Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда қазіргі бессайыстан Әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Алдағы уақытта Қазақстанда қазіргі бессайыстан Әлем чемпионаты өтуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті. «Біз барлығын ретімен жасап жатырмыз ғой. Азиада ойындарын өткіздік, енді Универсиада, ал одан кейін Олимпиада межесі бар. Сол сияқты бессайыста да Азия чемпионатынан бастап, кейін Әлем кубогы кезеңдері, сонан соң Әлем чемпионаты деп осылай сатылап өткізуге біздің жағдайымыз бар», — деді ол. Бүгінде еліміз көптеген спорт түрінен ірі сайыстарды өткізуге қауқарлы екеніне тоқталған Е. Қанағатов: «Бастысы — бессайыс бойынша Азия чемпионатын тиісті деңгейде өткізу. Жақсы спортшыларды даярлауды жалғастыру керек. Яғни, бұл бағытта елімізде Әлем чемпионатын өткізу үшін жақ…

0
0
249

Әлем чемпионатында қазақстандықтардан 16 боксшы жартылай финалға шықты

Бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатының ертең жартылай финалдық ойындар өтеді. 22 қыркүйекте басталған бұл дүбірлі додада жастар — 10, жасөсіпірімдер 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған болатын. Қазақстан құрамасынан жартылай сынға жастардан 10 боксшының бесеуі, жасөспірімдерден 13 боксшының он бірі бірдей сүрінбей шықты. Енді Әлем чемпионатының жүлдесі үшін Алуа Балқыбекова (48 кг) украиналык Ханна Охотамен, Айдана Арапбаева (60 кг) Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) ұсынған Симранжит Каур Баатхпен (Simranjit Kaur Baatth), Гаухар Ермекбай (69 кг) америкалық Саманта Мариа Киншенмен (Samantha Maria Kinchen), Валентина Халзова (75 кг) польшалық Елзбиета Уожсикпен (Elzbieta Wojcik) , Анастассия Пылина (81 кг) ресейл…

0
0
353

Жансая Әбдімәлік жастар арасындағы шахмат чемпионатында «күміс» жеңіп алды

Он үш жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлемдік шахмат додасында екінші орын алды, деп хабарлады vesti.kz. Әбдімәлік жарыстың шешуші 13-ші турының алдында ресейлік Александра Горячкинадан жарты ұпай қалып қойған. Нәтижесінде, Горячкина өзінің соңғы партиясын жеңсе, қазақстандық Индияның өкілі Рут Падминимен тең ойнаған. Чемпион болған ресейлік барлығы 10 жарым ұпай жинаса, Әбдімәлік 9,5 ұпаймен тоқтады. Сондай-ақ, үшінші орын үшін тағы бір қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова ойнаған болатын, оған медаль алуға 0,5 ұпай жетпеді. Қосымша көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде Сәдуақасова 8,5 ұпаймен жетінші орынға жайғасты. Әбдімәлік пен Сәдуақасовадан басқа турнирде тағы екі қазақстандық — Бибісара Асаубаева және Жанна…

0
0
470

Хоккей: «Барыстың» жеңісті жолы жалғасуда

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Донбасс» (Украина, Донецк) командасын ұтып, қатарынан бесінші рет жеңіске жетті. Бұл мачта да «Барыстың» хоккейшілері шабуылға шебер команда екендігін тағы бір мәрте танытты. Астаналық клуб ойынның бірінші кезеңінде-ақ қарсыластар қақпасына үш бірдей шайба соқты. Оның барлығы үш минуттың ішінде іске асты. Дастин Бойд дубль жасап, екі шайбаның авторы атанса, Талғат Жайлауовтың тамаша пастарын Федор Полищук пен Максим Спиридонов шебер іске асыра білді. «Донбасс» тек екі шайба ғана соға алды. Қорытынды есеп — 4:2. Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайды олжалап, ҚХЛ-дың жалпы турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 21 ұпай бар. Одан бір саты жоғары тұрған «СКА»-да (Санкт-Петербор) — 22 ұпай. Алайда ол «Барыстан» бір мат…

0
0
221

Қазақ хоккейшісі — ҚХЛ-дің үздік шабуылшысы

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Талғат Жайлауов Құрлықтық хоккей лигасының үздік шабуылшылары тізімінде бірінші орынға көтерілді. ҚХЛ-дің ресми сайты хабарлағандай, хоккейдегі «гол-пас» жүйесі бойынша Т.Жайлауов 13 ұпай жинады. Жаңа маусым басталғалы бері ол үш шайба соғып, 10 нәтижелі пас берді. Атап айтқанда, «Авангардпен» болған ойында Т.Жайлауов бір шайбамен көзге түссе, «Автомобилистке» қарсы матчта екі бірдей шайбаның авторы атанды. Ал кеше «Донбасспен» өткен ойында ол тағы екі нәтижелі пас беріп, «Барысты» жеңіске жетеледі. Бүгінде Құрлықтық хоккей лигасының үздік шабуылшылары тізімінде Т.Жайлауов көш бастап тұр. Оның әріптесі — Наджел Доус үшінші орында. Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Астана қаласының «Барыс» хоккей клубында қазақтың тек бір хокке…

0
0
435

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысы туралы баспасөз ақпараты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысына қатысты.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/shanhay-yntymaktastyk-uyymyna-mushe-memleketterdin-bas-prokurorlarynyn-11-shi

0
0
1231

ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ (М.Құрсабаев, Амрина М.С, Мазбаев О.Б, Аяпбекова А.Е)

Сағаттардың оқу жоспары бойынша бөлінуі Атауы Сағаттардың жалпы саны Семестр 1 Семестр 2 Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы Дәрістер 30 2 30 Практикалық (семинар), лабораториялық 15 1 15 Курстық жұмыс (КЖ) - - - Емтихан (Е), сынақ (С), СӨЖ, СРСП Э 45 45 3 45 45 45 Пәннің мақсаты мен міндеті Мемлекеттік оқу стандарттарына сәйкес оқытылатын «Туризм» мамандығымен сәйкес осы берілген пәнді оқуда студенттер міндетті: СТУДЕНТТІҢ ТАНЫС БОЛУЫ ҚАЖЕТ: болашақ маман ретінде басқару мәдениетін және белгілі бір ұйымның атынана туристік бизнеспен айналысатын ұйымның жоспарын құруға байланысты теориялық дағдылар. БІЛУІ ҚАЖЕТ: туристік бизнесті жоспарлау мен ұйымдастыруды, инновациялық технологияны енгізуді және ұйымдастыруды басқару функцияларының бірі ретінде қарасытруды, туристік бизнестің негізгі функ…

0
2
3863

Сағадат Нұрмағамбетов

Бүгін Алматыда Кеңестер Одағының батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті көпшілік соңғы сапарға шығарып салды. Аты аңызға айналған адаммен қоштасу Абай атындағы академиялық опера және балет театрының ғимаратында өтті. Туған туысқандар, достар, әріптестер, қызметтестер, сондай-ақ жүздеген қазақстандықтар Сағадат Нұрмағамбетовпен қоштасуға келді. Қоштасу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен бүкіл Қарулы Күштердің жеке құрамы бір минут үнсіздікпен армия генералы Сағадат Қожахметұлы…

0
0
2059

Қазақстандық жауынгерлер тағы да үздік көрінді

Бүгін Беларусьтің Осиповический полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуының салтанатты жабылу рәсімі болды. Қорытынды жасау үшін әскери бөлімнің саптық алаңында оқу-жаттығуға қатысушылар: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан жедел топтары мен қарулы күштерінің әскери контингенттері сапқа тұрды. Бұрын хабарлағанымыздай оқу-жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 600-ден астам адамды құрады. Оқу-жаттығуға Қазақстанның Қарулы Күштерінен Талдықорғандағы десанттық-шабуыл бригадасының 130-дан астам жауынгері, сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының офицерлері қатысты. Бүгін қазақстандық офицерлер, сержанттар мен солдаттарға үлкен к…

0
0
297

Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы

Ақмолада 1988 жылдың 20 ақпанында ашылған Сәкен Сейфуллин мұражайы атақты ақын, революционер, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, халыққа насихаттауды өзіне мақсат етті. Мұражай ХІХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХ ғ. басында салынған ғимаратта орналасқан. Екі ағаш үйдің біреуі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған. Сәкен осы үйге жұмыс бабымен келіп жүрген. Екінші үй - Мұражайдың әкімшілік үйі – бұрын Сәкеннің досы, дәрігер Благовещенскийдің үйі. Мұражайдың 8 залында Сейфуллиннің сирек кездесетін кітаптары, фотоқұжаттары мен мұрағат материалдарының фото және ксерокөшірмелері, тұтынған заттары жинақталған. Сәкен Сейфуллиннің жұмыс кабинеті. Мұражайда 6000-ға жуық материалдар бар. Кіреберістегі гобелен Білдірер тілегіңіз болса, пікір-лебіз кітабына на…

10
3
10770