Мазмұнға өту

Жаңа

Құлшылық және сенім «Мен, келдім бүгін, жағаға»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мен, келдім бүгін, жағаға,

Жаратқан ием, Аллаға.

Ризамын, Өзіңе, тек қана,

Өмірдің артығы, Сен ғана.

 

Біліп бір, енді білмей бір,

Жасаған кінәмді, кешіре гөр.

Білмедім, таза, қайсы кір,

Адастым, Алла, сене гөр.

 

Ағынмен кеттім, тоқтамай,

Жинадым кінәні, маржандай.

Құлшылық жасауға, жарамай,

Өзіме, ұнады бұл жағдай.

 

Аллаға, берген сертімді,

Биіктен көрініп, ұмыттым.

Байлық пен, жаптым көзімді,

Мақтаныш, өтірікке, мен баттым.

 

Ал, Аллам, мені ойлап, бір түнде,

Байлықты жоғалтты, бір күнде.

Жалаңаш қалдым, мен пенде,

Қасиетім Алла, тек сенде.

 

Құраным, болсын жарығым,

Намазым, болсын серігім.

Аятың, Алла, бар бағым,

Сен үшін, болсын өмірім.

1
3
535

Жасыл» экономика бойынша бірінші халықаралық форум туралы

2013 жылдың 8 қарашасында Шымкентте Қазақстан Ресупбликасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдаманың іске асырылуы бойынша іс-шараларды қолдау аясында I-ші халықаралық инвестициялық форум өтті.

Форум ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің, «Жасыл Академия» ғылыми-ағарту ортылығының және  «Шымкент Инновация» ЖШС ұйымдастыруымен өткізілді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-89/

0
0
335

ҚР Қорғаныс министрлігі: Қарулы Күштердің қаржыгерлері бюджетті уақтылы және сапалы игеру үшін

ҚР Қарулы Күштеріндегі экономикалық және қаржылық тәртіп ҚР Қорғаныс министрінің әскери қаржыгерлер алдына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады. - Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс екені атап өтілген болатын. Сондықтан да Қарулы Күштердегі қаржылық қызметтердің жұмысы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының аясында ең жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс, - деп ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков атап көрсетеді. ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған міндеттер…

0
0
401

«Айтылмаған әңгіме» атты жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі

Ешкім естімеген, бұдан бұрын еш жерде айтылмаған эксклюзивті тақырыптарды көтерген "Айтылмаған әңгіме" атты жаңа жобаны 31 арна көрермендеріне тарту етеді. Бағдарламаның алғашқы саны бүгін, 11 қараша күні кешкі 19.30-да эфирге шығады. Бағдарламаға тек Қазақстан аумағынан ғана емес, Қытай, Түркия, Ресей секілді мемлекеттерден де арнайы қонақтар келіп қатысады. "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының редакторы Азамат Есберген: Осы уақытқа дейін мұндай бағдарлама болған жоқ Қазақстанда, және бір ерекшелігі - драмматургиялық тұрғыда да өзіндік мәні бар, финалы бар. Яғни әрбір кейіпкеріміздің арманын орындауға немесе көптен бері орындай алмай жүрген ісін орындауға қолұшын беріп жатырмыз. Бұл бағдарламада "Айтылмаған әңгіме" айтылады. Бұл жобада өмірі - өзгеге өнеге, өресі биік жандардың өрелі сөзі…

2
0
1709

ВИДЕО: Әскердегінің арманы

"Спасск" деген жер бар. Қарағандыда. Сөйтсем үлкен қорым екен. Спассктың қасында әскери орталық бар. Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығы деп аталады. Сол жақта болдым. Ағашы аз сары даланың үстімен өттік. Әскери орталық сондай бір мекиен далада. Мақсатымыз келісімшартпен жүргендермен тілдесу еді. Бір-екеуін әңгімеге тарттым. Не себепті контрактник болғысы келгенін, контрактникке нендей жеңілдіктер бар екеніне жауап алдым. Қазір елімізде 6000-нан аса сарбаз келісімшарт бойынша қызмет етіп жүр. Дені осы Дархан тәрізді әскери өмірді мақсатты түрде таңдағандар. Көпшілігі бұған дейін арнайы әскери оқу орындарында оқып, өмірін әскери салаға арнағандар екен. Дархан Туребаев, 3-сыныпты сержант: "Өзімнің үлкен ағам әскери міндетті болған. Қазір де өзінің әскери борышын өтеп жүр. Соның да бір себ…

0
0
500

«Жол жүрісі қауіпсіздігінің апталығы»

Бүгін ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен «Жол жүрісі қауіпсіздігінің апталығы» басталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. Мұның мақсаты – жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, автомотокөлікпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.  

Қауіпсіздік аптасын өткізу барысында әртүрлі мақсатты аудиториялар арасында жолдарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған жаңа акция күн сайын өткізілетін болады.

0
0
328

Денис Кузин Калгариде өткен Әлем кубогі кезеңінде төртінші орынға ие болды

Қазақстандық Денис Кузин Калгариде өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде 1000 метр қашықтықта мәреге төртінші болып келді, деп хабарлайды Vesti.kz. Американдық Шани Дэвис 1000 метрлікті 1 минут 7,46 секундта жүгіріп өтіп, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Нидерланды спортшысы Кьелд Нейс (+0,11 секунды) иеленсе, үшінші сатыға американдық Брайан Хансен (0,18) жайғасты. Қазақстандық спортшы 1000 метр қашықтықты 1 минут 7,71 секундта жүгіріп өтті, ол жеңімпаздан 0,25 секундқа қалып қойды. Осы нәтиженің арқасында Кузин еншісіне 60 ұпай қосты. Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы Кузин 2013 жылы Сочиде өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын. Айта кетейік, «А» тобында сынға түскен тағы бір қазақстандық Екатерина Айдова 500 метр қашықтықта 15-ші нәтиже…

0
0
253

Шахтер — Қазақстан кубогының иегері


Шахтер - Қазақстан кубогының иегері

«Астана-Арена» стадионында өткен Қазақстан кубогының ақтық сынында қарағандылық «Шахтер» «Таразды» тізе бүктіріп, ел кубогының иегері атанды.

Қазақстан кубогы кеншілер үшін келер жылы еурокубоктарда өнер көрсетуге жолдама алудың соңғы мүмкіндігі еді. Биылғы жылы қарағандылықтар Еуропада толағай табыстарға қол жеткізгені баршамызға аян. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көз алдында намысқа тырысқан «Шахтер» сол мүмкіндікті мүлт жібермеді. Сондай-ақ матчты тамашалауға УЕФА басшысы Мишель Платинидің де келгенін атап өту қажет.
Матч 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз доптың авторы — Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко.
Бүгінгі матчта ел кубогымен қатар кеншілер 2014/2015 жылдардағы маусымда Еуропа лигасына жолдама ұтып алды.
«Тараз» — «Шахтер» 0:1 (0:0)
Гол: Хижниченко 53 (0:1).

0
0
446