Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Операны сүйіп, асыға күтетін жандарға арналады

Әлемдегі ең үздік бас иесі Ильдар Әбдіразақов 21 қазанда «АСТАНА ОПЕРА» сахнасында Дж. Вердидің «Attila» операсының бас партиясын орындайды. Астанаға Әбдіразақов 14 қазанда келеді және қойылымның толық құрамдағы репетициясы мен үздіксіз дайындығы сол кезде басталады. Атақты опера әншісінің Аттиланы сомдауға шақырылып отырғаны кездейсоқ емес, себебі оған әлемдік атақ дәл осы рөлді орындағаннан кейін келді.

Ильдар Әбдіразақовқа «АСТАНА ОПЕРА» театрында өнер көрсету ұсынысы маэстро Гергиевтен түскен. Оның Қазақстанда бірінші рет опера орындайтынын және ол үшін Астанада өнер көрсету маңызды екенін атап өткен жөн. «Мен бұл әсем қала жайлы, оның тамаша да мейірімді адамдары – ақсақалдары жайлы көп естідім. Енді міне, менің де жолым болып, ұлы қазақ халқымен танысудың сәті түсті! Және Қазақстанда менімен фамилиялас адамдар көп екенін білемін. «АСТАНА ОПЕРА» театрының фотоларын көріп үлгердім, ол өте әдемі. Оның әлемдегі үздік театрлардың бірі болатынына барлық мүмкіндігі бар деп ойлаймын».

Опера әншісі әлемдік опера мәдениетінің бұрынғы кеңес кеңістігіндегі опералық мәдениеттен айырмашылығы бар екенін айтады. «Бұрын біз «өз кеңестік қазанымызда қайнасақ», енді біздің «қақпағымызды ашты, тыныс ала бастадық». Шекаралар ашылды, шетелге шығатын болдық, еуропалық репертуармен танысамыз, оны орындаймыз, өнер көрсетеміз, еуропалықтар да өз кезегінде біздің театрымызға келеді, бізден орыс репертуарларынан опера орындауды үйренеді».

Астанадағылар көрнекті әртісті тағатсыздана күтуде, себебі оның өнері ешкімді бейжай қалдырмайды. Әртіс «Attila» операсын опера өнерінің үздік данышпандарымен бірнеше рет орындағанын жеткізді. ««Метрополитен-операда» мен Риккардо Мутимен шырқадым, Мариин театрында Валерий Гергиевпен, сондай-ақ Аттиланы ұлы Пьер Луиджи Пиццидің қойылымында «Рим операсында» Риккардо Мутимен орындау бақытына ие болдым. Дж. Вердидің операсында басты кейіпкер – рақымсыз емес, көбіне басқыншы. Мен Аттиланы сомдауда септігін тигізетін Дж. Верди мен либреттисттер Т. Солер мен Ф. Пьяве жазған мәтін мен музыкаға қарап орындаймын».

0
1
408

Осы тақырып бойынша

Операны сүйіп, асыға күтетін жандарға арналады - Yvision.kz