Үй салу 5, шығындары
Бір мекемемен келістім - бір шаршы метірге 90 доллар жұмысына алады.
Жалпы жұмысы 21 000 доллар болды. Жеріміз тегіс болмағансон, қазу жұмыстары көп болды. Тағы 3 000 долларға жұмысы өсті (1 қыркүйек 2013). 2 Қазан 2013: қазу жұмыстарына - 90 000 теңге және соған күрек, балта, ұсақ-түйек - 11 400 теңге.
Үйдін (9х13) іргетасын салуға кірістік.
Іргетастын астына салатын құм-тас араласы (ГПС) бір камаз төктік - 25 000 теңге бағасы.
Темір арқау сатып алдық: 14 мм, 5 тонна және 25мм, 5 тонна - 1 600 000 теңге кетті. Жетпеді: тағы 50 000 теңгеге сатып алдық қосымша (1 қыркүйек 2013). Тағы қосымша 5 000 теңгеге сатып алдық (5 қыркүйек 2013). 13 қыркүйек 2013: 14 мм., 6,5 тонна, 107000*6,5=695 500 теңге. 25 мм., 2,5 тонна. 107000*2,5= 267 500 теңге. Сетка 60 дана * 600 теңге = 36 000 теңге.
Бетон, М-300, 100 куб.м. - 1 300 000 теңге. Бүгін бетон құямыз, соған сорғы шақырдық - 3 сағатқа 48 000 теңгеге келістік (2 қыркүйек 2013). 10 қыркүйек 2013: іргенің бетоні құйлады, соған 48 м. сорғыға 75 000 теңге төледік, сағаты 25 000 теңге 3 сағатқа. 23 қыркүйек 2013: тұтастырғының бетоні құйлады, соған 48 м. сорғыға 75 000 теңге төледік, сағаты 25 000 теңге 3 сағатқа.
Фанера, 1*22, 2*44, 30 дана, қорама қалыпта қолданылады - 174 000 теңге + жеткізу 10 000 теңге. 8 қыркүйек 2013: Тағы қосымша алдық - 27 дана, қалыңдығы - 15мм, 4 600 теңгеден, жалпы 124 200 теңге, жеткізу - 4000 теңге.
Қарақағаз. 13 Қыркүйек 2013: 14 дана * 1600= 22 400 теңге, жеткізу - 15000 теңге.
Кірпіш. 13 Қыркүйек 2013: 50 000 дана * 24 = 1 200 000 теңге. Жеткізуі ішінде. 24 Қыркүйек 2013: цемент - 50 000т, құм - 35 000 т, қалау торы - 50 000 т, тосың - 2000 т, жеткізу - 8 000 т. 30 Қыркүйек 2013: цемент, жеткізу, қазу жұмыстары - 95 000 теңге. 2 Қазан 2013: құм бір камаз - 35 000 теңге. 8 Қазан 2013: цемент 40 қап - 1200 теңгеден = 48 000 теңге, жеткізуі - 10 000 теңге. 23 Қазан 2013: цемент 40 қап - 1200 теңге = 48 000 теңге. Осыған қоса шегелер, арқан, жеткізу, .... - тағы 52 000 теңге.
