Мазмұнға өту

Жаңа

Республикада дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге қарастырылған

2014 жылға арналған бюджеттің жобасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге көзделген. Аталған кешендер 70 пайыз республикалық бюджеттен, 30 пайыз жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде өткен қоғамдық кеңес отырысында ведомство басшысы Ерлан Қожағапанов айтты. Оның мәліметінше, бүгінгі таңда республика бойынша спорттық кешендерге деген жалпы қажеттілік 1 млн.-нан астам шаршы метрді құрайды. Ал қазіргі бары 587 шаршы метр, яғни 44 пайыз ғана. Сонда қазіргі тапшылық 747 мың шаршы метрді құрап отыр. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға кәсіби спорт резервін даярлау үшін, жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру сабақтарын өткізу және жалпы халықтың сауығуы үшін пайдаланылатын дене шынықтыру —…

0
0
356

12 жасар қазақстандық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионы атанды

12 жастағы қазақстандық — Никита Тымченко ҰПҚ нұсқасы (Ресейдің Ұлттық паурлифтинг қауымдастығы) бойынша әлем чемпионы болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазан айының басында Екатеринбургте қүш сынасу спорт түрі бойынша «Алтын жолбарыс» дәстүрлі фестивалі өтті. Ол жеті жыл қатарынан өтіп келеді, және осы жолы оған үш мыңнан астам спортшы қатысып, ал көрермендер саны он мыңнан асып жығылды. «Алтын жолбарыс» «Арнольд Классик Еуропаны» басып озып, Еуропадағы осындай жарыстардың озығы болып саналады. Турнир шеңберінде ҰПҚ нұсқасы бойынша әлем чемпионаты өткізілді. Қарағандыға жақын орналасқан Теміртаудың үш спортшысы бірдей Екатеринбургте чемпион атанды. Қазақстан қауымдастығының өтініші бойынша жарысқа қатыстырылған 12 жастағы Никита Тымченко 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өз салмағын көт…

0
0
403

Футболдан Еуропа чемпионатының іріектеу додасындағы Қазақстан мен Беларусьтің жастар құрамасы арасындағы ойын 1:2 есебімен аяқталды


Еуропа чемпионатының іріктеу додасындағы Қазақстан мен Беларусь құрамалары
Алматыдағы Орталық стадионда футболдан жастар арасында 2015 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасындағы Қазақстан мен Беларусь құрамаларының алғашқы кездесуі өтті.

Онда Сергей Боровский жаттықтыратын алаң қожайындары қонақтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Үш доп та ойынның алғашқы жартысында соғылған болатын. Игорь Ковалевич баптайтын беларусьтар бірінші боп есеп ашып, есеп теңескеннен кейін де оны жылдам өзгертуге қол жеткізді. Соның нәтижесінде сырт алаңнан ұпай олжалаған беларусьтар турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Енді қазақстандықтар келесі ойынын сырт алаңда 14 қазанда Армения құрамасымен өткізеді. Олар Ереванға Алматыдан 12 қазанда аттанатын болады.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
306

«Барыс» мәскеулік «Динамоны» тізе бүктірді

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында мәскеулік «Динамоны» жеңді. Бұл ойында төрешілердің мәскеулік командаға болысқаны барынша байқалды. Екінші кезеңде қарсыластар есепті бірінші болып ашса да, «Барыстың» хоккейшілері біраз арпалысып, таразы басын теңестіре білді. Алайда кезеңнің аяқталуына санаулы уақыт қалғанда, төрешілер болмашы жерде астаналық клубтың ойыншысына екі минуттық айып тақты. «Динамо» бір хоккейшіге артық ойнап, тағы бір шайбаны соғып кетті. Есеп — 2:1. Осымен екінші кезең де аяқталды. Үшінші кезеңнің басында төрешілер «Барыстың» екі бірдей ойыншысын мұз айдынынан аластатып, мәскеулік клубқа үшінші шайбаны салуға мүмкіндік берді. Есеп — 3:1. «Барыстың» еңсесі түсіп, сағы сынғандай болды. Алайда он минуттың ішінде астаналық клубтың хоккейшілері нағыз батылдық танытты. Роман Савч…

0
0
452

«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді


«Қазақстан» мен  «KAZспорт» телеарналары Ирландия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы республикалық спорттық«Sports.kz» интернет-порталына «KAZспорт» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп хабарлады.

- Қазақстан құрамасының Ирландия құрамасымен қонақтағы матчы 15 қазанда өтеді, Астана уақытымен 00:45-те «Қазақстан» және «KAZспорт» біздің құраманың сырт алаңдағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Біз бұл ойынға құқықты сатып алдық және оны біздің жанкүйерлерімізге көрсетеміз,- деді Д.Ахметшәріп.

0
0
366

Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО сержанттары тәжірибе алмасты

Қазақстан мен НАТО арасындағы 2013 жылғы ынтымақтастық пен әріптестіктің дербес бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес Құрлық әсерлері Әскери институтының базасында ҚР ҚК сержанттар корпусының өкілдері НАТО біріккен қолбасшылығы штабының сержанттар құрамымен кездесті. Кездесу семинар түрінде өткізілді. Меймандар Солтүстік атлантика альянсының құрылымы мен қызметі туралы таныстыру лекциясын өткізді. Сондай-ақ, олар қазақстандық әріптестерін НАТО басшылығы жүргізген операциялармен, өздерінің жұмыс істеу әдістемелері және қызмет ерекшеліктерімен таныстырды. Кездесу барысында қазақстандық сержанттар Қазақстан Қарулы Күштеріндегі сержанттар корпусының дамуы туралы ақпараттарын бөлісті. Сержанттар құрамы Қарулы Күштер басшылық құрамының айтарлықтай көп бөлігін құрайды және әскерлердің басқ…

0
0
536

Астана: Қазіргі заман өнер мұражайы

Астана қаласындағы Қазіргі заман өнер мұражайы 1980 жылғы 2 қазанда ашылған. Отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған. Мұражай негізгі үш зал мен қосымша көрме залынан тұрады. Небәрі тоғыз ғылыми қызметкер Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония және Тәжікстан суретшілерінің шығармаларымен жұмыс жасайды. Өнердің барлық түріне қызығатын жандар үшін мұражайда фортепиано да бар. Суреттерді сақтау орындары Суреттерді сақтау үшін сақтау орындарында арнайы температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейі қамтамасыз етіледі. Мұражайда "Цветная азбука" атты үш жастан тоғыз жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-студия жұмыс істейді. Қазіргі заманғы өнер мұражайы қаладан а…

5
0
16754

Жаңа ән/Новый трек/New track «КҮЛІМДЕ»

Всем привет! Почти 2 месяца назад мы с Диасом записали наш совместный второй трек. Трек решили на гос.языке записать, так как наш пред.трек был на русском. Почему так поздно релиз в сети? Потому что мальчики предлагали перезаписать и все такое, так и не получилось. Думаю вам понравится.. ^

Диас Майкеев, MoLya, Жарас - Күлімде

Музыка: Azugla [B.key]

Слова: Gulsara Marat

Запись: Truman [AshQazaQpro]

Обложка: Шакарим Абдрахманов [A.S CREATIVE DESIGN]



Прослушать или скачать Күлімде бесплатно на Простоплеер

Скачать можно здесь и zaycev.net

Ну как??? в комментах...

Twitter/instagram: @kmolya ;))


2
2
1152

Қаржы полициясы агенттігінде пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өтті

Ағымдағы жылғы 10 қазанда қаржы полициясының ресми өкілі М.Жұманбай пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өткізді. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көріністерінің бірі болып табылады. Қатаң қылмыстық жауапкершілікке пара алатын шенеуніктермен қатар пара беретін тұлғалар да тартылады. Пара бергені үшін қылмыстық заңнамамен ең ауыр жаза ретінде мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Пара берген адам, егер оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қаржы полициясы парақорлықпен, оның ішінде пара берумен күресті күшейтті. Мәселен, егер өткен жылы пара беру фактілері бойынша қа…

0
0
339