Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі басталды

Астанадағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің ғимаратында «Жас ұлан-2013» ХV республикалық әскери әндер фестиваліне қатысушыларды финалдық тыңдаулар басталды.

Финалға үшінші іріктеу турынан өткен әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың жеңімпаздары қатысады. Сондай-ақ фестивальге басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысып, фестиваль қонақтары өнер көрсетеді деп күтілуде. Барлығы финалға әртүрлі бөлімдер мен әскери оқу орындарынан келген 250-ге жуық орындаушылар мен шығырмашылық ұжымдар қатысады.

-    Бұл фестиваль тұңғыш рет елордамыз – Астана қаласында өткізіліп отыр. Фестивальдің мақсаты Қарулы Күштердің имиджін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметшілердің шығармашылық әлеуетін қолдау болап табылады – деп Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов атап өтті.

Республикалық фестивальге қатысушылар «орындаушы-вокалистер», «фольклорлық орындаушылар», «вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар» атты үш номинациядағы конкурстық бағдарламада өнер көрсетеді.

«Жас ұлан» фестивалі ҚР Қарулы Күштерінде 1997 жылдан бері әскери ортадағы көркемөнерпаз шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларды дамыту үшін өткізіліп келеді. Ол әскерлерде кеңінен танымал. Шығармашылық көркемөнерпаздар әскери қызметшілер мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде үлкен орын алады.

«Жас ұлан-2013» фестивалі лауреаттарының гала-концерті 2013 жылғы 12 қазанда астаналық «Конгресс-холл» концерт залында өткізіледі.

ҚР ҚМ баспасөз қызметі

0
0
418

Құрметті қонақтар!

 

Бүгін «Жас Ұлан» ұйымдастырған медиафорумның тұсауы кесілді ҚМО-да шеберлік сағаттары өткізілді. Тоқтаға кетейік,соның ішінде Германия мемлекеттінің БАҚ үкілдерімен еркін,ашық кездесу ұйымдастырылды «Жас Ұланның» жас тілшілері қойған сұрақтарына қанағаттандырарлық жауаптар алды. Сабақта ой-санамызға түйгеніміз: журналистиканың қиын және жауапкершіліктікті қажет ететіндігі.кездесу соңынан қолдабалар алдық. Келер куненде осындай қызықтар күтеміз!

Орынов Анес.

 
0
0
794

Алғашқы күн!

 

Бүгінгі күн біз үшін ерекше болды Себебі біз- жас журналисттер БАҚ медиафорумына қатыстық және де «Қазмедиа ортылыққа» бардық.Онда біз шеберлік сыныбына қатысып, журналистика жөнінде көп ақпараттар білдік. Содан кейін неміс  делегаттырмен кездесіп,олармен де пікір алмастық. Өте тамаша болды! Ең қызықты жағдай мынау болды:  жолсерік Айгерім ханыммен ҚМО араладық.Сойтіп екінші қабатқа жеделсатымен бармақшы болып лифтіге міндік. Бірақ біз жағдайлырымен лифт бұзылып,біздің топ сонда қалып қойды. Кейін жеделсаты іске қосылып, сыртқа шығып,қорқынышымыз бысылды.Түскі ас ішкен соң,Нұр Отан орталығына барып тағы да шебер сынып өткіздік.Онда да журналистика жәйлі сөз№ Пікір алдымасып,жаңа ақпараттар алдық. Бәрі тамаша болды! Бұңын барлығын ұмытпаспыз!

Еркебулан Осербай

 
0
0
511

Ішкі істер органдарының қызметі туралы ақпарат

Апта ішінде 6 696 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2 875 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 613 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 17 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 75 қылмыскер ұсталып, 3 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 46 қылмыс анықталды, оның ішінде 21 сату фактісі. 53 келіге жуық есірткі заты, соның ішінде 140 граммнан астам героин заты тәркіленіп алынды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D0%B4%D0%B5%D1%8F%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D1%8153

0
0
544

Қаржы полициясы ауқымды операцияның нәтижесінде жарты миллион шөлмектен артық есепке алынбаған алкоголь өнімін заңсыз айналымнан алды

Қаржы полициясының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Тутынушы» ЖШС мен «Vin Нouse» ЖШС өндіруші зауыттарында жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану арқылы есепке алынбаған алкоголь өнімдерін сатудың қылмыстық сызбасын әшкереледі.
Осыдан бұрын, 2013 жылғы қыркүйекте Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысында темір жол вагоны мен «Газель» маркалы автомашинасын анықтап, олардан «Тутынушы» ЖШС мен «Vin Нouse» ЖШС өндірілген жалған есепке алы маркалары жапсырылған 20 мың шөлмектен астам алкоголь өнімі алды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 208-бабымен (Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі тергеу барысында «Тутынушы» ЖШС мен «Vin Нouse» ЖШС-нің Шымкенттегі арақ-шарап зауыттарының аумағында есептен тыс қалған алкоголь өнімін шығаруға қолданылыған есепке алу приборлары орнатылмаған құрал-жабдықтар анықталды.
«Тутынушы» ЖШС мен «Vin Нouse» ЖШС-не тиесілі арақ-шарап зауыттарының аумағында, қоймаларында, сондай-ақ дүкендері мен көтерме сауда орталықтарында жүргізілген тінтулердің нәтижесінде заңсыз айналымнан жарты миллион шөлмектен астам есепке алынбаған алкоголь өнімі алынды.
Оған қоса, барлығында бір номер көрсетілген әлі жапсырылмаған 49 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркасы алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
Басқа аймақтарда да аталған өндіруші зауыттардың есепке алынбаған өнімін анықтау және тәркілеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

0
0
745

Қаржы полициясы агенттігінде қаржы пирамидалардың қызметіне қарсы тұру мәселелері жөніндегі заңжобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің сапарлық отырысында талқыланды

Ағымдағы жылғы 8 қазанда Қаржы полициясы агенттігінде  ҚР Парламенті Мәжілісінің Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің ҚР «Қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңжобасын (бұдан әрі – заңжоба) талқылау бойынша сапарлық отырысы өтті.
Отырысқа Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Р.Т.Түсіпбеков, оның орынбасарлары, Агенттік бөлімшелерінің басшылары, Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы Р.Ж.Мұқашев, жұмыс комиссияның мүшелері – Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Заңжоба бойынша Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы Р.Ж.Мұқашев, жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.Қожахметов және Агенттіктің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Ж.Еламанов сөз сөйледі.
Қаржы пирамидасы инвестицияларды тартудың нысаны болып табылады, онда тартылған ақшалай қаражаттар бойынша табыс оларды тиімді іс немесе тауарға салу арқылы емес, жаңа салымшылар мен ақша қаражатын тарту арқылы алынады.
Сонымен бірге болашақ салымышларды олардан кейін келген салымшылар ақшасының есебінен бірінші кезекте төлеуді уәде етеді.
Осылай пирамида схемасында пирамиданың «астындағы» адамдардың көбісі үстіндегі саны аз тұлғаларға ақшасын төлейді.
Қорытындысында бұның барлығы елдің экономикасында маңызды рөл атқаратын инвестициялардың көлемін төмендетуге, мемлекеттік органдарды ешқандай шара қабылдамауына айыптауға және залалды бюджет қаражатынан қайтару талабына әкеп соғады.
Сондықтан қаржы пирамидалардың жұмыс істеуін әшкерелеу мен жол бермеу бойынша шаралар кешенін қабылдау және заң жүзінде біздің аумақта олардың жұмысына тыйым салу ұсынылып отыр.
Заңжобасын қабылдау азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін, оған қоса қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары жұмысының тиімділігін арттырады.
Бұдан басқа, Агенттіктің Ахуалдық орталығының тұсау кесері өтті. Бұл қолда бар ақпарат көздерінің негізінде қауіпті оқиғаларды анықтауға, қылмыстарды жасау схемаларын орнатуға, туыстық, әлеуметтік және т.б. белгілер бойынша субъектілердің арасындағы айқын және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған талдау кешені.
Депутаттарға Ахуалдық орталық жұмысының қағидалары, оның талдау және профилактикалық қызметінің нәтижелері туралы айтылды.
Ақпараттық көздермен жұмыс қаржы полициясы үшін ерекше маңызды, өйткені бюджет қаражаттардың қимылы, шаруашылық субъектіліренің арасындаға өзара есептесулер мемелекеттік дерекқорларда жиналады.
Бұндай жұмыстық маңыздылығы мен тиімділігі қаржы полицейлері қылмыстық қызметтің белгілерінің бар болуы немесе жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттың кейбір көлемін алыста отырып жинауға мүмкіндік беруі, содан соң нақты қауіпті субъектілер мен мәселелі зоналар бойынша жұмыс істеуге болады.
Ахуалдық орталықтың және қаржы полициясы талдау бөлімдері қызметкерлерінің жасаған жұмысының арқасында 3 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынды.

Агенттіктің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Жанат Еламановтың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:http://finpol.gov.kz/rus/info/vist/?cid=0&rid=13653

Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын департаментінің бастығы Марат Сексембаевтың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:http://finpol.gov.kz/rus/info/vist/

0
0
452

Сөмкеңізде не бар?

 

 

 

 

 

Айжан Байтанова

журналист

«Екпін» астаналық арулардың сөмкелеріне әлі де қызығушылық танытып жүр. Бүгін Әйгерім Кеулімжай мен Айгүл Жамалованың «сырлас құрбыларына» фотосаяхатты тамашалаймыз.

Әйгерім Қазнетте @AKY нигімен белгілі. Сөмкесіне үнемі салып жүретін үш нәрсе туралы қойылған сұраққа "кілт, әмиян және телефон" деп жауап берді. Өзінің айтуынша, тарақтың болғаны да артық емес.

- Бұл сөмкемді Болгарияға іссапарға барған кезімде алып едім,- дейді Әйгерім.

Италиядан әкелінген кілт салпыншағының арғы жағында дискілі күнтізбе орналасқан.

Ювижендағы алғашқы блогшылардың бірі Айгүл Жамалованы @Aigul4itai нигі бойынша оңай тауып ала аласыздар.

- Мен үшін сөмке тек қажет нәрселерімді тасымалдаушы құрал ғана, мүлдем сөмкеқұмар емеспін,- дейді өзі.

Айгүлдің сөмкесінде міндетті түрде әмиян, қызметтік куәлік және телефон болуы керек.

- Мен өзім еркіндікті жақсы көремін. Кейде телефонымды өшіріп, үйге тастап та кеткім келеді. Бірақ, мамандығым ондай мүмкіндік бермейді, біз тәулігіне 24 сағат байланыста болуымыз керек, - дейді журналист ару.

- Бұл паспорт мұқабасын Киевтен алып едім. Оны сатып алудың өзі бір әңгіме болды, дүкенді тауып алуыма үш сағат кетіпті,- деп еске алады Айгүл.

Бүгінгі кейіпкерлеріміздің сөмкелерінде косметиканың басты орын алмайтындығын байқадыңыз ба? Сіздің сөмкеңіз де сондай ма, әлде косметичкаға айналып кеткен бе? :)

Қазақстан Қорғаныс министрлігі: Кәсіби армия – болашақтың армиясы!

Қазақстан Қорғаныс министрлігі алдағы екі жылдың ішінде кәсіби армияға көшу процессін аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан әскері аралас принцип бойынша жасақталуда. Қарулы Күштерде мерзімді қызметтің жауынгерлері де, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де қызмет етеді. Бұл ретте қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери қызметшілердің 65 пайызы келісімшарт бойынша қызмет атқаратынын атап өткен жөн. Мерзімді қызметтегі сарбаздардың санын қысқарту шақырушылар санын азайту есебінде жүргізіледі. Егер шақырылушының жоғары білімі болса, онда ол 6 айдан соң келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруға құқылы, ал қалғандары бір жылдан соң келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыра алады.

–    Қазір Қорғаныс министрлігі бойынша 12 мыңға жуық мерзімді қызметтің сарбаздары қалды. Біз осы күзде 6 мың жауынгерді запасқа шығарып, 1,5 мың адамды әскер қатарына шақырамыз. 2014 жылдың көктемінде тағы 6 мың жауынгер запасқа шығарылса, 1,5 мың адам әскер қатарына шақырылатын болады. Уақыт өте келе осы мың жарым шақырылушы 500 адамға дейін қысқармақ. 2016 жылы армиямызды 99 пайыз кәсібилер құрайтынына сенімдімін, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері лайықты еңбекақы мен әлеуметтік пакетті иеленіп, тұтастай тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 10 жылдан кем қызмет еткен әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы төленетін болады. Ал алыс гарнизондағы әскери қызметшілер үшін тұрғын үйлер тұрғызылады. 2014 жылы 500 үй салынады. Қорғаныс министрлігі 2017 жылға дейін барлық әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге лайықты білім алу мүмкіндігін де ұсынып отыр. 2014 жылы 1 қыркүйекте Ұлттық қорғаныс университеті Щучинскіден Астана қаласына көшіріледі. Болашақта Сержанттардың академиясын немесе институтын құру жоспарланып отыр. Офицерлер мен сержанттар 8 жыл әскери қызмет еткен соң Қорғаныс министрлігінің есебінен шет мемлекеттердің оқу орындарында білім ала алады.

– Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың талабы бойынша Қазақстанның Қарулы Күштері саны аз, дайындалған, кәсіби және қазіргі заманғы әскери техникалармен жабдықталуы тиіс. Бұл уақыт талабы, өйткені қазір әскери іс-қимылдарды жүргізу өнері өзгерді. Бүгінде операциялардың табысын жаңа қару-жарақтар, технологиялар мен техникалар шешеді. Осы қару-жарақтарды игеріп, оларды қолдану үшін бізге жан-жақты дайындықтан өткен жоғары сыныпты мамандар қажет, – деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабының бастығы.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы алғашқы үгіт-насихат науқаны шеңберінде 7 мың адам келісімшарт негізінде қызмет етуге ниет білдірді. Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша кезекті іріктеу шараларын 2014 жылдың басында жүргізеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
515

Петропавлда ІІД ардагерінің ұрланған сағаты табылды.

«Петропавл ІІБ екінші бөлімінің қызметкерлері соңғы уақытта Жұмысшылар кентінде тіркелген пәтер ұрлықтарын ашу бойынша жұмыс істеді. Нәтижесінде полицейлер бұдан бұрын сотталған 27 жастағы жергілікті тұрғынның ізіне түсті. Тәркіленген кепілзатты билеттерге қарағанда, ол алтыннан жасалған бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған, ал сондай ұрланған заттардың біреуі – атаулы сағаттың алтын емес екенін көріп, оны көз көрмейтін жерге көміп қойған»,- деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Мәдина Балғашұқова.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/E850F7302D4A5C91E044002655122E6A

 
0
0
340

Заманына қарай конфеті

Қазан айының 8 жұлдызында  еліміздің  елордасы Астанада  «Тілші болғым келеді» атты балалар медия-форумының алғашқы күні өтті.

 

Әдетт киндер сюрприз шоколадынан ойыншық шығатынын білетін едік, ал «Жас Ұландықтар» сенсация жасады. Конфет ішінен флешка шықты. Мұндай конфет Қызылордалық Айсұлуға бұйырды. М м м Айсұлу конфет тәтті ме екен әлде, флешка жақсы мекен?

 

«Жеті күнде» де тыным таппаған «Азамат» -Ринат Кертаев бір сейсенбісін жас тілшілерге арнады

 
0
0
438