Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақтелеком» АҚ мини-футболдан турнир өткізді

«Қазақтелеком» АҚ өңірлік жеңімпаздар мен Алматы және Астана қалаларының командаларының арасында мини-футболдан ІІ турнир өткізді. Турнир Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Салауатты ұлт - берік мемлекет» үндеуін іске асыру аясында және «Қазақтелекомның» 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. Турнирге өңірлік жеңімпаздар – «Солтүстік» (Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Оңтүстік» (Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Шығыс» (Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Батыс» (Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Астана» (Астанателеком) және «Алматы» (Алматытелеком) командалары қатысты. «Қазақтелекомның» ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры Марат Әбділбековтың айтуынша, салауатты өмір салты компания қызметкерлері үшін маңызды мәселе б…

0
0
566

Қазақстан Қорғаныс министрлігі күзгі әскерге шақыру науқанын бастады

Қазақстанда қазан айының 1-інен бастап жастарды күзгі мерзімді әскерге шақыру басталады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 10 мыңнан астам адамды шақыру жоспарлануда. Әскерге шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығымен жүзеге асырылады. Науқан қарсаңында шілде мен қыркүйек айлары кезеңінде мерзімді әскерге шақырылуш…

0
0
438

Мұхтар Құл-Мұхаммед атақты актер Жерар Депардьемен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының  мәдениет және ақпарат министрлігінде М.Құл-Мұхаммед пен атақты француз актері Жерар Депардье мырзамен кездесуі өтті.

Тараптар кинематография саласында серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Депардье мырза министрге "Қазақфильм" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан қазақстандық жобалар мен болашақтағы кино саласындағы жұмыстардың жоспарлары туралы баян етті.

 

0
0
428

Академиялық есуден Азия чемпионатында Қазақстан үздік бестіктің қатарына енді

Академиялық есу
Қытайдың Луанда қаласында 25-29 қыркүйек күндері академиялық есуден ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Бұл жарыста ел құрамасы жалпы командалық есепте 3 күміс, 3 қола медальмен 5-орын алды. Атап айтқанда Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, Мария Василева мен Мария Поида жұптық жарыста және командалық жарыста ел қоржынына 3 күміс медаль салды. Жекелей сында Александра Опачанова 2 бірдей қола жүлдені иеленді. Ал ерлер арасында ел қоржына түскен жалғыз қоланы жұптық жарыста Григорий Феклистов пен Дмитрий Филимонов қосты.

Енді 13-18 қазан айында Самарқандта жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты болады. Жалпы Азиялық есу федерациясы 1982 жылы құрылған болатын. Ол қазіргі таңда 32 елдің ұлттық федерацияларының басын қосып отыр.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
407

Әйелдер боксынан жасөпірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар 1 алтын, 6 күміс, 9 қола медаль олжалады

Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан 21-28 қыркүйек күндері жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Онда жастар арасында 28 елдің және Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА атынан қатысқан) 149 боксшының арасынан қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль олжалап командалық есепте үшіші орын алды. Атап айтқанда Гаухар Ермекбай (69 кг) әлем чемпионы, Айдана Арапбаева күміс және Алуа Барлықбекова (48 кг), Валентина Халзова (75 кг), Анастасия Рилина (81 кг) қола жүлдегер атанды. Ал жастар арасында 29 елдің және АIВА атынан қатысқан 150 боксшының арасынан қазақстандықтар 10-орын алды. Ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен Назерке Жұрғараева (46 кг), Әсел Асқарова (48 кг), Балауса Мұздыман (54 кг), Любовь Хассиева (66 кг), Ақмарал Шамшиденова (80 кг) әлем чемп…

0
0
462

Алматыдағы дзюдо академиясы бір-бір жарым жылдың ішінде пайдалануға беріледі — ҚР Дзюдо федерациясы

дзюдо академиясы
Алматы қаласында бой көтеретін дзюдо академиясы бір-бір жарым жылдың ішінде пайдалануға беріледі.

Бұл туралы «KAZsport» телеарнасына сұхбат берген ҚР Дзюдо федерациясының вице-президенті Марат Мықтыбеков мәлім етті.

Айта кетейік, Алматыда алғаш рет өткен дзюдодан әлемдік Гран-би бәсекелері аясында қала әкімі Ахметжан Есімов пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Дзюдо академиясының капсуласын салтанатты түрде қалаған болатын. Жаңа ғимарат Байзақов пен Шевченко көшелері қиылысында орналасқан спортта дарынды балалардың республикалық мектеп-интернаты аумағында бой көтереді.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
448

Олимпияда Сочи олимпиадасының алауы жағылды

Ерте дәуірде Олимпиадалық ойындар өткен грек жеріндегі Олимпияда 2014 жылы Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиаданың алауы жағылды. Салтанатты рәсім ежелгі стадион орнында өтті, деп хабарлады РБК. Салтанат олимпиада жалауын көтерумен басталды, хор РФ мен Грекияның мемлекеттік әнұрандарын орындады. Мінберден ресми адамдар — Олимпия мэрі Ефтимиос Котзас, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах (Олимпияға келу оның ХОК президенті ретіндегі шетелге алғашқы сапары болды), «Сочи-2014″ ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дмитрий Чернышенко және Грекия Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Сприос Капралос сөз сөйледі. Олимпиада алауын абыз рөлін орындаған актриса жақты, білте параболалық айнаның ішіне орналастырылған болатын және күн сәулесімен тұтанды (бұл олимпиадалық отты гректің күн құ…

0
0
495

«Астана» баскетбол командасының таныстырылымы өтті

Бүгін елордада «Астана» баскетбол клубының жаңа маусымының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Sports.kz. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен ұйымдастырылған, биыл «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрылымына кірген команда өзінің тарихындағы үшінші баскетбол жылына кірісуге әзірленуде. Кездесуге көптеген жанкүйерлер, спортшылар, журналистер қатысты. Баспасөз мәслихатында елордалық клуб өкілдері жаңа маусымда ВТБ Бірыңғай Лигасында және басқа турнирлерде астаналық командадан жанкүйерлер не күте алатыны туралы әңгімеледі. «Самұрық-Қазына» қоры табысты спорттық жобаларды әрдайым да қолдап отыратын болады. Биылғы жылы «Астана» баскетбол командасы «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірді, енде таяудағы болашақта бұл жоба да біздің велокоманда сияқты Қ…

0
0
723

Письма из Шымкента. Гәп

Айнур Нуртай поучившись в США, поработав в больших городах, вернулась в родной город. Здесь тоже жизнь бьет ключом, иногда по голове. О ней она и будет рассказывать читателям Esquire.kz в своих письмах. На выходных сходила с мамой на ГӘП – большинству это слово мало о чем скажет, но на Юге все знают, что значит «сыграть в гәп». Шымкентские женщины не сидят по кофейням, не ходят в ночные клубы, зато один раз в месяц собираются вместе – соседи, родственники, коллеги – и весело, с пользой проводят время. Правила игры в гәп и сама игра незамысловатые. Жребий определяет того, кто предоставит дом и накроет на стол. Затем устанавливается сумма сбора с каждой участницы – обычно не меньше 10 тыс. тг. – на часть из них хозяйка накрывает стол, а на оставшееся может купить себе все что захочет. Гәп о…

0
0
1586