Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана -арман қала!

Астана қаласындағы экспедициямыз басталды!Сағат 13:20-да Астана қаласының вокзалында бізді "Dana tour" компаниясы өте жылы қарсы алды.Сол сәттен бастап мен осы экспедициямыз өте сәтті өтетініне сенімді болдым.Бізді қарсы алғандарынан кейін елордамыздың ең жақсы деген қонақ үйлерінің бірінде орналастырды."G empire" атты қонақ үй,менің ойымша,барлығының көңілінен шықты.Орналасып болғаннан кейін, біз "Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне" бардық.Бұл мектепте біз алдыңғы жылы біз секілді экпелицияда болған Зарина және Самал атты қыздармен сұқпаттасып,олардан ақыл-кеңес сұрадық,олар да бізге өз білгендерін айтты.Бұл кездесуден кейін біз кешкі Астананы тамашаладық.Маған сол кездегі көргендерімнің бәрі  ұнағаны соншалық,мен өскенде осы жерде тұрақтаймын деп ұйғардым!

     
0
0
473

Осы тақырып бойынша

Астана -арман қала! - Yvision.kz