«Қазақтелеком» 2013 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жасады»
Есептілік мерзім ішінде компанияның телекоммуникация желілерінде телефония қызметіне жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасын тапты. Ағымдағы жылдың 1 қазаны бойынша «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі тіркелген желілер саны 4 058 759 бірлікті құрады, оның ішінде қалалық телекоммуникация желісінде (бұдан әрі - ҚТЖ) – 2 910 851 бірл., ауылдық (бұдан әрі - АТЖ) – 1 147 908 бірл. құрады.
100 тұрғынға телефондар тығыздығы 24,34 нөмірді құрады, ҚТЖ – 31,94 нөмірлер, АТЖ – 15,18 нөмірді құрады.

01.10.2013 ж. жағдай бойынша «Қазақтелеком» АҚ жергілікті телекоммуникация желісі 5 574 коммутациялық пунктпен ұсынылған, оның ішінде ҚТЖ – 2 737, АТЖ – 2 837 құрады.
Құрылған нөмірлік сыйымдылық бойынша цифрландыру деңгейі 97,78 % құрады. ҚТЖ осы көрсеткіш 97,73 % құрды, АТЖ - 97,91 % құрады.
«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация желілерінде бос нөмірлік сыйымдылықты пайдалану бойынша жұмыстар жалғасты. 2013 жылғы 9 ай ішінде 175 512 телефон орнатуы жүргізілді, қалалық желіде – 122 770 бірл., ауылдық желіде – 52 742 бірлік.
Есептілік мерзім ішінде 99,8% (7 380) мектеп, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 99,8% (5 768) мектеп телефондандырылды. Оның ішінде Интернет желісіне 96,5% (7 108) мектеп, оның ішінде ауылда 96% (5 534) мектеп қосылды.
Алдын ала деректерге сәйкес, 2013 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша қызметтерді сатудан түскен шоғырланған кірістер 137 801 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 106,1% құрады.
Есептілік мерзім ішінде компаниямен Казнетті белсенді дамыту, жылдамдықты арттыру (төлем деңгейін өзгертусіз) үшін Интернет желісіне қатынау қызметінің сипатын жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Осылайша, 01.06.2013ж. бастап «Unlimited» тарифтік жоспары бойынша байланыс операторлары үшін Интернет желісіне ШПД қызметтеріне тарифтер 67% дейін, «Трафикті есепке алғанда» 50% дейін төмендеді. 01.07.2013 ж. бастап «MegalineHit/LightOptima» (1 Мбит/с бастап 2 Мбит/с дейін) тарифтік жоспары бойынша ішкі ресурстарға қатынау жылдамдығы 2 есеге артты. Сондай-ақ, IP және Интернет телефония операторларының жабдықтарын қалааралық деңгейдегі телекоммуникация желісіне қосылуға тариф 26% төмендеді.
