Мазмұнға өту
channel31

31 Арна

@channel31

Сайтта 2013 ж. 24 маусымКазахстан, Алматы

«31 канал» это не просто коллектив единомышленников, а целое производство по выпуску интересных и качественных программ. Команда канала всегда находится в творческом поиске, создавая увлекательное, зрелищное и доброе телевидение.

рейтинг

100

жазбалар

9

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Шілденің 15-і мен 21-і аралығында «31 арна» көрсететін фильмдерге шолу

Шаруаға қол, еңбекке жайлы болып отырған жаңбырлы жаздың дәл ортасына да келдік. Біздің құрметті оқырмандарымыз жылдың сағындырып жетер осы бір кезеңін қызықты һәм көңілді өткізіп жатыр деген үміттеміз. Ал, ұзақты күннің кешінде "31 арнадан" әлемдік киноның іліп-алар фильмдерін көру дұрыс демалысты еселей түседі. 15 шілде, яғни дүйсенбі күні сізді "Крокодил Данди" күтеді. 22.45-те экранға шығатын фильм Австралияның қиян түкпіріне келген американдық журналист пен жергілікті қолтырауын аулаушының басынан кешірген хикаяларын суреттейді. "Үздік ер адам рөлі" номинациясында "Алтын глобус" алған комедиядан табиғаттың ортасынан шыққан бас кейіпкердің тас қала Нью-Йоркке барып адам жасаған джунглиде қиындықтарға тап болғанын көре аласыз. Австралиялық аңшы Майкл Данди туралы қызық оқиғалар сейсенб…

1
0
931

«31 арна» журналистері жоғары бағаға ие болды

Мінсіз дәлелдерді алға тарту, фактілерді байланыстыра білу, қоғамның өзекті мәселелерінің шешілуіне септігін тигізу, көкейкесті тақырыптарды көтеру нағыз журналистің міндеті. «31 арнаның» еншісінде осы қасиеттерге ие болғандардың саны аз емес. Оған дәлел кәсіби мереке қарсаңында алған сан түрлі сыйлықтар мен марапаттар. 26 маусым күні Қазақстан журналистер одағы Республикалық шығармашылық конкурсының қорытындысын шығарып, үздік жұмыстарды анықтады. БАҚ жұмыскерлерінің арасындағы биылғы жылдың үздіктеріне Қазақстан журналистер одағының лауреаты атағы берілді. Жеңіске жеткендердің арасынан «31 арнаның» қатарынан екі журналист табылды. Үздік «Журналистік зерттеу» номимнациясы бойынша маңызды тақырыптарға зерттеу жасап жүрген «Сөздің шыны керек» бағдарламасының редакторы Ирина Алимжанова мен…

1
0
1685