Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы Еуразия спорттық ойындары басталды

Ағымдағы жылы 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразия спорттық ойындары өтедi. ҚР Спорт және дене­шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан барлық жағдай жасалды. Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындардың регламентiне сәйкес спортшылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медальды сарапқа салады. Жарысқа Ресейден — 288, Қырғызстаннан — 175, Беларуссиядан — 100, Тәжiкстаннан — 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы, сайысқа 1000-нан астам адам қатысса, оның 700-i — спортшылар. Жарысқа 400 төрешi төрелiк етедi. Шараның ашылу салтанаты «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенiнде 15 қыркүйек күнi, сағат 19:00-де өтедi деп жоспарланған. Ал, сайыст…

0
0
297

Мұхит Тұрсынов «Алтай барысы» атанды

Кенді Алтайда дүркіреп өткен Оралхан Бөкейдің тойында балуандар арасында «Алтай барысы» анықталды. Жазушының тарихи повесіне арқау болған өз заманында «бөрікті балуан» атанған Айпара-анаға дейін де, одан кейін де Төр Алтайда небір балуандар өткен. Алайда дәл бүгінгідей бәсі жоғары, тартымды да тартысты дода болмағанына да біраз болыпты. Атан жілік, апайтөстер қарсы келгенді айбарымен жасқаса, бұқа мойын, бура сандар белдескеннің бәрін күшімен тұқыртып жатты. Ал қайыстай тартылған ықшам денелі, қабыландай құйтұрқы қимылды тарамыс балуандар әдістің түр-түрін көрсетіп, тамашалағандарды пай-пайлатып-ақ тастады. Айбек Нұғымаровқа дейін «Қазақстан барысының» атағын иеленген тараздық Бейбіт Ыстыбаев пен қызылордалық Ұлан Рысқұловтың кілемге шығуын тағатсыздана күтіп отырған жұрт өзге балуандарды…

0
0
568

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Вуэльта» қорытындысы бойынша екінші орында


Винченцо Нибали

Австралиялық Майкл Мэтьюз «Orica» «Вуэльта» көпкүндігінің қорытынды кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші орында американдық Тайлер Фаррар «Garmin», үшінші неміс Никлас Арндт «Argos». Жалпы есепте «RadioShack»-тан америкалық Кристофер Хорнер бірінші жетсе, оның артынша «Астана» командасынан итальяндық Винченцо Нибали мен «Movistar»-дан испандық Алехандро Вальверде келді.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
205

Қазақстан — көкпардан Азия чемпионы

Астанада тұңғыш рет көкпардан өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің бас командасы бес күн бойы «Қазанат» атшабарының шаңын қаққан командалар арасында тұңғыш Азия чемпионы атанды! Сөйтіп, көпшілігіміз күткендей, Азия чемпионы деген мәртебелі атақты басқа емес, өзіміздің ұлттық құрама командамыз иеленіп, Астана аспанында еліміздің әнұранын тағы да қалықтатты. Кеше біздің құрама финалда Қырғызстан командасымен кездесіп, 4:2 есебімен ұтты. Бұл кездесуде біздің құрама Азия чемпионы атағын жеңіп алу бар күш-жігерін жұмсап, айлар бойы дайындалған еңбегінің терін төкті десе болады. Онда команданың бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев бастаған жігіттеріміз өздерінің ептілігімен, бұла күшінің мықтылығымен жұртшылық алдында жанкүйерлерін жерге қаратпай, қарсыластарынан таза, әділ өткен ой…

0
0
529

Волейбол: Қазақстанның құрамасы бірінші орынға көтерілді


Қазақстан құрамасы
Тайландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болды.

Кеше біздің волейболшы қыздарымыз Австрия құрамасын 3:1 (25:16, 25:15, 24:26, 25:18) есебімен ұтып, жалпы 9 ұпай жинады. Осының арқасында «А» тобында бірінші орынға шығып, ширек финалға жолдама алды. Бұған дейін Қазақстанның волейбол командасы өз тобындағы Тайланд пен Моңғолия командаларын жеңген болатын.

АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
1396

Қаржы полициясы аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарудың кезекті схемасын әшкереледі

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 12 қыркүйекте Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарады деген күдікпен Артур Кимді ұстады. Оған 2009-2011 жылдары республика аумағында аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсетуге арналған жалған кәсіпорындар құрумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болып табылады деген күдік тағылуда. Осы күні қылмыстық топтың белсенді мүшесі Қалиев Фархад ұсталды. Ол сонымен бірге ҚР ІІМ арнайы есебінде «Адамбаев-Нұралин» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ретінде тіркелген. Ким мен Қалиевке, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы 5 мүшесіне қатысты жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың қызметінен салық төлемеу түрінде мемлекетке келтірілген залалдың алдын-ала мөлше…

0
0
242

Ғалымдар дәлелдеген 10 «күмәнді» ғылыми ақиқат

Көптеген адамдар ғылымда ештеңені абсолютті нақтылықпен дәлелдеу мүмкін емес деп санайды. Бұл пікір скептик-дилетанттарға ғалымдар арасында мүлтіксіз саналатын пайымдаулардың растығына күмәндануға мүмкіндік береді. Real Clear Science порталы негізгі 10 ақиқатты таңдаса, Theory&Practice жобасы мәтіннің ең басты тезистерін анықтады. Эволюция теориясы шынайы Эволюция теориясы — жер бетіндегі тірі ағзалардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бірдей түсіндіретін біртұтас маңызды тұжырымдама. ДНҚ реттілігі жайлы соңғы жылдары жинақталған ақпарат бұл теорияның бұлтартпайтын дәлелі болса да, Польша, АҚШ, Грекия және басқа елдердегі бірқатар азаматтар эволюция теориясымен келіспейді екен. Өнімді жануарлардан тестілеу ақталған Америкада өнімді жануарлар арқылы сынау жүргізуді 93% ғалым мен тек…

3
1
2781

«Атамекен» патриоттық әндердің 1 республикалық байқауы — 2

"Атамекен" патриоттық әндердің 1 республикалық байқауының 2 күні. Концертті Айгүл Қосанова ашты.

Байқауды бұл жолы да Маржан Сұлтанбай мен Қанат Айтбай жүргізеді.

Патриоттық әндерді шырқауға дайындалып тұр үміткерлер.

Үміткерлер сахнада. Байқау басталды!

Қазылар алқасының құрамы өзгеріссіз.

"Атамекен" патриоттық әндер байқауында Жадыра Сахиеваның коллекциясы көрсетілді.

Сахнада Біржан Хасанғалиев. Бірнеше минуттан соң конкурс жеңімпаздары жария болады.

Қазылар алқасы сөз алды.

Гран-при Қарағандыдан келген Ұзақбаев Ерботаға бұйырды.

Ескендір Хасанғалиевтің Атамекен әні шырқалды.

Мөлдір Әуелбекова қонақ боп кеп, ән салды.

0
0
2032

«Атамекен» патриоттық әндердің 1 республикалық байқауы

Жаңаөзен қаласы, Тұяқов атындағы орталық стадионда "Атамекен" патриоттық әндердің 1 республикалық конкурсы өтті.

Міне Тұяқов атындағы Орталық стадион.

"Атамекен" патриоттық әндердің 1 республикалық әндер байқауының жүргізушілері - Маржан Сұлтанбай және Қанат Айтбай.

Маржан Сұлтанбай арнайы kaztube.kz үшін сұхбат беруде.

Патриоттық әндерді орындайтын әншілерді іріктеуге келген қазылар алқасы

Атырау қаласынан қатысқан үміткер - Венера Сағындықова.

Өмірқұл Айниязов та біздің порталға сұхбат беруде.

Жанкүйерлер лық толы :)

"Атамекен" патриоттық әндер байқауының 1 күні аяқталды.

Концертке Әли Оқапов та жетті.

Бүгінгі концертті Әли, ертеңгі концертті Роза Рымбаева аяқтайды.

0
0
2238