ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Курсанттар парашютпен алғаш рет секірді

Құрлық әскерлері Әскери институтының әуе десанты әскерлері және әскери барлау командалық-тактикалық мамандықтары бойынша білім алып жатқан бірінші курс курсанттары АН-2 ұшағынан өздерінің алғашқы парашютпен секірулерін орындады.

 


   

Әуеге алғаш көтерілер алдында теориялық және жер үсті даярлығы өткізілді. Курсанттар тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен парашют жүйелерінің тьактикалық-техникалық сипаттамаларын, кумбездің ашылуына дейінгі және ашылғаннан кейінгі парашютшілердің іс-қимылдарын зерделеді, жерге қону тәртібін пысықтады. Сынақ тапсырғаннан кейін ғана курсанттар секіруге рұқсат алды.

   

Бірінші рет курсанттар қарусыз және жолдорбасыз секірді. Уақыт өте келе парашюттік даярлық қарқыны өскен тұста курсанттар қарумен және толық жарақтарымен, түнде, күрделі жергілікті жер жағдайында немесе суға секіретін болады.

   

Курсанттармен бірге Құрлық әскерлерлері Әскери институтының бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Руслан Қабдулинов кезекті рет парашютпен секірді. Оның есебінде 170-тен астап парашютпен секіру тіркелген. Ол тәлімгер-офицер ретінде курсанттардға жеке үлгі көрсетуді өзіне парыз санайды.

   

- Курсанттар өздерімен бірге, бір ұшақта парашютпен секіруге дайын командирлерін көрген кезде олардың моральдық-психологиялық жағдайы айтарлықтай нығайып, жауапкершілігі мен мақтаныш сезімін арттырады, өз күшіне деген сенімі нығаяды, – дейді полковник Қабдулинов.

   

Командалық пункттен курсанттардың секіруін Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов және оның әуе-десанттық даярлық жөніндегі орынбасары полковник Виктор Житник бақылады. Десант түсіру іркіліссіз өтіп, барлық десантшылар қойылған міндетті орындай білді.

   

Секіру ауысымы сапқа тұрумен аяқталып, онда Аэроұтқыр әскерлері мен Құрлық әскерлері әскери институты қолбасшылығының өкілдері курсанттардың алғашқы ерлік емтиханын табысты тапсырғандарымен құттықтады. Осының құрметіне бірінші курс курсанттарына жолақ жейделер мен парашютшілердің төс белгілері табыс етілді.

   

Курсанттар үшін көгілдір берет ең үлкен награда болды. Оны енді олар оқу кезеңінде киіп жүру құқығына ие болды. Көгілдір берет – Аэроұтқыр әскерлерінің негізін қалаған әуе десанты әскерлерінің басты символы.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі