Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өтті

2013 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өткізілді.

Семинар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру жоспары аясында өткізілді.

Семинардың жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Бас Прокуратурасының, ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнің, ҚР әділет министрлігінің, ҚР мемлекеттік қызмет істері жоніндегі агенттіктің, «Нұр Отан» ХДП-ның жауапты қызметкерлері қатысты.

2013 жылдың 13 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау және ұсынымдар әзірлеу бойынша дөңгелек үстелдің өткізілуі жоспарланып отыр.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-94/

 
0
0
282

Осы тақырып бойынша

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өтті - Yvision.kz