние салады.
1992 - 1993 жылдары бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өткен.
Ал енді, кесенеге келетін болсақ,ғимарат 2000 жылы салынған болатын.Астана қаласынан 35 ки қашықтықта орналасқан.Бұл кесене батырдың дулығасын, ал кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаның түзу формалары биікке самғауды білдіреді екен.
Қабанбай батыр кесенесі қазақ халқы үшін белгілі орны болып есептеледі.
...
Түскі ас)
Түскі астан кейін сағат 16-30 да Есіл өзенінің жағасында теплоходпен жүздік.Бәріміз Есіл өзеннің көрінісін тамашалап,дем алып қайттық.Бұл жер - дем алуға өте - мөте қолайлы жер! Астананың әсем табиғаты мен зәулім үйлері мен ғимараттары көз тартарлық...
Келесі кезде,біз "Атамекен" атты этно-мемориалды комплекске жол тарттық.Бұл комплекс биыл 1 мамыр күні ашылған екен. Бұл жерде бүкіл қазақстан жері макет түрінде кескінделген. Бәріміз осы керемет жерлермен тамашалап қайттық. Бұның ішінде кесенелер,зәулім ғимараттар,үңгірлер,тарихи- мәдени ,тағы басқа құндылықтар орналасқан.
Сонымен, осы күнгі экскурсиямыз осымен бітті...)
