Мазмұнға өту

Жаңа

Курсанттар арасында армиялық жекпе-жек ұрысы бойынша чемпионат өтті

Алматыда Қазақстан Қарулы Күштерінің ІІ Спартакиадасы шеңберінде әскери-қолданбалы және спорттық ойын түрлері бойынша армиялық жекпе-жек ұрысынан чемпионат өткізілді. Армияшылардың Орталық спорт клубы ұйымдастырған бұл жарысқа Қазақстандағы әскери оқу орындарының курсанттары қатысты. Чемпионатқа қатысуға Қорғаныс министрлігінің барлық әскери оқу орындары тапсырыс берді. Спорттық аламанда болашақ офицерлермен бірге Кадет корпусының тәрбиеленушілері де күш сынасты. Олардың арасында өздерінің жас айырмашылықтарына қарамай жақсы спорттық дайындықтарға қол жеткізіп, әртүрлі жарыстарда бірқатар жетістіктерді бағындырған кадеттер бар. Чемпионаттың абсолюттік және жалпыкомандалық бірінші орынын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жеңіп алды. Аталған институттың курсанттары…

0
0
1300

«Астана Операмен» бірге өткен шаққа саяхат

«Астана Опера» жас театры тұңғыш рет Үлкен мен «Ла Феничені» қабылдайды «Астана Опера»театрының Әлемдік тұсаукесері қарсаңында,16 қазанда Ресейдің Үлкен театрының мұражайы мен итальяндық «LaFenice»мұражайы қорларының «Ұлы есімдер» атты көрмесі өтеді. Үлкен театрдың мұражайы сахнасында өнер көрсеткен көрнекті опера мен балет әртістеріне арналған «Ұлы есімдер»атты көрмені ұсынады. Көрермендер назарына XIX – XX ғасырдағы театр қойылымының бірегей 27 костюмі қойылады.Барлық костюмдердің тарихи және мәдени құндылығы жоғары. Олар паршадан бастап, жібекке дейін әртүрлі матадан тігілген. Әлемге әйгілі опера және балет тұлғалары киген костюмдер тізбегі экспозицияның өзегі болып табылады. Экспонаттар ішіндегі ең маңызды әрі көрнектісі: Г.С. Уланованың «Ромео мен Джульетта» балетінде кигенДжульеттан…

0
0
466

Моңғолия қазақтары Джимми Нельсон көзімен

Ағылшын фоторафы Джимми Нельсон әлемнің көне мәдениеттерімен жақынырақ танысып, халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін әлемге әйгілі ету мақсатында Before They Pass Away жобасын бастаған. Бұл жоба аясында фотосуретші Эфиопия, Индонезия, Кения, Намибия, Непал, Сібірге саяхат жасаған. Моңғолияның Баян-Өлгей ауданындағы қазақтары да Нельсон назарынан тыс қалмапты. Жобаның нәтижесі болған 10 суретті «Екпіннен» тамашалаңыздар. "Қазақ дәстүрлерінің арасындағы ең көнелерінің бірі – бүркітшілік. Екі ғасырдан астам уақыт қазақ ерлері бүркітпен аң аулауға шыққан. Қоян, түлкі, тіпті қасқыр сияқты тау мен дала жануарларының қазақтар үшін терісі құнды болған" "Қазақтар арасында ауызша тарих кең тараған. Әр қазақ азаматы өз ата-тегін жеті атасына дейін білуі міндет" "Қазақтардың ата-бабаларына…

8
4
4760

Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау жолында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 2010-2014-жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру мақсатында, біз жаңа Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын құрдық. Мәліметтерді өңдеудің жаңа ақпараттық-коммуникациялық орталығы базасында бұлттық есептеулер тұжырымдамасына негізделіп құрылғанқызмет түрлері көрсетілетін болады: бұлттық серверлік платформа, мәліметтерді сақтаудың бұлттық жүйесі, мәліметтерді өңдеудің виртуалдық резервтік орталығы, бизнеске арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивті қарым-қатынас және ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық бейнеконференция…

0
0
855

Шегінерге жол жоқ, артымызда Бажалар!

Отандық телехикаялардың қатары жақында тағы бір жаңа туындымен толығатын болды. «B.A.S. production» шығармашылық тобының қолға алған «Бажалар» атты комедиялық жанрдағы телехикаясын жуырда көретін боламыз. Бажа – туыстық атауға жататын ұғым. Нақтырақ айтсақ, апалы-сіңлілі немесе туысқан қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне бажа болады. Бажалар арасында өзара туыстық байланыс болмаса да, кез келген отбасында ерекше ықыласқа бөленеді. Олардың өз қыр-сырлары, ешкімге айтылмайтын құпиялары, оған қоса тек өздеріне тән әзіл-қалжыңы бар. Назарларыңызға ұсынылатын жаңа топтама үш бажа, үш достың хикаялары жайлы болмақ. Қазақы көрермендердің жанына жақын болатын бұл телехикаяның ерекшелігі - қарапайым отбасына бажалардың келуі. Олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастардың жаңа қырларын ашуға себ…

4
1
4878

Қазақстан Қорғаныс министрлігі 2014 жылдан бастап АҚШ әскери жоғары оқу орындарында оқу үшін кандидаттарды іріктеуді бастайды

Келесі жылы Қазақстан Қорғаныс министрлігі АҚШ-қа төрт қазақстандықты оқуға жібереді. Кандидаттардың әрқайсысы «West Point» Құрлық әскерлері әскери академиясы, Әскери-теңіз күштерінің академиясы, Әскери әуе күштерінің академиясы, Жағалау күзеті академиясы сияқты беделді жоғары оқу орындарында білім алатын болады. Оқу мерзімі 4 жыл. АҚШ-та әскери білім алуға тілек білдіргендер тұрғылықты жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге өтініш білдірулері қажет. Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 7 қазан мен 20 қараша аралығында жүргізіледі. Кандидаттарға мынадай талартар қойылады: 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жасы 17-23 аралығында, үйленбеген болуы тиіс. Үміткерлердің орта білім туралы аттестатының болуы, сондай ақ олар ағылшын тілін жетік білуі қажет, бұл ретте білімін растайт…

0
0
1174

Асхат Еркімбай: «Оқытушы — бірінші кезекте, шығармашылықтың адамы, ол — робот емес»

Айжан Кәрібаева журналист Бүгін елімізде Ұстаздар күні аталынуда, бұл мерекеге орай интернет саласында жүрген көптеген журналист, блогерлерге ұстаз бола білген адаммен сұхбат жасауды жөн көрдік. Жаңа медиа, Қазнет дегенде көп жағдайда Асхат Еркімбай есімі бірге аталады. Кезінде "Өрімтал" блогын оқымаған, блог жайлы одан кеңес алмаған қазақ блогшылары кемде-кем. Ал білмейтіндері болса, бүгінгі қонағымызды қысқаша таныстырып өтсек. Асхат Еркімбай - көпшілікке қазақ блогосферасының іргесін қалаушы ретінде белгілі журналист, блогшы. Колумбия университетінде, Малайзияда білімін шыңдаған. "Жаңаеуразия" сайтының редакторы, "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы жетекшілерінің бірі болды. АҚШ, Ларами қаласындағы University of Wyoming магистранты. Асхат Еркімбаймен болған сұхбатта оның оқытушылықт…

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Жас Ұлан» республикалық әскери-патриоттық ойыны болып өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің қолдауымен Семейде «Жас Ұлан» бірінші республикалық әскери-патриоттық ойыны өтті. Ол Шоқан Уәлиханов атындағы ер балалар мектеп-лицейінің базасында болды. Ойынға Шығыс Қазақстан облысының, сондай-ақ Алматы және Павлодар қалаларының мектептерінен 19 команда қатысты. Ойын барысында жоғары сынып оқушылары ойын элементтері бар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысты. Ойын бағдарламасы бірнеше түрге бөлінеді: зардап шеккен адамды тасымалдау, кедергілер жолағынан өту, аралас эстафета, жерді шартты минадан тазарту, автоматты бөлшектеу және жинау, саптық тәсілдерді орындау. Ойын ахуалы барынша әскери-далалық жағдайға жақындатылған. «Жас Ұлан» әскери-патриоттық ойыны бұрын танымал болған «Зарница» ойынының үлгісінде құрастырылған, бірақ оны ұй…

0
0
440

83205 әскери бөлімінің аға сержанты Ақмола өңірлік гарнизонының ең үздік жүргізушісі аталды

Бүгін Астанадағы елордалық десанттық-шабуыл бригадасы автодромының базасында «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атағына байқау-конкурстың қорытынды кезеңі болып өтті. Байқау финалында әскери жүргізушілер іс жүзінде өздерінің шеберліктерін көрсетті. Олар КАМАЗ-43114, ГАЗ-3302, ВАЗ-21214 автомобильдерімен мәнерлеп жүргізу және маневр жасау элементтерін, «сегіздіктен», ирек жолдан, жыра көпірінен және серпантиннен мүдірмей өту тапсырмаларын орындады. Төрешілер конкурсқа қатысушыларды бес балдық шкала бойынша бағалады. Жауынгерлік сайыстың қорытындысы бойынша 83205 әскери бөлімінің аға сержанты Есов Медет үздік әскери жүргізуші Кубогын жеңіп алды. Құрметті екінші орынды 23366 әскери бөлімі старшинасы Ахметов Қолқанат иеленді. Үшінші орын 48411 әскери бөлімі сержанты Орманов Мақса…

0
0
524