Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан мен НАТО ынтымақтасығы

Қазақстан - НАТО-ның Орталық Азиядағы белсенді әріптесі.

Сондай-ақ, республика аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқарып отыр. Бұл туралы НАТО бас хатшысының Кавказ және Орталық Азиядағы арнайы өкілі мәлімдеді. Джеймс Аппатурайдың айтуынша, еліміз дүниежүзін жайлаған терроризм, заңсыз есірткі тасымалы, экстремистік бағыттармен күресуде бар күшін салып келеді. Ал "ҚазБат" бітімгершілік батальоны халықаралық батальондармен тең дәрежеде. Ұйыммен әріптестік орнату сараптамалық ақпарат алмасуға, шекарадағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді. Осы орайда арнайы өкіл өзара ынтымақтастық келер жылы НАТО өз әскерін Ауғанстаннан шығарғаннан кейін де жалғаса беретініне сенімін білдірді.

Джеймс АППАТУРАЙ, НАТО БАС ХАТШЫСЫНЫҢ КАВКАЗ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АРНАЙЫ ӨКІЛІ:
- Біз Қазақстанның қорғаныс саласындағы және Стамбұл үдерісіндегі бастамаларын қолдаймыз. Қазақстан- НАТО-мен бірлескен жоспары бар Орталық Азиядағы жалғыз ел. Бұл өз кезегінде бізге ынтымақтаса жұмыс атқаруға септігін тигізеді. Біз Ауғанстандағы жағдайды реттеуде де осы жоспар арқылы өзара әріптестік орнатып келеміз.

Kazakh-TV

0
0
1081

Осы тақырып бойынша

Қазақстан мен НАТО ынтымақтасығы - Yvision.kz