Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскерлердің қысқа дайындығын тексерді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Семей өңірлік гарнизонының бөлімдерінде болды.
ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы жұмыс сапарының мақсаты әскери бөлімдердің қысқы кезеңге дайындығын, сондай-ақ гарнизон әскери бөлімдері әскери техникасы мен қару-жарағының сақталу және пайдалану, жағдайларын, ұзақ мерзім сақталатын техниканың консервациялау жағдайын, техниканы қысқы пайдалану режиміне көшіру нәтижелерін тексеру болатын. Генерал-лейтенант әскерлерді қысқы кезеңге тыңғылықты дайындау Қарулы Күштердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ететінін атап көрсетті.
Әскери бөлімдерде болу барысында генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жеке құраммен кездесіп, олардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларымен танысты, Бас қолбасшы техника мен қару-жарақтың жай-күйіне, техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункттеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы 16443 әскери бөлімінің базасында өткізіліп жатқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тыл қызметтері офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің жиынында болып, оқу-жаттығу орындарының ұйымдастырылуына оң баға берді.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Семей өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің қысқы кезеңге жақсы дайындығын атап өтті және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен әскери бөлім командирлерінің алдына әскерлер күнделікті қызметінің іс-шараларын орындауға қатысты міндеттер қойылды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметы
