Елбасы әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірушілерге погондар табыс етті
Бүгін Астанада «Атамекен» мемориалының жанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әскери жоғары оқу орындарын бітірушілерге лейтенант погондарын табыс етті. Бұл іс-шара Астананың 15 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Әскери жоғары оқу орындарының түлектері Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері әскери институты, ҚР ҰҚК әскери институты, ҚР ТЖМ техникалық институты сияқты Қазақстанның түрлі әскери оқу орындарынан келіп отыр. Ұсынылған үздіктердің төртеуі Қорғаныс министрлігінің институттарында білім алған: Құрлық әскерлері әскери институтын бітіруші Ілияс Мұхамадиев және Марат Сапарғалиев, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары Владимир Ив…
Бұрын хабарлағанымыздай Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының кеше өткен сайыстарында қазақстандық әскери қызметшілер Өтеулиев Қажымұқан мен Тен Алина қола жүлдеге ие болды.