Мазмұнға өту

Жаңа

Астана. Экспедиция «тұған елге тағзым»

Саламалейкум из Астаны, здесь тучи! День 1-ый. (29.06.13) В 7:30 утра все участники экспедиции были на Ж/Д вокзале г. Актобе. Как только я зашел в здание вокзала мне выдали зеленую бейсболку с желтой надписью "NIS" Начались задаваться бесконечные вопросы родителей, ну все мы их понимаем) Затем мы все начали делать фотографии, общаться. Родителям сообщили что поезд задержится и родители могут не ждать. Так мой отец сказав "Балам, жолың болсын" уехал по делам. Мама осталась ждать с нами! На перроне мы с друзьями планировали кто какие займет места в поезде и отеле! Наконец мы дождались поезда и зашли без сумок ( для того что бы быстро занять места, а потом уже заносить груз ). В суматохе я смог найти себе место рядом с Салтанат Сулейменовной, Ниязби и Абылаем! Позже к нам присоединились Кура…

0
0
309

үшінші күн

Cәлем!Бүгін біздің экспедицияның 3-күні.Экспедицияның өту барысын қазір баяндап беремін.Бүгін ауа-райы жаңбырлы.Сыртта салқын леп соғып тұр.Таңғы астан кейін «Үш бәйтеректің»бірі,алаштың асқақ азаматы С.Сейфуллиннің мұражайына жол тарттық.Мұражай 1988ж 21 қаңтарда бой көтерген.Бізге Айнур Жетпісқызы С.Сейфуллин туралы біраз мәліметтер айтты.Қазақ халқының қазақша сөйлеуіне ат салысқан,алаш халқы үшін тағдырдың ащы мен тұщысын көрген атамыз туралы мәліметтер алу біз үшін үлкен мәртебе.Онда Сәкен атамыздың киген киімдерін,жазған хаттарын,қалдырған кітаптарын т.б көргенде өте таңғалдық.Ол «Айша»повесі,»Көкшетау»романы секілді біраз еңбектер қалдырған.Өкінішке орай,»халық жауы»деген жала жабылып,1938ж сағат 16:40-та ,44 жасында ату жазасына кесілді.Міне,Айнур Жетпісқызы бізге осындай секілді…

0
0
549

Астанада дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Астанада «Дәулет» спорт кешенінің базасында 2013 жылғы 1-5 шілде кезеңінде ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік армия спорты кеңесінің және Қазақстан дзюдо федерациясының қолдауымен дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы 35-әлем чемпионаты болып өтті. Чепионатқа барлығы 28 елден араларында әлемнің мықты дзюдошылары бар 200-ден астам спортшы қатысуда. Дүбірлі доданы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен аяқтады. 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізе бүктірген АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Елдос Жұмақанов алтын медальді жеңіп алды. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Мейірлан Баймаханбетов күміс медальді…

0
0
281

Қарулы Күштер қатарына келісімшарт бойынша қабылдау жұмыстары жалғасуда

Қарулы Күштерді офицерлер құрамымен жасақтау жұмыстары аясында Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде іріктеу іс-шаралары өткізілуде. Іріктеу барысында әскери қызметке үміткерлер дене дайындығынан сынақ тапсырып, сұхбаттасу мен психологиялық тестілеуден өтті. Іріктеу комиссиясының құрамына Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің өкілдері енген. Қарулы Күштерді офицерлермен, сержанттармен, қатардағы жауынгерлер құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру Қазақстан Қорғаныс министрлігі қызметінің маңызды бір бағыты болып табылады. Қарулы Күштердегі кадрлар саясатының негізгі мақсаты кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары мамандарды іріктеп алу. Ескі жасақтау жүйесі жаңа сипатқа ие болды, яғни келісімшарт бойынша офицерлерді, сержанттар мен солдаттарды әскери қызметке қабылдаудың жаң…

0
0
475

Астаналық әскери қызметшілер қоныс тойын тойлады

Бүгін Астана қаласы күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге пәтер кілтін табыстау салтанатын өткізді. – Әскерилерге көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру – бұл қорғаныс ведомствосы басшыларының әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі басты тапсырмаларының бірі болып табылады,-деді кілт тапсыру салтанаты кезінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов. – Баспана мәселесінің шешілуі – бұл әскери қызметшілердің ертеңгі күнге деген сенімін тудырады. Қызметке де қайтарым мол, кәсіби өсуіне деген талпынысы мен ынтасын арттырады. Мұның барлығы атап айтқанда әскерлердің жауынгерлік әзірлігіне оң әсер етеді. Жаңа тоғыз қабатты кір…

0
0
334

Елбасы әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірушілерге погондар табыс етті

Бүгін Астанада «Атамекен» мемориалының жанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әскери жоғары оқу орындарын бітірушілерге лейтенант погондарын табыс етті. Бұл іс-шара Астананың 15 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Әскери жоғары оқу орындарының түлектері Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері әскери институты, ҚР ҰҚК әскери институты, ҚР ТЖМ техникалық институты сияқты Қазақстанның түрлі әскери оқу орындарынан келіп отыр. Ұсынылған үздіктердің төртеуі Қорғаныс министрлігінің институттарында білім алған: Құрлық әскерлері әскери институтын бітіруші Ілияс Мұхамадиев және Марат Сапарғалиев, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары Владимир Ив…

0
0
547

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының кеше өткен сайыстарында қазақстандық әскери қызметшілер Өтеулиев Қажымұқан мен Тен Алина қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды кореялық, екінші орынды қытайлық спортшы иеленсе, үшінші орын тұғырына қазақстандық және бразилиялық балуандар бірге көтерілді. Қыздардың 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық спортшы жеңімпаз атанып, италиялық екінші, ал қытайлық және қазақстандық балуан қыздар үшінші орынға ие болды. «Бүгін чемпионаттың соңғы күні ауыр салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күш сынаса…

0
0
381

Еуропа лигасы: «Левски» – «Ертіс» 0:0.

Фото дереккөзі: news.guru.ua Павлодарлық «Ертіс» Еуропа лигасындағы алғашқы ойынын София қаласында болгарлық «Левскимен» өткізді. Есеп – 0:0, деп хабарлайды Қазақстан Футбол федерациясы. «Еуропа лигасында жеребе бойынша ең күшті қарсылас павлодарлық «Ертіске» түскен еді. «Левски» әуелгіде басым көрінген, бірақ павлодарлықтар жеңісті қолдан бермеді», — делінген хабарламада. Қарымта кездесу Павлодарда 11 шілдеде өтеді. «Левски» (София, Болгария) — «Ертіс» (Павлодар, Қазақстан) 0:0 Жүзеге аспаған пенальти: де Карвальо 77 Ескерту: Жоау Силва 52, С. Ангелов 74, Везалов 82 — Говедарица 6, Чичулин 48 «Левски»: Илиев, С. Ангелов, Везалов, Нуну Пинту, Мулдер, Родригес, Криштовау (Лопес 81), Гаджев (Вутов 61), Брю, Велев, Жоау Силва (де Карвальо 52) «Ертіс»: Котляр, Говедарица, Кулибали, Шомко, Куч…

0
0
314

Қазақстанның 135 спортшысы Қазан қаласындағы Универсиадаға аттанды

6-17 шілде аралығында Қазан қаласында өтетін Универсиада-2013 жарысының алдында Қазақстан Республикасының Туын көтеру салтанаты өтті. Бұл туралы sports.kz хабарлайды. Оған Универсиада ауылының вице-мэрі Инсаф Галиуллин және Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) өкілдері қатысып, спортшыларға жеңіс, жанкүйерлерге жарқын әсер тіледі. Қазақстандық делегацияның жетекшісі, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары Бауыржан Рамазанов Универсиада қожайындарына ыстық қабылдаулары үшін алғысын білдіріп, қазақстандық 135 спортшы жарыстың 14 түрі бойынша бақ сынайтынын атап өтті. Қазақстандық студенттер Бүкіләлемдік Қысқы және Жазғы универсиадаларға 1993 жылдан бері қатысып, қанжығалары 18 алтын, 21 күміс, 29 қола медальмен майланды. Студенттерд…

0
0
341