Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әскери полиция отряды дөңгелек үстел өткізді.

Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция отрядында Қазақстан психологтар ассоциациясының президенті Владимир Стеблянконың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінен өкілдер қатысты.
Әңгіме өскелең ұрпақты тәрбиелеу ерекшеліктері жөнінде болды. Себебі әскерге баратын да осы өскелең ұрпақтың өкілдері екендігі белгілі. Сондықтан командирлердің тәрбие жөніндегі орынбасарлары әскери бөлімдердің психологтарымен бірлесе отырып, армияға шақырылатын жастағы бозбалаларды тәрбиелеу процестерінің және психологиялық  ерекшеліктерін оқып үйренулері тиіс. Бұл жерде тәртіп бұзуға бейім жастарды ерте анықтау да назардан тыс қалған жоқ.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел өткізу барысында қатысушыларға әртүрлі психологиялық тренингтер өткізілді.
Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция отрядында дөңгелек үстел өткізу бірінші рет қолға алынып отыр. Келешекте аталған пайдалы бастама тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
317

Осы тақырып бойынша

Әскери полиция отряды дөңгелек үстел өткізді. - Yvision.kz