Қазақстан ірі планмен — 2013
Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) кәсіби және әуесқой фотографтар арасында «Қазақстан
ірі планмен - 2013» республикалық байқауын жариялайды.
Байқау мақсаты: Байқау қатысушыларына сурет арқылы бүгінгі Қазақстан туралы
өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру .
Байқау шарттары:
Ұсынылған суреттер нақты жағдайларды көрсету, нақты мәселелерді ашу және
таңдап алынған тақырыпқа тың, авторлық көзқарасын білдіру керек.
Тақырыптар :
1. Адам құқықтары ( азаматтық-саяси құқықтар, менталды ауруы бар
адамдардың құқықтары, инклюзивтік білім беру )
2. БАҚ және ақпарат бостандығы ( БАҚ-тың қоғамдық пікірге әсер етуі,
ақпараттық қоғам, БАҚ және ақпараттық технологиялар )
3. Азаматтық белсенділік ( жастар бастамалары мен қазақстандық
жастардың түрлілігі, азаматтық білім беру, пікірлесу алаңдары, әлеуметтік
өнер, қоғамның игілігі үшін жаңа технологиялар, теңдік, толеранттылық )
4. Қоғамның олардың мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдауға қатысуы
( бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті басқару, қоғамдық тыңдаулар мен
жиналыстар және т.б. )
5. Қоғамдық диалог.
Қатысушыларға келесі қадамдарды жасау керек :
1-қадам : Таңдап алған тақырып бойынша баспа және цифрлық бейне сапаларына
жауап беретін 5 (бес) авторлық суреттен тұратын портфолиясын дайындау.
Графикалық редакторлар арқылы өңделген суреттер қарастырылмайды.
Файл форматы: JPEG немесе TIFF
Түсі бойынша үлгі: RGB
Көлемі (разрешение) : 3000*2000 пиксель
2-қадам : Хатқа тіркелген сұраным үлгісін толтырып, суреттермен қатар жіберу
3-қадам : 2013 жылғы 20 қазанға дейін суреттер мен толтырылған үлгіні
(2-қадам) [email protected] электрондық мекенжайға немесе пошта
(CD-да) арқылы төмендегі мекенжайға жіберіңіздер:
050000 Алматы қ.
Желто қ сан көш. , 111а, 9 -кеңсе
« Фотобайқауға » деген белгімен
Ескерту : Суретпен қатар толтырылған кестені қатар жібермеген үміткерлердің
жұмыстары қарастырылмайды .
Жеңімпаздар СҚҚ-ның Сарапшылар комитеті мүшелерінің санынан құралған арнайы
қазылармен анықталатын болады.
Суреттерді іріктеу талаптары
∙ Орындау сапасы
∙ Композициясы
∙ Авторлық ұстанымы
Жүлделік қор
Әр номинация жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.
Бірінші орын – 60 000 теңге
Екінші орын – 45 000 теңге
Үшінші орын – 30 000 теңге
Қосымша ынталандыру сыйлықтары қарастырылуы мүмкін.
Фотобайқаудың қорытындысы 2013 жылғы 4 қарашада жариялатын болады.
Марапатталған фотожұмыстардың авторлары суреттерді СҚҚ-ның қызметінде
пайдалануға жай авторлық құқық беруге дайын болуы керек. Жеңімпаздардың
суреттері СҚҚ-ның дайындап жатқан галереясына еніп, Қор басылымдарында
пайдаланылатын болады.
Қосымша ақпарат
Сұрақтар пайда болған жағдайда Қордың қоғаммен байланыс жөніндегі
үйлестірушісі Әйнел Қайназароваға келесі байланыс құралдары арқылы
хабарласуларыңызға болады: [email protected], тел: 8 (727) 258 13 54 (і/н
104), ұялы тел: 8 777 244 77 63.
