Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылорда самбошылары әлем чемпионатынан жүлделі оралды


Қызылорда облысының самбошылары әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстандық самбошылар Грекияның Салоники қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында командалық есепте екінші орын алды», — делінген хабарламада.

Әлемнің 27 елінен жиналған 500-ге жуық самбошы арасында қызылордалықтар, 44 келі салмақта жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы Гүлфайруз Наймантаева (№1ОМБЖОРМ) мен 72 келіде Мереке Құдайбергенова (Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекені) қола жүлдені қанжығасына байлады. Мереке былтыр Латвияда өткен әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген болатын.

Қос спортшыны жарысқа Жанар Дүйсекенова, Мақсат Оспанов пен Әбдісаттар Садықов дайындады.

ҚЫЗЫЛОРДА.  ҚазАқпарат - Автор: Жаңагүл Сердалы
 
0
0
427

ФУТБОЛ: Мундиальдан тыс қалған жұлдыздар

Бразилияға барып ойынның көркін қыздыра алмайтын футбол жұлдыздары бар. «Аламан» ұлттық спорт порталы әлемдік мундиальды сырттан тамашалайтын мықтыларды санамалап шыққан.

Уэльс құрамасының қос бірдей жұлдыздары Гарет Бейл (Реал Мадрид), Арон Рэмси (Арсенал) бұл додаға тек көрермен бола алады.

Чехия құрамасының капитаны, лондондық Челси клубының 1-ші қақпашысы Петр Чех және Чехтің отандасы Томаш Росицки (Арсенал) муньдиалға бара алмайды.

Жұлдыз деуге келмес, бірақ қазақ жанкүйерлеріне жақсы қырынан таныла білген Армения құрамасының ойыншылары Роберт Арзуманян(Ақтөбе), Гаворг Казарян (Шахтер), Артур Едигарян (Қайрат) сынды ойыншылар да бара алмайды.

Дания құрамасының белді ойыншысы Скотт Браун да (Селтик) чемпионатқа көрермен болады.

Қазақстан құрамасы өнер көрсеткен топтан неміс және әлем жанкүйерлеріне өзін таныта білген «Бавария» және Австрия құрамасының ойыншысы Давид Алаба, Ирландия құрамасы мен МЮ клубының футболшысы Джонни Эванс сияқты футболшылар да Бразилия жерінде доп тебе алмайды.

Литва құрамасының ойыншылары қазақ жанкүйерлеріне етене таныс Арунас Климавючис (Жетісу), Гедиминюс Вичюс (Шахтер) сияқты ойыншылар да ойынды сырттан тамашалайды.

Польша құрамасы мен лондондық «зеңбірекшілердің» қақпашысы Войцех Щесны және Щесныдың отандасы немістің «Боруссия Дортмунд» командасының жұлдызды ойыншысы Роберт Левандовский сынды мықты ойыншылар Бразилияда өтетін футбол чемпионатын үйдегі теледидардан немесе Бразилияға қонаққа барып көретін болады.

Бұл тізімге Роналду (Португалия), Нани (Португалия), Рибери (Франция), Златан Ибрагимович (Швеция) сияқты бірқатар мықты футболшылар қосылуы мүмкін. Тізімге кімнің еніп, кімнің жолы болатынын қосымша іріктеуден кейін білеміз.

 
0
0
647

Әлем чемпионаты: Қазақстандық алты боксшы 1/8 финалға шықты


Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жетінші жарыс күні, яғни 20 қазанда құрама сапындағы соңғы 4 боксшымыз алғашқы кездесуін өткізеді.

Олар: Берік Әбдірахманов (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (+91 кг).

Бұған дейінгі сайыста өз бағын сынаған алты боксшымыз түгел жұбын жазбай 1/8 финалға шыққан болатын. Атап айтқанда дүйсенбі күні олардың бесеуі, яғни Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) өздерінің екінші кездесуін өткізетін болады. Ал сейсенбі күні Илияс Сүлейменов (52 кг) жарыс көрігін қыздырмақ.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —  Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
449

Проект «Шайқас»: Реконструкция Аныракайской битвы

Аныракайское сражение 1729 года – это крупнейшая и решающая битва 100-летней Отечественной войны, которая оказалась ярчайшим примером борьбы казахов с агрессией джунгар.

Чингиз Лепсибаев вместе с единомышленниками решил устроить в Боровом своего рода исторический фестиваль с демонстрацией эпизода войны, мастер-классами по соколиной охоте, изготовлению и стрельбе из лука. Однако мероприятие не удалось провести с заявленным размахом: ребята смогли лишь расставить юрты и пригласить актеров.

Впрочем, лучше один раз увидеть и услышать со слов самих организаторов столь интересного действа, чем прочитать.

Kaztube Studio представляет!

0
0
466

Өмірімдегі бақытты күндердің бірі

Менің өмірімдегі ең бақытты, тамаша күн ол менің 17 жасқа толған күнім....Есіме алсам, бүгінгі күнге дейін жаныма жарық нұр төгілгендей күлімдеумен боламын. Кейде көшеде кетіп бара жатып есіме түсіп кетеді, сол кезде өзім мен өзім мәз болып бара жатқанымды көрген бейтаныс жолаушылар маған есі ауысқан кісіні көргендей қарайды. Менің сол қуанышқа толы  күнім түнгі 24-00де басталады. Негізінде менің туылған күнім 18-тамызда, ал 17-тамызда біз, менің би тобымдағы қыздармен  әншілерді ауызашарға мейрамханаға шақырғанбыз . Ауызашар біткеннен кейін қонақтарымыз қайтып кетті. Биші қыздар 24-00ге дейін күтіп, мені құттықтап барып үйлеріне тарады.  Мен бір неше құрбыммен қайттым. Қайтып бара жатқанда көлігіміз үйдің жаңындағы мектептің алдында тоқтай қалады, құрбыларым  көліктен шығаса салып, мектеп жаққа жүгіре ұмтылады. Мен не болғанын ұқпай, қыздардың артынан барып едім, мектепке енді жақындағанда майшамдар жағылып, достарым « Туылған күніңмен» деп бүкіл көшеге айқай салды. Қарасам менің барлық достарым жиналып алыпты, қолдарында әр түрлі шариктер,мен жақсы көретін гүлдер,  әдемі торт және мені әлі күнге дейін қуандыратын тоты құс. Таң қалғаным соншалық айтарға сөз таппай тұрып қалдым, ал кеудемде болса қуаныш толып тұр. Тортты турау үшін көліктің жанына барғанда, тағы бір достарым келіп құттықтап, өз  көліктерінің багажнигін ашып туған күнге арналған  әндерді  қосты біз сол әнге билеп, бір-бірімізге торт жағып, ойнап-күліп қайттық.

Келесі күні біз бәріміз кешке жиналып «Тұңғыш президенттің паркіне» бардық ол жердің әр түкпір-түкпірін аралып шықтық. Шынымды айтсам сол кезде мен ол паркке бірінші рет кірген болатынмын және мен табиғатты жақсы көремін.Сол үшін маған бұл күн өте ерекше болып көрінді. Газонда отырып түрлі ойындар ойнадық, әңгіме-дүкен құрдық солай тағы түнгі 24-00ге дейін жүріп қалдық.  Осы күнде маған қатты ұнағаны достарымның жастарының үлкен айырмашылығына қарамастан, бәрі ұйымшылдықпен жиналып келгені. Сол үшін мен достарыма өте риза болдым. Осы күннен кейін біз әр досымызды түнгі 24-00де құттықтауды әдет қылып алдық.Иә, жылдар өтіп жатыр, ал біз әлі де бала болып қалудамыз, менің өскім келмейді кішкентай болған сондай тамаша, уайым-қайғы жоқ тек қуаныш пен бақыт...

 
0
0
40946

Ұлылық мәйегі

2005,"Сарыағаш" газетінде, 2006,"Сарыағашым-сырлы өлкем" әдеби жинағында басылды.

Қараңғы бөлмеде жазушы отыр.

Үстел шамы аққу мойынын әсем ие, оның қарсы алдындағы толған айдай ақ дөңгелекке бар нұрын шашырата төніп тұр. Дөңгелектің ортасында ақ парақ шақырая жылтырайды. Парақтың беті тап-таза. Үстінде үшкір жебедей қара қалам көлденеңінен көсіліп жатыр.

Жазушы сол қолымен үстелге шынтағын таяна, басын ұстап, сол аппақ қағазға тесіле, тас мүсіндей қалқияды. Бірақ оның ұшуға талпынған қырандай қомдана отырысынан, қағазға оқтай тесілуінен, қос қалың қабағының қатулана түйілуінен, ала көлеңкеде колдары мен қос шекесінде дүрдиіп анық көрінген күре тамырлардың білеуленуінен және кең бет-жүзі мен жазық маңдайының алабұртуынан іштей айрықша бір ышқыныста, өте қуатты толғаныс-тебіреністе отырғаны сезіледі. Жазушы жазуға отырып еді...

Ес білгеннен-ақ қаламға әуестенген көңілін бір құдірет бірте-бірте бір жапырақ ақ қағазға таңды да тастады. Міне, бүкіл өмірі осы үстел жиегінде өтіп келеді. Одан сәл ұзаса, тіршілігінің мәнісі жоғалып, жалғызсырап, жетімсіреп қалады. Бүкіл жан дүниесін ой қысып, тез-ақ үйреншікті орнына қайта жайғасады.

Көптен жүрегінің түкпірінде әлдилеген сырлы сезім жылдам ойға орана өсіп, енді міне, тұлабойын құрыстыра құныстап, тырп еткізер емес. Тек қағазға таспадай таңбалап қана жегі құрсаудан арыласың.

Жазушы оң қолын жіті қимылдатып, қара қаламды сүйрік саусақтарымен сығымдай икемдеді де, сәл шайқай аңырып, қағаздың жоғары жағына ірі де әсем әріптермен асықпай бір қатар жазу жазып қойды. "Ұлылық Мәйегі".

Бұл екі сөздің көкейде ақ көбелектей қалбалақтап, қанат қағып жүргені қашан, бірақ қағазға түсуі алғаш рет. Қара қалам зіл қара тастан қашалғандай, зорға қимылдады. Ауыр. Қалам ұшына түскен ой салмағы батпан-батпан. Осы қос сөз бұлақ суындай мөп-мөлдір қиялында қалқи көрінсе болды, артынша көз алдында төрткүл дүние біртұтас иірімделе шыр айналып, тылсым тұңғиығына тартады-ай, шіркін. Дәл осы мезетте көз-құлағы бітеліп, сыртқы дүбірмен байланысы еріксіз үзілгенімен, ішкі бір айрықша түйсігі қайта сол сарынға сұғындыра сүңгітіп, онымен бір жан, бір тән етіп кіріктіріп қайнайды. Аңсар әлемге ауадай тарап, сиқырымен ым-сөзсіз сырласады, сарынын будай бойына сіңіреді.

- Ах, дүние! - дейді бұл, көңілінде айрықша аңсау ма, сағыныш па немесе асығыстық па, өкініш пе немесе бәрі бірге араласа-қосыла.

" - Ах, дүние!.. Сарқырамадай гуілдеген сарының сырлы түндегі ғашықтардың сыбырындай нәзік те үздіге көкейіме құйыла келе, қос ішектің қоңыр үніне, одан мың сан бұраулы аңыз аспаптың абыз сазындай алпыс екі тамырды қуалай аңырайды.
Сиқырлы саз әлемінде жоғалған инедей жүрегім ерке сұлудың қылығындай жалт-жұлт еткен қырық бояудың, тоқсан түстің жұмбақ та жойқын шапағына шомылады. Оған араласа-таласа арыстандай арындаған, еліктей екпіндеген қарбалас тіршіліктің қою иісі тұлабойыңды тұншықтыра аңқиды. Аңқиды да бүкіл өткеніңді, қазіргіңді, келешегіңді шиіре шырматып, көкейіңді бір-ақ мезетте орап алады. Көңілің ұшқындап лапылдаған оттай алаулайды. Санаң сан саққа қашады. Қазір ғана көңілге қонып тұрған дүние қазір ойнақшып, елестей ебелектейді, қазір ғана самұрықтай салмақты самғаған тіршілік қазір қылымсып, шегірткедей секеңдейді. Жаратылыстың айшықты арбасын асықпай сүйреген қазанаттай уақыт табанда ауыздығын шайнаған асау тұлпардай аспанға шапшып, темір тұяғымен тас уатады. Заматта дүние сиқырды құлай сүйіп, ынтығып тұрған көңілің сол заматта мына пәниден жерініп, безер болады. Ой-сезімдерің мұхит толқынындай толықсып, жаныңның жартастарына аяусыз соғады, соғады кеп... Мың құлпырған құбылыстарың ешбір тосқауылсыз, мөлдір айнадан өтіп жатқан жарық сәулесіндей, жанымның түкпір-түкпірлерін жаулап-билеп, тәнімнің, қанымның әрбір бөлшегін қобалжытқаны қобалжытқан. Жұтып жібергендей. Жан-тәнімді кернеп-тасытқан, симай сапырылысқан асау дүние-ай!.. Қалай ғана көтерейін сенің бұла бейжайлығыңды, шалқыма шабытыңды... Көкейімді оттай күйдіріп барады уақыт тұлпардың асау шабысы, шыңғыра шарықтауы... Оу, от дүние-ай!.."

Жазушы жаза алмады. Ол орнынан ұшып тұрып, қараңғы бөлмеде ерсілі-қарсылы теңселе жүріп кетті. Тылсым тыныштықта тек өзінің тынысы тарыла демалысын және кеудесінде бұлқынған жүрек дүрсілін есітті.

" - Өткеннің бәрі өмір емес, жүректе жазылып, шамшырақтай өшпесе, өмір. Өмірдің ақиқаты жылдармен, сағаттармен емес, секунд, мезеттермен ғана өлшенеді. Мәнді мезеттермен. Өмір лезде жарқ етіп, өте шығар санаулы ақиқат мезеттерінен
тізілген. Басқасы - мөлдір әйнектің бетіне айғыздана жағылған, саталақ-саталақ кір-қоң. Сол бір маржан мезеттерді ұстай алсаң ғой, шіркін!.."

... Ия...ия... Көңілі селт етіп серпілгенде сол бір сәулелі ақиқат мезеттері жарқ ете қалады.

... Қайбір жылы көктемнің ашық күні үй жанындағы бақшада шұқыланып, бой жазып жүрген. Ойдан сергу үшін бар ынта-шынтасымен шаруаға беріліп, әрбір ұсақ-түйек істен ләззаттана қимылдады. Сол арада бақшаны жиектей қоршаған темір тордың қисайған тұстарын жөндеп жүріп, оны байлаған қазыққа көзі түсті. Әлдеқашан қатып-семген, қабықсыз жалаңаштанып жылтыраған қу кеспектің шоқысынан көбелектің қос қанатындай егіз жапырақ бүр жарып шығыпты. Таңырқағаннан тырп ете алмай, сол жалғыз желбіреген жасыл желекке тігілген күйі отырып қалған.

О, Құдірет!.. Саған сөз жоқ... Өлі томардың да өзегін жібітіп, өмір нәрін бойына сіңіріп, тірілмесіне қоймадың, о, жердің құдіреті. Сол сәтте ғана тіршіліктің тегеурінін, айналадағы байқаусыз өлі дүниеге жан кіргізіп, әр беріп тұрған өмір деген шамшырақтың өшпес жалынын жан дүниеммен ақиқат қабылдадым емес пе. Туған жердің құдіретін жүрегіммен түйсіндім, табындым. Бұл сәтті тек адамның туылуымен ғана салыстыруға болар. Тіршіліктің жаралуы! Бұдан асқан ғажайып, бұдан асқан ақиқат бар ма?!

Баяғы... тұңғыш ұлы... жоқ, тек ол емес, әрбір баласы туылған сайын жүрек тереңінен тебірене-толғанып, айрықша бір күйге түсетіні бар. Менің ұрпағым, мен жараттым, менің ізім деген әкелік сезім өз алдына, одан да әрі толғанатыны -
көз алдындағы тіршіліктің, өмірдің алапат тегеуріні, айналада қоршаған тілсіз меңіреу, сана-сезімсіз бітеу деген дүниеге кенеттен жан бітуі. Өмірдің өлі дүниеден үстіндігі, қашан да ақиқат басымдығы. Сол өмір ақиқатының бір-ақ мезетте жарқ етіп санаңды айрықша сергектетіп, келесі мезетте тұманға сіңгендей себезденіп жоғалуы. Иә, өмір - жалғыз ақиқат. Ақиқат күнде және әркімге көріне бермейтін тұңғиыққа жасырынған. Бірақ көрінер сәті бар. Неге олай... бір Тәңірімнің өзі біледі.

... Студенттік кезде өз тобымен Алатаудың шатқалдарына саяхатқа барған. Ойын-күлкі, ырду-дырдудан жалыққан бір сәтте өзі оқшауланып, жіңішке тау өзенінің терең аңғарына түсіп алып, жоғарыға серуендеп кеткен. Тасты жырып, төменде аққан таза тау суының сылдыры ғана естіледі. Бір өзі зорға сиып келе жатқан тар аңғардың қос қапталы биік жартас, төбеңнен шірене қараған қос қара диюдей сескендіреді. Соған көкіректенді ме, әлде жастық па, кім білсін, әйтеуір өзі де күтпеген жерден сол жартасқа өрмелей жөнелді. Әлі есінде, көңілі шынымен-ақ "жауды жапырардай" еді сонда. Құдай біледі, үш-төрт адам бойындай биікке көтеріліп, жартастың жоғарғы жиегіне қолы ілініп-ақ қалған еді, табанындағы тас ытқып кетіп, өз-өзін ұстай алмай, төменге құлады. Құлдилай құлап барады. Сол мезетте... Иә, сол мезетте көз алдында найзағай ұрғандай жарқ етті. Айнала дүние де, көңілі де, санасы да айрықша ап-айқын бір күйге түсті. Ұшып келе жатып жартастың әрбір кедір-бұдырын, әрбір тасын, өсімдік-шөбін ерекше анық көріп келеді, санасы болса өте ерекше орнықтылықпен, автомат сияқты, тұла бойын басқарып ала жөнелді. Ешнәрсені ойлап та үлгермеді. Тіпті, бұл мұндай құлауға әбден жаттыққан адамдай, тұла бойы өздігінен ширақ қимылдап, қолын ана тасқа, аяғын мына тасқа тіреп, түк болмағандай жерге топ етіп қонды. Тек жүрегі
алқымынан шығып кетердей дүрсілдеп тұр еді. Сол арада санаулы ғана секундтар өтіпті, ал көңілінде, есіне түсірсе, жерге сонау ғарыштың биігінен сағаттап құлдилағандай. Таңырқағаннан тырп ете алмай, сол жерде ұзақ отырып қалған.

" - Е-е, өмір! Қандай тәттісің!.. Мұны өлімге бетпе-бет қарсы келген бір-ақ мезет көрсетеді екен-ау. Кездейсоқ ыңғайын келтіріп, өлім өз аранына тартқанда, тұлабойыңдағы өмір тайталаса, бар қуат-тегеурінін жиып күреседі екен. Әрбір мүшеңдегі, әрбір жасушаңда сабырлы жатқан, жасырын аққан өмір заматта тау суындай буырқанып, найзағайдай оталып, тұлабойыңды кернеп, күш беріп, ой-сананы сергектетіп, тазалық пен айқындық беріп, жебе оғындай өткірлеп, зымырап, жан-тәніңді бір-ақ мезетте біртұтас, шағылмас өмір жаңғағына, өмір Мәйегіне айналдырады".

Ал кейін... дүние сол баяғы өзінің мелшиген маңғаз сарынына қайтады. Өн бойың саябырлап, салқындап, жарым-жартылай ұйқылы-ояу қалпына келеді. Өмір - ақиқаттың алапаты алыстап, ақ сеңгір аспанға аққудай қалқып, батып кетеді.

Аспан демекші...

... Оңтүстіктен Алматыға қайтып келе жатқан сүліктей жеңіл көлік қалқиған жалғыз жолаушысының айдауымен кешкі алакеуімді қақ тіле зулап келеді. Қордай асуына түсе бергенде... Ия, сол мезетте...

Күн аспанды етектей, алдағы жотаның төбесіне қоныпты. Күндізгі көзді қаритын от сәулелері қайтып, алып жұмыртқаның өзегіндей қызыл-сарыланыпты. Айнадай жылтыраған тас жол нар түйенің өркешіндей өңкиген екі жотаның ортасына майыса ағып түсіп-шығып, сол алып Күннің дәл ортасына қойып кетеді екен. Оның шапағынан тек жол үсті ғана қою қызғыштанып, жан-жағы біртіндеп қызыл-
қошқылданып, тез-ақ қараңғылыққа оранып жатыр. Арғы беткейде ойыншықтай кішкене болып көрінген КамАЗ үстіндегі кенебі алаулаған тудай желбіреп барып, бір кезде Күннің "ішіне" түсіп жоқ болды.

Көрді де... абдырап қалды. Бір сәтке өн бойы шымырлай қызып, ышқынып, саусақтары басқару дөңгелегін қайта-қайта сығымдап қыса берді. Өзі де зымырап, сол Күннің алапат аждаһа отына "құлап" бара жатыр еді.

" - Мүмкін сол мезетте түйсіндім бе екен өмір ақиқатын. Мына жарық күннің шын қадірін, меңіреу қараңғы дүниеден жіңішке жол төсеп, жетелеп шығар жарықтың құдіретін, ақиқат мезетінің ғаламдық өрттей жан-тәнімді шарпуын сол сәтте ғана жүрекпен сезінсем керек...".

Жазып келеді, өмір бойы жазып келеді. Еш түпкі ақиқатқа жетер емес. Тек ақиқатты қажет етті, ақиқатқа сенді, ақиқатты іздеді. Ішкі айрықша бір бөтен сезік о баста өмір бастауы болар түпкі негіздің, мына, әншейінде жалған көрінер жалпақ дүниені растайтын тереңдіктің түбі барын түсінгендей еді, оны өзі "ақиқат" деп атады, кейін "ақиқат - елес, жоқ та шығар-ау" деген күдік те болған, бірақ жаны тыныш таппады, көңілі ақиқаттың бар болуын қалады. Таңданды - ақиқаттың бар-жоғы өз көңіл-қалауына байланысты екен. Тіпті, әркімнің, мүмкін, өз ақиқаты бар. Тіпті, ақиқатты іздемей-ақ, оны білмей-ақ жалғанды жалпағынан кешіп жүргендер де... жүр.
Оларды еш кінәламады.

Жоқ. Өз жүрегі тек сол түбі жоқ тереңге құмарлығынан арыла алмады. Онсыз өмір-тіршілігінің титтей де мәнісі, татымды мазмұны жоқ еді.

Ақиқаттың тұңғиығы бүкіл жан-тәнін иірімдей жұтып, тұтас сана-сезімін билеп, сиқырлап алып келіп, қолына қалам ұстатып, оның ұшынан құдіретін қандай тамшылатып, сөзбен сорғалатып қойды. Ә, Құдірет! Қалам ұстап, қағаз басына отырса болды, көңілі кенеттен лезде тазарып, көкейіне айрықша бір алапат жарық нұры шашырап, санасы жүз жасаған қарияның даналығындай салмақты, сезім-түйсігі ғашықтардың жүрегіндей тұтқыр да өткір күйге түседі.

Қиялы бүкіл дүниені кеңінен шарлап, тереңінен толғап кеп бергенде, тұлабойы жарылып-жыртылардай алапат азаптың бұрауына түседі. Сол азаптың отты ортасынан тек санаулы мәнді мезеттер ғана құтқарғандай болады. "Суға кеткен тал қармайдының" кебін кешіп, сол мезеттерден жансауға сұрайды. Сол мезеттерден пендешілік өмірге тозбас тұғыр, қайтпас рух тұрғызуға жан-тәнін салады.

"Әй... бәрібір ұстатпайды-ау, ақиқат ұстатпайды... Шынымен-ақ елестей. Құдай-ау, жоқ болса, жоқ нәрсе де осынша жетектей ме, сүйрелей ме пендені, осынша азапқа сала ма?!. Мақсатың не, айтпағың не?!.

Мүмкін ақиқатты сөзге сиғызып, суретпен тұлғалау мүмкін емес шығар, оны тек әлгідей ақиқат мезеттерінен әркім өз сана-сезімімен, ішкі айрықша түйсігімен көруі керек шығар. Адамды, өмірді, мына сыры терең дүниені бір Құдай жаратқан екен, оның түпкі ақиқатын да Өзі ғана білсе керек. Онда... ақиқатты қаламмен қайта жаратпаққа ұмтылған менікі күпірлік пе?!. О, Жаратқан! Күнәмді кеше гөр!..

Саған шәк келтірер ниетім жоқ екенін білесің. Тек, Өзің жаратқан мына дүниенің алдамшы жалғандығын тәрк етіп, тұңғиығына түсіп тастай түбірін, биігіне самғап Өзіңдей Ұлылығын жан-жүрегіммен құшпақшы едім. Ұлылықтың Мәйегінен нәр тату арман. Бұл, мүмкін, Өзіңе еліктеу шығар... Мүмкін Өзіңе жетелеуің шығар... Адам баласы Өзіңе табынбаса, Өзіңе көзсіз ұмтылмаса, мына Өзің жаратқан дүниені, өмірді шексіз сүйіп, жаратушы құдіретіңе жығылмаса, онда оның несі ақиқат?! Өмірге шексіз құмарлығым, оны тоқтаусыз-толассыз қайта жарату талабым - міне, Жаратқан, Өзің жаныма еккен менің түпкі ақиқатым. Өмірді, оның, тіпті, әрбір сәтін қайта жарату деген - оны тірілтіп, жан кіргізу деген. Адам затының жан толғанысынан, сана-сезімінің ыстық аялауынан өтпеген мезет - өлі, өткінші. Жалған. Жарату - өмірді ақиқатқа айналдыру".

... Жазушының көңілі шегіне жете тасып, толғанды. Жаны аласұрды. Рухы әлдеқашан жер бетіндегі жалпақ жалғаннан көтеріліп, тұтас дүниеге рухи әлемнің шыңырау биіктерінен Жаратушының көзімен шола шарықтап жүр еді.

Үстел үстіндегі толған айдай ақ дөңгелектің тұтқынында жатқан ақ қағаз айналасына нұр шашты, оның бетінде құдіретті қара қалам жан иесін күтіп жатыр...

 
0
0
910

«Түнгі студияда» — Нұрлан Қоянбаев

Ұлттық арнаның жаңа маусымдағы тың жобаларының бірі - «Түнгі студия». Жүргізушісі - Нұрлан Қоянбаев.

Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Әңгіме белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша өрбиді. Қатысушыларға орынды қалжың арқылы ойландырар сауалдар қойылады.

Ән өнері мен  спорт, шоу-бизнес, саясат сахнасы жұлдыздарының өнерде, қызметтен тыс кездерін көрсетуді мақсат тұтқан хабардың алғашқы қонағы -  Роза Рымбаева мен әншінің ұлы Әли Оқапов болды.

«Түнгі студия» хабарының кейіпкерлері – әр саланың майталмандары. Мақсат - халыққа олардың қызметінен бөлек  қырларын ашып көрсету.

Бүгінге дейін хабарда бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, даңқты «А Студио» тобы, әнші Қыдырәлі Болманов т.б. белгілі тұлғалар болды.


Сондай-ақ, алдағы уақытта боксшы Геннадий Головкин мен велошабандоз Александр Винокуровты шақыру жоспарланған.

«Алдағы күндері хабарға еліміздің танымал тұлғаларынан бөлек, әлемдік кино, сахна өнерінің жұлдыздары шақырылмақ», дейді бағдарлама продюсері – Нұрлан Қоянбаев.

 

Бағдарламаны «Қазақстан» Ұлттық арнасынан дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 23.25-те тамашалай аласыздар.

0
0
2188

Сенаторлар Әскери-теңіз базасында болды

Бүгін Ақтауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің базасында болды. Сапардың мақсаты әскери-теңіз бөлімінің материалдық-техникалық базасымен және жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейімен танысу болып отыр.

Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес сенаторлар үшін еліміздің Әскери-теңіз күштері туралы брифинг ұйымдастырылды. Онда меймандарға әскери теңізшілердің күнделікті қызметі мен келешегі туралы толыққанды мәлімет берілді. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ және «Зенит» Орал зауыты» АҚ-ның басшылары депутаттарға мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов:
– «Бүгінде Қазақстанның Әскери-теңіз күштері жүктелген тапсырмаларды орындау мен теңіздегі мемлекеттік мүддемізді қорғауға дайын. Оған мысал ретінде «Шағала-2013» оқу-жаттығуында біздің теңізшілеріміздің алдарына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындай алатындарын тәжірибе түрінде тағы бір көрсете алғанын айтуға болады.
Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы біздің алдымызға отандық қорғаныс өнеркәсібін дамыту туралы нақты тапсырма қойып отыр. Қазірдің өзінде «Зенит» Орал зауыты» АҚ-да өндірілген «Қазақстан», «Орал» зымыранды-артиллериялық кемелері жауынгерлік тапсырмаларды орындауда».
Жұмыс сапары шеңберінде сенаторлар «Қазақстан», «Орал» зымыранды-артиллериялық кемелерімен теңізге шығып, отандық қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін бақылады. Бұл кемелер Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі жауапкершілік аумағында мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арналған. Кеме зымыранды-артиллериялық қару-жарақпен, заманауи байланыс құралдарымен, навигациялық және штурмандық қару-жарақпен жарақтандырылған.
Депутаттардың Маңғыстау облысына жұмыс сапары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2013 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
446

Аягөздегі әскерлеріміз Елбасы тапсырмасын орындауға сақадай сай

Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Өскемен қаласында жұмысын жалғастыруда. Кеше Аягөз гарнизонындағы танкішілер, артиллеристер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімдері, жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты» атты Жолдауында көрсетілген басымдықтарды іске асыру жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Заместитель Начальника Генерального штаба ВС РК полковник Мухамеджан Таласов на собрании командиров частей отметил важность работы со школьниками для военно-патриотического воспитания и продвижения имиджа военнослужащих. Для этого, военные должны посещать уроки в школах и устраивать дни открытых дверей в частях, чтобы дети имели больше возможностей узнать об армии.
Кроме того, полковник Мухамеджан Таласов выслушал доклады командиров танковых бригад. Руководитель информационно-пропагандистской группы уделил особое внимание вопросам подготовки к зиме, обеспечения зимней одеждой и военной дисциплины личного состава.
Также, в Аягозе артисты центрального ансамбля Министерства обороны выступили с концертной программой для семей военнослужащих и местных жителей.
Напомним, что работа комплексной информационно-пропагандистской группы Минобороны, созданная главой оборонного ведомства для проверки хода реализации Послания Президента РК народу Казахстана в Вооруженных силах, в Региональном командовании «Восток» продлится до 23 октября т.г.

Пресс-служба МО РК

0
0
324