Мазмұнға өту

Жаңа

Әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үмітті ақтамады

Кеше күрестен Венгрияның Будапешт қаласында әлем чемпионаты басталды. Бірінші күнде қазақстандық балуандар үмітті ақтамады. 55 келідегі үмітіміз Расул Қалиев ирандық Фарман Хассан Рахимиден 6:0 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен, Рахими финалға шығып, Расул жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Жұбаныш кездесудің алғашқысында Қалиев кореялық Ким Сонг Уонды және қырғыз Алтынбек Әлімбаевты жеңді. Бірақ қолаға талас кезінде ресейлік Нариман Исраповтан таза ұтылды. 66 келіде Дәурен Жұмағазиевтің де жолы болмады. Ол алғашқы белдесуде қытайлық Джианфу Джангты ұтқанымен кейін канадалық Хайслен Гарсияға 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Хайслен де финалға шыға алмай, Жұмағазиев қоладан да үмітін үзді. 96 келіде Таймураз Тигиев алғашында Худербулга Боркхандты жеңгенімен ресейлік Анзор Болтукаевтан ұтылып қалд…

0
0
338

Көктемгі көңіл күй

Қазақтың қолданбалы сәндік өнері, әлемдік кеңістікте ұлттымызға тән ерекшеліктермен танымал. Ертеден бері жалғасын тауып келе жатқан бұл өнер саласы, бүгінгі таңда заманға сай жаңару жолында. Міне, осы заманауи өмір ырғағы мен ұлттық таным көрінісінің үйлесімділігін, жас гобеленші Бауыржан Досжановтың өнер туындыларынан байқауға болады. Шығармашылық жұмыстарының ішіндегі түстердің әр алуан реңктері арқылы көзге түсетін «Көктем» атты абстрактілі композициясы. Көктем мезгілінің нышаны қызғалдақ көрінісімен, жаңаруды меңзейді. Туынды динамикалық мәнерде беріліп, көктемгі көңіл-күйді сездіртеді. Кескіндемелік тілді гобелен тілімен үндестіру еркіндігі суретші шебердің аталған туындысында айрықша орын алған. Гобелен өнеріндегі ширектің кеңдігін шеберлікпен тоқи отырып, өзіндік көз қарасын, таны…

0
0
1227

Қеңістік пен тыныс үйлесімі.

Үйлесім – бұл жас суретші Самал Ұсентаеваның гобелен шығармашылығындағы бейнелік қатарында байқалатын ерекшеліктерінің бірі. Бұл мағынамен тек қазақи таным мен болмыстың, қарапайымдылықпен сұлулықтың үйлесімі ғана емес, ішкі уақыт кеңістігімен заманауи сезім мен көріністің үйлесімі. Өмір тіршілігінің тынысы, қай уақыттық кезеңде болмасын, Самал Ұсентаеваның гобелендік топтамасында өзіндік ерекшеліктерімен бақалынып отырады. «Күзгі кеш» (2009) – гобилені Ұсентаеваның шығармашылық жолының бастауы болды. Қас қағым сәт. Бірақ бұл бір уақыттылық сезім сәті аталмыш гобеленде мәңгілік бейнеге енді. Композициялық құрылымдағы, бүгінгі күнгі тұрмыстық көрсеткіш арқылы кеңістіктің қысымын көрсетсе, орталық фондағы күн мен таулы аймақ арқылы гобеленге теңдік, еркіндік, самал желдің лебізін сездіртеді…

0
0
766

Лилль ұлттық оркестрінің концерті

Бүгін Қазақстан орталық концерт залында Лилль ұлттық оркестрінің концерті болып жатыр.

Лилль ұлттық оркестрін Франциядан келген өкілдер ашуда.

Оркестр Францияның Лилль қаласынан келгендіктен залда француздар өте көп.

Сахнада Сыртқы Істер вице-министрі Волков мырза. Алғысөз сөйледі.

Дирижер Жан-Клод Казадезюстің еңбегі керемет! Ойналған әуен жаныңды тебірентіп жібереді.

Чайковскийдің шығармашылығынан да симфониялар ойналды.

Қазақстан орталық концерт залының іші сондай керемет!

0
0
463

Қазақты сынаушыларға

Қазақты сынаушыларға

Жамандау болды бір ермек,
Желбуаз сөзге кім шыдар?
«Қазақтар пәлен, түген!», - деп
Көбейіп кетті сыншылар!

Өрелі ойлар – төрелі,
Уәжді сөзге тоқтайын.
Бәлені үйіп-төгеді,
Басқада сол мін жоқтайын!

Баталы сөзі – тілегі,
Алдымен менің бабамды ұқ!
Білесіз – қатар жүреді
Жақсылық пенен жамандық!

Бұл ғұмыр – сабы қамшылық,
Уақыт – мықты емшілік.
Қазақта жетер жақсылық,
Және де бірер кемшілік!

Қиялым - өңім, түсім бе?
Қатардан қалмау - бір арман.
Сынай бер қазақ ішінде, -
Тек сөзді сыртқа шығарман!

Бақ құсы болып қонайын,
Алашым – ардақ ұйымым.
Басқаны сынау - оңайың,
Өзіңді сынау – қиының!

Жеңіс те - ұғым мың түрлі,
Түзелген еңбек, төзімнен!
Жақсартам десең ұлтыңды -
Әр қазақ, баста өзіңнен!

0
0
295

ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды

Бүгін Астанаға ЕҚЫҰ және АӨЫСШК мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар мен өкілдер келді. 16-19 қыркүйек аралығында шетелдік бақылаушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды. Қазақстан Республикасының бастамасымен бұл іс-шараға қатысуға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің өкілдері алғаш рет шақырылып отыр. – Қазақстан Вена құжаты шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін уақтылы әрі толық орындауға барынша маңыз береді, – деп атап өтті генерал-майор Б. Майкеев өз баяндамасында. – Біз ЕҚЫҰ механизмдері…

0
0
383

Жұмысымызды жалғастырамыз

Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар! Сіздермен де сұхбаттасатын мүмкіндіктің сәті түсті-ау, әйтеуір! Жаз айлары айтарлықтай жылы болмаса да, Табиғат-Анамыз сыйлаған күннің жаманы жоқ. Не десек те, жаздың аты жаз. Сондықтан да болар, көпшілік қауым демалу, жол жүру сияқты басқа да өзінің маңызды шаруаларын жаз айларына межелейді емес пе. Бұдан мен де тысқары қала алмадым. Үш айға жуық уақыт үнсіз жатқан себебім де сол. Осы уақыт ішінде менің де отбасылық өмірімде біраз жағымды жаңалықтар орын алды. Маған жеткен жақсылық сіздерге де жұғысты болсын. Алдымызда қыркүйектің мизам шуағымен бірге жаңа жоспарлар мен жаңа жетістіктер мезгілі келе жатыр. Әсіресе, дара тұлға ретінде жетіле түскенге не жетсін, солай емес пе? Сондықтан да жазғы үзілістен кейін Орталығымыздың өз жұмысын қайта жандандыраты…

0
0
431

«Турбо-трафик» туралы тағы да біразырақ сөз!

Қымбатты достар, "Турбо-трафик" туралы тағы да біразырақ сөз!
Тиімді ұсыныс – трафиктің қосымша көлемін сатып алу мүмкіндігін пайдалана отырып, сіз екі айға дейін өзіңіздің ағымдағы тарифтік жоспарыңыздың бағасымен ең үздік параметрлері бар тарифтік жоспарды пайдалана аласыз!

Қымбатты достар, "Турбо-трафик" туралы тағы да біразырақ сөз!

Тиімді ұсыныс – трафиктің қосымша көлемін сатып алу мүмкіндігін пайдалана отырып, сіз екі айға дейін өзіңіздің ағымдағы тарифтік жоспарыңыздың бағасымен ең үздік параметрлері бар тарифтік жоспарды пайдалана аласыз!

 

0
0
434

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті

2013 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОҚМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің аңшылық шаруашылығы секциясының отырысын өткізді.

Кеңестің бұл секциясы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, халықаралық тәжірибені ендіру және инвестицияларды тарту салаларын реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беру мақсатында құрылған.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/09/3127-64/

0
0
278