Жедел мәліметі
Өткен аптада 2013 жылғы 9 мен 15 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша:
- 106 әкімшілік іс қозғалды;
- 1 570 168 теңге сомасында айыппұлдар өндіріліп алынды;
- 7 қылмыстық іс қозғалды.
Атырау облысы бойынша КБД қызметкерлерімен ҚР ҚК 209 бабының 1 бөлімі бойынша Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы 2008 жылы шыққан жалпы құны 4 235 000 теңге «Toyota RAV4» маркалы автокөлігін заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облысы бойынша КБД қызметкерлерімен Қостанай облысы бойынша ІІД ҰҚҚКБ бірлесе ЖІШ нәтижесінде Беларусь Республикасының жалған құжаттарымен ҚР жол полициясы органдарына тіркеу есебіне қойылған 2007 ж.ш. «VOLKSWAGEN CARAVELLE T5» маркалы автокөлігін ҚР ҚК 209 бабының 1 бөлімі бойынша Кеден одағы аумағына контрабандалық әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Контрабандалық жолмен әкелінген автокөліктің кедендік құны 1 756 736 теңгені құрады. Кедендік төлемдермен салықтардың төленбеген сомасы 2 377 514 теңгені құрады.
