Мазмұнға өту

Жаңа

Екінші күн

Қайырлы кеш!Міне,Астанадағы экспедициямыздың екінші күнін де өткіздік!Бүгінгі күн өте керемет өтті! Біз экспедиция барысында Қабанбай батыр кесенесіне бардық, теплоходпен Есіл өзені арқылы Астана қаласын тамашалап,экскурсиямызды "Атамекен"атты этнопаркпен бітірдік. Осының ішінде маған қатты ұнағаны-теплоходпен қыдырғанымыз.Менің ойымша, менің сол сәтте көрген таңғажайып табиғат пен ғимараттардың қалай әдемі көрінгендігін сөзбен айтып жеткізе алмайсың! Егер, теплоходта серуендеп жүргеніңде оң мен сол жағыңа қарасаң неше-түрлі, әдемі әрі зәулім үйлерді, біріне бірі ұқсамайтын ғимараттарды тамашалауға болады.Ал, осы кездегі табиғатты айтсаңшы!!!Неткен керемет!Самал жел,жарқырап тұрған күн сәулесі,теплоход әсерінен толқын тудырып тұрған Есіл өзені,әр түрлі бейнелі ақша бұлттардың бәрі көзіңнің жауын алады.Яғни,осының бәрі сол жердің әсемдігін одан әрі үстемдей түседі.Мен бұндай ғажайып көріністі көргенімде өз өзіме «Астана неткен таң ғажайып қала!»дедім.

Ал,қазір кеш батты.Далада жаңбыр жауып тұр.Жаңбыр суы мен кешкі жарықтар шағылысып Астанамызды одан әрі көркейтіп тұр!Бір сөзбен айтқанда, Астана күндіз де,түнде де көзіңнің жауын алады.Бүгінгі өте қызықты өтті,бірақ келесі күндер бұдан да қызықты өтетініне сенемін!

1.07.2013  22:30

Қабанбай батыр кесенесі

 


Есіл өзені

Этнопарк

 
0
0
1784

Туған елге тағзым

01.07.13

День второй.

Сегодня по плану мы посетили три незабываемых места:

1-Мавзолей Кабанбай батыра

Кабанбай Каракерей – полководец казахских войск, один из знаменитых батыров, организовавших отпор казахского народа джунгарскому нашествию в XVIII в. Мавзолей Кабанбай батыра находится в одноименном сельском округе в Целиноградском районе Акмолинской области,  в 20 км южнее г. Астаны. МавзолейКабанбай батыра был построен в 2000 г. и стал местом паломничества и одной из достопримечательностей Казахстана. Оригинальное решение мавзолея – в форме воинского шлема–  подчеркивает, что он сооружен в честь воина, батыра казахских степей. Памятник архитектуры.

далее мы отправились на обед.Кстати все дни нас кормило министерство сельского хозяйства своими отменными блюдами

После обеда нас решили прокатить на теплоходе.

и далее после небольшой прогулки по Ишиму мы отправились в макетный центр-Атамекен.

       
0
0
1080

Тоғызыншы күн

Бүгін Бурабай елді мекеніне жол тарттық.

Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан.Бұл жер әсем де көрікті жерлердің бірі болып табылады.Табиғаты , ауасы да не деген керемет.Алланың осындай жерді қазаққа бергеніне алғысым шексіз. Мен оз жерiмдi мақтан тұтамын!!!

Бұл Бурабай елді мекенінің картасы

0
0
457

Туған елге тағзым

30.06.13

День 1.

Утро началось рано. В поезде. В 14:17 ощутили ожидаемую атмосферу уюта в столице.

Настроение было веселое,но физически устали все.Нас с первых моментов сопровождало туристическое агенство DANA tour. С тяжелыми сумками сонные мы добрались к выходу,где нас ожидал большой и комфортабельный автобус компании-Dmitry company. Далее не теряя ни минуты отправились в четырехзвездочный отель G-empire.Далее на "все про все" нам отвёлся час. После прибывая в легкой эйфории от великолепия мы двинулись в НИШ г.Астана ,где наас встретили некоторые представители данного заведения. Они организовали нам небольшую беседу после чего,по плану,у нас состоялась "прогулка по Астане" правда мы не гуляли в прямом смысле,но в автобусе было тоже уютно.Далее, прибывши в отель, мы разместились и пребывали полные впечатлениями от данного дня.впечатленияв автобусеНИШ Астанапрогулкапрогулка

0
0
1027

Бірінші күн

Бәріңе сәлем!Бүгін біздің Астана қаласындағы "Туған елге тағзым" атты экспедициясыздың бірінші күні.Бұл күннің өте қызықты өткені сонша,тіпті мен уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалдым.Ендеше,осы күні бойы алған әсерімді жазып кетейін.Түсте бізді вокзалда "DANA tour" атты компания өздерінің жылы лебіздерімен қарсы алып,бізді "G empire" атты төрт жұлдызды  қонақ үйге орналастырды.Қонақ үй,менің ойымша, барлығына өте қатты ұнады.Орналасып болғанымыздан кейін біз Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бардық.Мектеп іші өте әдемі.Біздің мектептегідей,олардың да тақталарында оқушылардың жасаған плакаттары,салған суреттері,коллаждары ілініп тұр.Ал,сөрелерінде көптеген жарыстардан жеңіп алған медальдары,кубоктары мен мақтау грамоталары қойылған екен Мектеп ішін аралап болғаннан соң біз акт.залға барып,алдыңғы жылы осындай экспедицияға шыққан оқушылар мен мұғалімдермен сұқпаттастық.Оларға сұрақ қою арқылы көптеген пайдалы кеңестер естідік.Олардың экспедициясының қорытындысы ретінде жасаған газеттерін,брошураларын,жазған күнделіктерін тамашаладық.Осыдан кейін барлғымыз кешкі Астананы тамашалауға шықтық.Жан-жағымызға қарап, түнгі көрініске сән беріп тұрған зәулім үйлер,парктер,гүлзарлар,ойын-сауық орталықтары және т.б. Астананың әсем жерлерін тамашаладық.Сол көріністің бәрін өз көзімізбен көріп,"Астана неткен әсем қала"деп тамсандық .Кешкі Астананы тамашалап болғанымыздан кейін қайта қонақ үйге оралдық.Енді келесі күнді тағатсыздана күтіп отырмыз.

30.06.2013   22:00

Төменде осы күнге байланысты аз ғана фотосуреттер көрсетілген!

 

0
0
872

Курсанттар парашютпен алғаш рет секірді

Құрлық әскерлері Әскери институтының әуе десанты әскерлері және әскери барлау командалық-тактикалық мамандықтары бойынша білім алып жатқан бірінші курс курсанттары АН-2 ұшағынан өздерінің алғашқы парашютпен секірулерін орындады.

 


   

Әуеге алғаш көтерілер алдында теориялық және жер үсті даярлығы өткізілді. Курсанттар тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен парашют жүйелерінің тьактикалық-техникалық сипаттамаларын, кумбездің ашылуына дейінгі және ашылғаннан кейінгі парашютшілердің іс-қимылдарын зерделеді, жерге қону тәртібін пысықтады. Сынақ тапсырғаннан кейін ғана курсанттар секіруге рұқсат алды.

   

Бірінші рет курсанттар қарусыз және жолдорбасыз секірді. Уақыт өте келе парашюттік даярлық қарқыны өскен тұста курсанттар қарумен және толық жарақтарымен, түнде, күрделі жергілікті жер жағдайында немесе суға секіретін болады.

   

Курсанттармен бірге Құрлық әскерлерлері Әскери институтының бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Руслан Қабдулинов кезекті рет парашютпен секірді. Оның есебінде 170-тен астап парашютпен секіру тіркелген. Ол тәлімгер-офицер ретінде курсанттардға жеке үлгі көрсетуді өзіне парыз санайды.

   

- Курсанттар өздерімен бірге, бір ұшақта парашютпен секіруге дайын командирлерін көрген кезде олардың моральдық-психологиялық жағдайы айтарлықтай нығайып, жауапкершілігі мен мақтаныш сезімін арттырады, өз күшіне деген сенімі нығаяды, – дейді полковник Қабдулинов.

   

Командалық пункттен курсанттардың секіруін Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов және оның әуе-десанттық даярлық жөніндегі орынбасары полковник Виктор Житник бақылады. Десант түсіру іркіліссіз өтіп, барлық десантшылар қойылған міндетті орындай білді.

   

Секіру ауысымы сапқа тұрумен аяқталып, онда Аэроұтқыр әскерлері мен Құрлық әскерлері әскери институты қолбасшылығының өкілдері курсанттардың алғашқы ерлік емтиханын табысты тапсырғандарымен құттықтады. Осының құрметіне бірінші курс курсанттарына жолақ жейделер мен парашютшілердің төс белгілері табыс етілді.

   

Курсанттар үшін көгілдір берет ең үлкен награда болды. Оны енді олар оқу кезеңінде киіп жүру құқығына ие болды. Көгілдір берет – Аэроұтқыр әскерлерінің негізін қалаған әуе десанты әскерлерінің басты символы.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
459

сегізінші күн

Біздер бүгінгі күнімізді күндегідей таңғы астан бастадық.Содан кейін КарЛаг еңбекпен түзету лагеріне бардық.

Karlag1.jpg

 
Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын.
Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсадағы қаулысы бойынша Долинка селосы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған.
Карлаг аумағында 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды.

Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын.Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсадағы қаулысы бойынша Долинка селосы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған.Карлаг аумағында 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды.

Содан кейін Қарағанды облысының НЗМ-не бардық.Біздерді Қарағанды оқушылары құшақ жая қарсы алды.Біздер олармен бірге танысып достасып кеттік. НЗМ-не бізден басқа Семей облысының оқушылары да келді. Үш мектеп болып жарыстық.Біздер ешбір қиыншылықта тайынбай бірінші орын алдық.

1
0
543

Геолог Тәттімбет

Күйші Тәттімбеттің геологиялық қызметі жайынан хабардар емессіз бе? Онда танымдық сипаттағы келесі постты оқи отырыңыз http://el.kz/bm3320

0
0
411

Этнотой — тәтті мейрам

Түрлі маңызды даталарға қатысты өткізілетін әр алуан және кейде формальды іс шаралар туралы репортаждар арасында назар аударуға тұрарлық іс-шаралар да кездеседі. Бірегей идея, өзгеше көзқарас пен әлеуметтік маңыздылық бұл іс-шараға мүлдем өзгеше сипат береді. Осындай кезде басқа қалада тұрып, бұл іс-шараға келе алмағандығыңа өкінесің.
Осындай бірегей және шынында да пайдалы іс-шара туралы мен айтқым келеді. Семейде жалпы халықтық мереке «Этнотой» аталып өтті. Ұйымдастырушылар оны Астананың он бес жылдығына арнады. Қуанышқа орай мереке сәтті өтіп, ұлттық және жыл сайын аталып өтетін мереке болатындығын дәлелдеді.

Той Орталық қала паркінде өтті. Ол екі мейрамнан құралды. Осы мезетте қазақтың ұттық мейрамы «Қымыз мұрындық» өткізіліп жатты. Үлкен жылқы үйірлері бар бай адамдар мамыр айынан мал төлдейтін жаздың отрасына дейін халықтық көңіл көтерулер өткізіп, өңірдің барлық тұрғындарына қымыз үлестірді. Осы дәстүрді «Ахау Семей» ұлттық мәдени орталықта қайта жаңғырту керек деп шешім қабылданды. Бұған қоса, қазіргі таңда қымыз өте танымал болып, оны тек қазақтар ғана емес, өзге ұлт өкілдері де тамсанып ішеді.

Себебі, қымыз өте дәмді және жаздың ыстығында шөлді қандыратын тәтті сусын. Оның ерекше шипалы қасиеттері туралы ежелден белгілі. 19-ғасырда қымызбен емдейтін шипажайлар ашылған болатын. Көне сусын туберкулез, цинга, гастрит, өт ауруларын, қан аздығын, неврастения, жүрек және қан тамыры ауруларың емдеуге болады.
Мейрамға оралайық.

Мейрамды ұйымдастыруға ерекше фантазиямен қарап, үлкен көңіл бөлген. Бес үстелде ұлттық киімге киінген қонақжай апалар барлық адамдарды сақтаған күніне байланысты қымыздың бес түрінен дәм татқызған.
Қымыздың әрбір түрі өзінің тарихи атауына ие. Мысалы, бір күн тұрған қымыз (ең әлсіз) түкеме қымыз деп аталса, екі күнік қымыз тай қымыз деп аталған. Үш күн тұрған қымыз құнан қымыз, төрт күндік қымыз дөнен қымыз деп аталған. Бес күн тұрғаннан соң қымыз ер адамдарға лайық қатты сипатқа ие болып, бесті қымыз деп аталады.

Сүйікті ұлттық сусынның осындай алуан түрлерінен мейрамқа келгендердің барлығы да дәм татты. Мейрамда Семейдің әкімі Айбек Каримов пен танымал қазақстандық боксшы Айбек Нұғымаров болды. Олар тамсана қымыз ішіп, ұллық тағамдардан ауыз тиді.
«Қымыз мұрындық» барлық ережеге сай өткізіліп, қызықты мерекеге айналды. Қанша дегенімен, бұл Семейде тұратын барлық ұлттарды біріктіретін іс шаралардың бір ғана бөлігі болды.

Этнотой – бұл өздерінің тағамдарын, дәстүрлері мен ойындарын көрсететін түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін дастархан. Барлығын Қазақстанның бас қаласы Астана туралы викторина біріктірді. Парк ортасында ұлттық мәдени орталықтардың ансамбльдері қойған концерт өтіп жатты.
Ұлттық тағамдардың шеберлері ерекше дайындалған. Үстелдердің барлығы тағамға толып, ауа тәтті иіске толды.
«Ак калфак» атты татар әйелдерінің клубы вак-беляш, түрлі қосындылары бар бәліштер (лимон, курага, мейіз, балық және ет), учпучмак, парамаш, көптеген тәтті пісірмелер мен пешенейлер толған ерекше шай үстелімен таңдандырды. Әрине, кез-келген татар үстелінің басты мәзірі чак чак.
“Возрождение” неміс мәдени орталығы жиналғандарды неміс тағамдарының алуан түрлілігімен таң қалдырды. Үлкен үстелде ащы орамжапырақ араласқан шваб шұжықтары, алма, балық пен көкеністер қосылған пісірмелер толы болды. Неміc әйелдерінің құпия қаруы – алма штруделдері.
Орыс әйелдерінің үстелін дәстүрлі самаурын безендірді. Шайға орыс пісірмелері, кулебякалар, шанежкалар мен түрлі қоспалар араласқан ватрушғалар қойылды. Олардың ішінде, ірімшік, тосап, мақ, мейіз, кураға, кепкен өрік қосылған ватрушкалар да бар.
Казак ас үйіне арналған палатка бөлек орналасты. Казактарды бірегей шелпектері пладичы осындай мүсәпір атқа ие болуы бекер емес. Әйелдер оларды ерлері соғысқа кеткенде пісіріп, қамырды илеген кезде жылаған. Шелпектер расында да құпия қасиетке ие болып, жолда қатпайды. Казактардың тағы бір ерекше тағамы - шараборки. Ішіне мейіз, жаңғақ немесе жидектер қосылған қамырдан жасалған кішкене шарлар. Әрине, ұлттық тағам – квас.
Еврей мәдени орталығының өкілдері қонақтарды еврей ас үйінің құпияларымен таныстырды. Маца – дәстүрлі нан. Еврейлер онсыз үстелге отырмайды. Кугал – түрлі жемістер мен жидектер қосылған кеспеден жасалған пісірме. Оған балық пен ет қосып та пісіруге болады. Еврей ас үйінде түрлі пісірмелер көп. Флуден атты ашық пісірмелер италияндық пиццаға ұқсайды. Оный дайындаудың бір рецепті бойынша оған саңырауқұлық, шөп пен қызанақ қосып, ірімшікпен араластыру қажет.
Шынында да ұқсайды ғой?
Өзбек дастарханын палаусыз елестету мүмкін емес. «Буюк-кележак» өзбек мәдени орталығы дәстүрлерінен ауытқымай, жиналғандарды ерекше дәмді палаумен құрметтеді. Тәтті ретінде үлкен қарбыз кесілді.

Семейде осындай шынымен тәтті мейрам өтті. Бұл шара туралы шынында да атап өту керек еді. Себебі, көп ұлтты Қазақстанда осындай іс шараларды өткізу өзіндік мәнге ие.
Біз ұлттардың бірлігі, толеранттылық туралы көп айтамыз. Осындай шараларды өткізу мен оған қала тұрғындарының ынтасы біздің жерімізде түрлі ұлттардың өмір сүретіндігінің дәлелі болып табылады.
Ұлттық тағамдар ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстанда дәстүрлердің араласуы мен бірігуі жүріп жатады. Мысалы, басқа ұлттың өкілдері қазақ тағамдарын жақсы көреді, ерекше ықыласпен бешбармақ пісіріп, қымыз ішеді. Ал қазақтар болса, орыс немесе татар бәліштері мен өзбек палауынан дәм татқынды жақсы көреді.
Бір-бірінің ұлттық, оның ішінде, ас үй дәстүрлерін білу мен құрметтеу, өзге мәдениетті тану мен түсінудегі маңызды қадам болып табылады. Ол Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте бақытты және тыныш өмір сүру үшін өте қажет.

0
0
1763