Жедел мәліметі
Өткен аптада 2013 жылғы 23 мен 28 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша:
- 86 әкімшілік іс қозғалды;
- 6 721 473 теңге сомасында айыппұлдар өндіріліп алынды;
- 8 қылмыстық іс қозғалды.
26.09.2013 жылы Алматы қ. бойынша КБД қызметкерлерімен жалпы құны 22 732 615 теңгеге халық тұтынатын тауарлардың контрабандасының фактілері анықталып, жолы кесілді.
Экономикалық контрабандасының фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде.
26.09.2013 жылы жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылының маңайында «Қордай» кеденінің және Жамбыл облысы бойынша КБД қызметкерлерімен ҚР азаматы ұсталып, одан жалпы салмағы 119 кг марихуана - есірткі заты алынды.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
