Қазақстандық десантшылар «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығулары өтетін ауданға ұшып кетті
Бүгін Алматы облысындағы «Жетіген» аэродромынан С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен Аэроұтқыр әскерлері десантты-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшілері Беларусь Республикасына ұшып кетті.
ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары Беларусь Республикасының аумағында 2013 жылғы 20-26 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Армения Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикалары қарулы күштерінің контингенттері қатысады.
Қазақстаннан оқу-жаттығуларға Аэроұтқыр әскерлерінің Талдықорғанда шоғырланған бригадасының десантты-шабуылдаушы батальоны қатысады. Батальон командирі капитан Әсет Серікбаев.
Осының алдында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов бастаған Қазақстан Қарулы Күштерінен іріктелген жедел топ Беларусь Республикасына ұшып барған болатын.
Қазақстандық әскери қызметшілерге Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасынан қолбасшының бірінші орынбасары – Аэроұтқыр әскерлерінің штаб бастығы полковник Талғат Исмайлов жетекшілік етеді.
– Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өздерін өз ісінің шынайы шебері екенін дәлелдеп қойған. Бүгін Беларусь Республикасына ұшып бара жатқан десантшылардың көбі бірнеше халықаралық оқу-жаттығуларға қатысқан, – деп атап өтті полковник Т. Исмайлов. – Халықаралық оқу-жаттығулардағы тәжірибесі мен жоғары жауынгерлік дайындықтарымен біздің әскери қызметшілер өзге әскери контингенттермен өзара іс-қимыл тапсырмаларын сәтті орындайтынына сенімідімін.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
