Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Курсанттар арасында армиялық жекпе-жек ұрысы бойынша чемпионат өтті

Алматыда Қазақстан Қарулы Күштерінің ІІ Спартакиадасы шеңберінде әскери-қолданбалы және спорттық ойын түрлері бойынша армиялық жекпе-жек ұрысынан чемпионат өткізілді. Армияшылардың Орталық спорт клубы ұйымдастырған бұл жарысқа Қазақстандағы әскери оқу орындарының курсанттары қатысты.

Чемпионатқа қатысуға Қорғаныс министрлігінің барлық әскери оқу орындары тапсырыс берді. Спорттық аламанда болашақ офицерлермен бірге Кадет корпусының тәрбиеленушілері де күш сынасты. Олардың арасында өздерінің жас айырмашылықтарына қарамай жақсы спорттық дайындықтарға қол жеткізіп, әртүрлі жарыстарда бірқатар жетістіктерді бағындырған кадеттер бар.

Чемпионаттың абсолюттік және жалпыкомандалық бірінші орынын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жеңіп алды.

Аталған институттың курсанттары әртүрлі спорттық жарыстарға тұрақты түрде қатысып, бірінші орынды бағындырып жүр.

Пресс-служба МО РК

0
0
1287

Осы тақырып бойынша

Курсанттар арасында армиялық жекпе-жек ұрысы бойынша чемпионат өтті - Yvision.kz