Он бірінші күн (соңғы күніміз)
Бүгін біздің экспедициямызды қорытындылайтын күн.Яғни,бүгін біз Ақтөбеге жол жүреміз.Осы қызықты 10 күннің қалай өткенін мәлімдеу үшін біз Астана қаласының ФМБ НЗМ-іне бардық.Бұл жерде біз осы экспедиция бойы алған өз сезімдерімізді баяндап,слайдшоуларымызды,түсірген фотосуреттерімізді көрсеттік.Кешіміздің соңында бізге осы 10 күн бойы өте жақсы қызмет көрсеткен "DANA tour" туристік компаниясы біздің мектепке өз сыйлықтарын сыйлап,жылы лебіздерін білдірді.Содан соң,әр біреуімізге шар беріп,бәріміз естелікке суретке түстік.Сыртқа шыққан соң,сол шарларымызды әуеге ұшырдық.Неше түрлі-түсті шарлар әуеде өте әдемі көрінді)Осылай біз Астана қаласында болған "Туған елге тағзым"атты экспедициямызды өте сәтті аяқтадық.Экспедиция барысында біз тарихымызға үңіліп,қазіргімізге тамсана қарап,болашағым…