Қаржы полициясы локомотивтерден дизельдік жағар май ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі
Шығыс Қазақстан облысы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері локомотивтерден аса ірі мөлшерде дизельдік жағар майды ұрлаудың қылмыстық схемасын анықтап, оның жолын кесті.
Тергеуге сәйкес Семей қаласының тұрғыны А.Қарабев басқарған және құрамына оның жақын туыстары мен «Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының қызметкерлері кірген қылмыстық топ 2012-2013 жылдары 56,7 тонна мөлшерінде дизельдік жағар май ұрлаған.
Тергеу анықтағандай, дизельдік жағар майды ұрлау келесі схемамен жасалған:
«Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының локомотив машинистері құжаттарға жалған мәлімет енгізу арқылы жағар майдың жұмсалуын жоғарылатып көрсеткен, сөйтіп артық мөлшерін қалыптастырған.
Одан соң «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесінің диспетчерлері алдын-ала сөз байласу арқылы локомотивтердің темір жол тупиктерінде рұқсатсыз тоқтатылуын ұйымдастырған. Онда машинистер жағар майды күтіп тұрған бензовоздарға құйған. Шамамен 200-ден 2000 литр жағар май құйылып отырған.
Одан әрі бензовоздар қылмыстық топ мүшелері Жұмаханов пен Қарабаевтың басшылығымен ұрланған жағар майжды Семейдегі жағар май стансаларына сатуға жеткізіп отырған.
Қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оның қызметіне қатысу факілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Бұдан бұрын сот санкциясымен топтың белсенді мүшелері Жұмаханов пен машинист Мананов қамауға алынған болатын, 11 қыркүйекте топ басшысы Қарабаев қамалды. Топтың тағы 7 мүшесі ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.
Қылмыстық істер тергеуледе, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
