Бірінші күн
Бәріңе сәлем!Бүгін біздің Астана қаласындағы "Туған елге тағзым" атты экспедициясыздың бірінші күні.Бұл күннің өте қызықты өткені сонша,тіпті мен уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалдым.Ендеше,осы күні бойы алған әсерімді жазып кетейін.Түсте бізді вокзалда "DANA tour" атты компания өздерінің жылы лебіздерімен қарсы алып,бізді "G empire" атты төрт жұлдызды қонақ үйге орналастырды.Қонақ үй,менің ойымша, барлығына өте қатты ұнады.Орналасып болғанымыздан кейін біз Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бардық.Мектеп іші өте әдемі.Біздің мектептегідей,олардың да тақталарында оқушылардың жасаған плакаттары,салған суреттері,коллаждары ілініп тұр.Ал,сөрелерінде көптеген жарыстардан жеңіп алған медальдары,кубоктары мен мақтау грамоталары қойылған екен Мектеп ішін аралап болғаннан соң біз акт.залға барып,алдыңғы жылы осындай экспедицияға шыққан оқушылар мен мұғалімдермен сұқпаттастық.Оларға сұрақ қою арқылы көптеген пайдалы кеңестер естідік.Олардың экспедициясының қорытындысы ретінде жасаған газеттерін,брошураларын,жазған күнделіктерін тамашаладық.Осыдан кейін барлғымыз кешкі Астананы тамашалауға шықтық.Жан-жағымызға қарап, түнгі көрініске сән беріп тұрған зәулім үйлер,парктер,гүлзарлар,ойын-сауық орталықтары және т.б. Астананың әсем жерлерін тамашаладық.Сол көріністің бәрін өз көзімізбен көріп,"Астана неткен әсем қала"деп тамсандық .Кешкі Астананы тамашалап болғанымыздан кейін қайта қонақ үйге оралдық.Енді келесі күнді тағатсыздана күтіп отырмыз.
30.06.2013 22:00
Төменде осы күнге байланысты аз ғана фотосуреттер көрсетілген!



