А.ж. 15 шілдеде Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, өзге де мемлекеттік органдар мен дәстүрлі діндердің діни бірлестік басшылары, дінтанушы-ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер қатысты.
Іс-шара барысында діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын орындаудағы өзекті мәселелері қарастырылды.
