Камералдық кедендік тексеру- кедендік бақылаудың ерекше түрі
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі- Кодекс) 199 бабында қарастырылған кедендік бақылау нысандарының арасында, әдетте тауарларды шығарғаннан кейінгі жүргізілетін, «кедендік тексеру» түріндегі кедендік бақылау «нысаны» ерекше рөл атқарады.
Кодекстің 211-бабына сәйкес, кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргізеді.
Кодекстің осы баптың 7-тармағына сәйкес, кедендік тексеру камералдық кедендік тексеру немесе көшпелі кедендік тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Кеден органы орналасқан жерде және тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ ұйғарымды ресімдеместен жүргізуіне байланысты, камералдық тексеру нысаны тексерулердің ең кең таралған түрі болып табылады. Бұл ретте, камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.
Кодекстің 220-бабына сәйкес, камералдық кедендік тексеру кедендік декларацияларда көрсетілген мәліметтерді, тексерілетін тұлға табыс еткен коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарды, бақылаушы мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметі туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.
Камералдық кедендік тексеру аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамдары Кодекстің 221-1 бабының 1-тармағында қарастырылған мәліметтерді көрсете отырып, тексеру актісін жасайды.
Камералдық кедендік тексеру актісінің көшпелі кедендік тексеру айырмашылығы, бұл акті түрі кеден органының басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітілмейді.
Егер кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған болса, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
Кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, хабарлама салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда, кеден органымен кедендік төлемдер, салықтар, және өсімпұлдар бойынша берешекті төлеу туралы хабарлама шығарылып, Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіпке сәйкес тексерілетін адамға жіберіледі.
Кедендік тексеру тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпейтін бұзушылықтар анықталған жағдайларда, кеден органымен бекітілген нысанға сәйкес, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап қойылады, ол тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір мезгілде табыс етіледі немесе жолданады.
Бұл ретте, бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
ОҚО бойынша КБД
құқықтық қамтамасыз ету
бөлімінің бас маманы
Л.Нарбекова
