Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Австралиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтты

Орташа салмақтағы IBF чемпионы австралиялық боксшы Дэниэл Гил осы салмақтағы WBA титулының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтты, деп хабарлады allboxing.ru порталына сілтеме жасай отырып Sports.kz.

«Мен 2001 жылы Осака қаласындағы Шығысазия ойындарында Головкинмен жұдырықтастым. Мен сол кезде нашар өнер көрсеткендіктен, ол мені ұпай бойынша жеңіп кетті. Оның жетістіктерімен қатар, кемшіліктері де бар. Қазір ол барлығын өз күшімен қорқытқанымен, мен онымен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Головкинді жеңу үшін одан қорықпайтыныңды көрсету керек» — деді Гил.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
286

Осы тақырып бойынша

Австралиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтты - Yvision.kz