Астана, туған күніңмен!
Төл мерекесін Астана қалай атап өтті? Астана тұрғындары мен қонақтары қалай мейрамдатты, сол туралы фотолар ұсынамыз :)
Таңертең Ескі алаңда балақайлар ролик теуіп жүрді.


Еліміздің болашағы - дарынды, өнерлі жастар.

Ауа райы да Астананың күнінде нұрын шашып тұрды. Адамдар да еркін далада қыдырып жүрді. Көңіл-күй тамаша болды!

Хан шатырдың жанына бірнеше шатырлар тігілген. Соның бірінде балаларға саздан құмыра жасауды үйретіп жатты.

Мына жерде көше циркін көрсетіпті. Біз бойымыз жетпегендіктен көре алмадық :)

Хан шатырдың жанына құрылған бір үлкен шатырда концерт, түстен кейір айтыс өтті.

Астана күні мейрамында Астана халқының бір де бірі үйде қалмай, көшеге шыққандай...

Киіз үйден бүгінгі Астанаға дейін...

6 шілде күні Хан шатырда адам кептелісі болды... Ағылған адамды көрсеңіз... :)

Хан шатырдың ішінде ине шаншар жер болмады мейрам күні...

