Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Санкт-Петерборда Бүкіләлемдік әскери өнер ойындары өтеді

Всемирные игры военных Санкт Петербург
Ресейдің Санкт-Петербор қаласында 18-26 қазан күндері Бүкіләлемдік әскери өнер ойындары өтеді. Онда айкидо, бокс, күрес, джиу-джитсу, дзюдо, карате, кикбоксинг, кэндо, сават, самбо, сумо, тай боксы, тхэквондо, ушу, семсерлесу сияқты спорт түрлері бойынша 135 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Шара барысында, сондай-ақ, «Спорт. Адам. Денсаулық» VI Халықаралық конгресі, «Заманауи әлемдегі әскери өнер және спорттық жекпе-жек» халықаралық көрмесі, «Әскери өнер мен спорттық жекпе-жек әлемі және қоғам» халықаралық форумы болады.

Онда жарыстың алғашқы күні — 7 (самбодан — 3, сумодан — 4) медальдар жиынтығы сарапқа салынса, ал соңғы күні 15 медальдар жиынтығы (ушу -12, семсерлесу -2) сарапқа салынбақ. Жалпы бұл дүбірлі додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар джиу-джитсудан — 18, күрестен — 15, бокс пен ушудан — 13, карате мен кикбоксингтен -12, сават пен тай боксынан — 11, сумодан — 8, кэндо мен семсерлесуден — 6, дзюдо мен тхэквондодан — 2 медальға таласатын болады.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
215

Осы тақырып бойынша

Санкт-Петерборда Бүкіләлемдік әскери өнер ойындары өтеді - Yvision.kz