«Түнгі студияда» — Нұрлан Қоянбаев
Ұлттық арнаның жаңа маусымдағы тың жобаларының бірі - «Түнгі студия». Жүргізушісі - Нұрлан Қоянбаев.
Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Әңгіме белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша өрбиді. Қатысушыларға орынды қалжың арқылы ойландырар сауалдар қойылады.
Ән өнері мен спорт, шоу-бизнес, саясат сахнасы жұлдыздарының өнерде, қызметтен тыс кездерін көрсетуді мақсат тұтқан хабардың алғашқы қонағы - Роза Рымбаева мен әншінің ұлы Әли Оқапов болды.

«Түнгі студия» хабарының кейіпкерлері – әр саланың майталмандары. Мақсат - халыққа олардың қызметінен бөлек қырларын ашып көрсету.

Бүгінге дейін хабарда бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, даңқты «А Студио» тобы, әнші Қыдырәлі Болманов т.б. белгілі тұлғалар болды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта боксшы Геннадий Головкин мен велошабандоз Александр Винокуровты шақыру жоспарланған.
«Алдағы күндері хабарға еліміздің танымал тұлғаларынан бөлек, әлемдік кино, сахна өнерінің жұлдыздары шақырылмақ», дейді бағдарлама продюсері – Нұрлан Қоянбаев.
Бағдарламаны «Қазақстан» Ұлттық арнасынан дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 23.25-те тамашалай аласыздар.
