Қазақстан Қарулы Күштері «Шығыс-2013» жаттығуын өткізуде
Бүгін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағында «Шығыс-2013» халықаралық жедел-стратегиялық оқу жаттығуы басталады. Жаттығу 8-қазанда басталып 14 қазанда аяқталады. Оған Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жетекшілік етеді.
Жаттығу бір мезетте Шығыс, Көктал, Изенді және Майлин полигондарында басталады. Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлерінің құрамалары: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, мотоатқыштар, артиллерия бөлімшелері, Аэроұтқыр әскерлердің бөлімдері, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің авиациясы қатысады.
ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер жауынгерлік басқару органдары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында оқу-жаттығуға Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінен жедел топ тартылатын болады.
Командалық-штабтық нысанда өтетін оқу-жаттығу барысында басқару органдары өздерінің тұрақты орналасу пункттерінде бағынысты құрамалар мен бөлімдерді басқару жөніндегі оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтайды.
«Шығыс-2013» оқу-жаттығуын өткізу барысында әскерлер жауынгерлік даярлығының жоспарлы іс-шаралары: бригадалық және батальондық тактикалық оқу-жаттығулар, артиллерия бөлімшелерінің оқу-жаттығуларыұшу-тактикалық оқу-жаттығулар, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің тактикалық жаттығулары өтеді.
Басқару органдарының күштері басқару органдарының шартты қарсылас әскерлер топтамасын жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдар кезіндегі жедел үйлесімділігін пысықтау өткізілетін оқу-жаттығу негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жаттығу қорытындысы бойынша Бас штаб басшылығы Қарулы Күштерді басқару жүйесінің жай күйін тексеріп бағалайтын болады.
Оқу-жаттығу шаралары басқару органдары мен әскерлерді бір мезетте белгіленген уақытта жауынгерлік әзірлікке тұрғызумен басталып, жоспарланған оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындап болған соң алдағы аптаның ортасында аяқталмақ.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
