Мазмұнға өту

Жаңа

Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке арналған бокстан республикалық турнир өтеді

Қарағандыда 11-16 қараша күндері 1998-1999 жылы туған жасөспірімдер арасында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевке арналған бокстан республикалық турнир өтеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарыс С. Сәпиев атындағы Бокс орталығында өтеді. Бүгін жан-жақтан келген спортшылар Қарағандыға жиналуда, ал ертең, 12 қараша күні сағат 14.30-да турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. «Турнирге Қазақстан және Қырғызстаннан спортшылар қатысады. Жарыс 14 салмақ дәрежесі бойынша (44 келі, 46 келі, 48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі. 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 80 келіден жоғары) өтеді», — делінген хабарламада. Жарыстың бас төрешісі — Жоғары ұлттық санаттағы төреші Қайрат…

0
0
259

Спорт туралы жаңа редакциядағы заң жобасы допинг жөніндегі баппен толықты

Жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасында допингпен күрес жөніндегі арнайы бап қосылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде құжаттың таныстырылымы барысында мәлім болды. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуына, қарағанда бүгінде спортқа қатысы бар бүкіл әлем елдері де, спорт қауымдастығы да допинг пайдаланады. «Біздің ел де одан шет қала алмай отыр. Спортшылардың допинг пайдаланған фактілері бар. Допингпен күресте біз халықаралық келісімдерді назарға аламыз. Сондықтан да, жаңа заң жобасында допингпен күреске арналған арнайы 46-ы бап енгізіліп отыр. Бап тұтастай допингпен күрес саласындағы мәселелерге арналған», — деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, қазақстандық спортшыларды допингті пайдаланғаны үшін айыптау немесе…

0
0
1138

Лионель Месси 2013 жылы алаңға шықпайды

Лионель Месси

Каталониялық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси сол аяғының жарақатына байланысты алдағы 6-8 аптаға жасыл алаңнан тыс қалды.

Бұл туралы «Барселонаның» ресми сайтына сілтеме жасап, «ИТАР-ТАСС» хабарлады. Месси Испания чемпионатының 13-турындағы «Бетиспен» болған ойында 20-минутта жарақат алған болатын.

26 жастағы футболшы үшін бұл биылдың өзінде алған төртінші жарақаты болып отыр.

Аргентиналық шабуылшы «Барселона» сапында 2004 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 6 рет Испания чемпионатын, екі мәрте ел кубогын, бес рет Суперкубокты ұтып алған. Командасымен бірге Месси үш рет Чемпиондар лигасында топ жарды, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын екі реттен ұтты. Сонымен қатар Мессидің еншісінде төрт «Алтын доп» бар.

0
0
385

Н.Ж.Қаппаровты Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі қызметіне тағайындау туралы

Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-92/

0
0
281

Ел чемпионаты Өскеменде өтеді

Қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты Өскеменде өтеді. Қаланың жаңадан салынған заманауи спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне қатысу үшін Республиканың 14 облысы және екі мегополисінен барлығы 650-ге жуық дзюдошы өтініш білдірді. Ел біріншілігіне қатысатын әр команданың дзюдошылар саны 2012 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады, деп жазады alasharena.kz. Нақты айтсақ, өткен жылы Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионаттарда жүлдеге іліккен балуандарының барлығын қатыстыра алады. 7-10 орыннан көрінген командалар әр салмақта үш балуаннан қоса алады. 11-14 орынды иемденген командаларға екі балуаннан қосуға рұқсат. Ал өткен жылғы ел чемпионатында 15-16 орындарда…

0
0
289

Мемлекет басшысының Өкімімен Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

0
0
344

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумының қорытындысы бойынша баспасөз үшін бірлескен брифинг өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге және ресейлік делегацияға қонақжайлығы үшін ризашылық білдірді.

– Бұдан он жыл бұрын біз бұл форумға бастамашы болған едік. Осы жылдар ішінде ол оң бағасын алып, біздің екі елдің ынтымақтастығының маңызды факторына айналды. Қазақстан мен Ресей адамдардың, кәсіпорындардың, экономиканың өзара байланысы сақталуы үшін посткеңестік кеңістікте, сірә, барлығынан да көп жұмыс жасаған болу керек. Біз көршіміз, ал көршіні таңдамайды. Біздің бабаларымыз осылай тіршілік етті, біз де солай тіршілік жасаудамыз және біздің ұрпақтарымыз да осылай өмір сүретін болады. Қарым-қатынасымызды жақсартуға жұмыс істеу маңызды. Ол – болашақ ұрпақтың өмірінің іргетасы, – деді Мемлекет басшысы.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-90/

0
0
414

ПРЕСС РЕЛИЗ о проведении республиканской акции «Қазіргі заман қаһарманы»

В честь памяти погибшего сотрудника полиции Г. Байтасова, а также в целях героико-патриотического и нравственного воспитания личного состава ОВД 11-12 ноября т.г. в городе Тараз Жамбылской области проведена Республиканская акция «Қазіргі заман қаһарманы», с участием первого заместителя министра внутренних дел М.Демеуова, сотрудников полиции ряда областей, которые, находясь на служебном посту, совершили героические поступки, а также представителей областного и городского акиматов, ветеранов ОВД, общественности области. Первый день мероприятия - 11 ноября начался с возложения корзин цветов на месте гибели Халық Қаһарманы капитана полиции Газиза Байтасова и открытия памятного уголка герою в здании Управления административной полиции (ул. Толе би). Как известно, командир батальона взвода доро…

0
0
482

Құлшылық және сенім «Мен, келдім бүгін, жағаға»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мен, келдім бүгін, жағаға,

Жаратқан ием, Аллаға.

Ризамын, Өзіңе, тек қана,

Өмірдің артығы, Сен ғана.

 

Біліп бір, енді білмей бір,

Жасаған кінәмді, кешіре гөр.

Білмедім, таза, қайсы кір,

Адастым, Алла, сене гөр.

 

Ағынмен кеттім, тоқтамай,

Жинадым кінәні, маржандай.

Құлшылық жасауға, жарамай,

Өзіме, ұнады бұл жағдай.

 

Аллаға, берген сертімді,

Биіктен көрініп, ұмыттым.

Байлық пен, жаптым көзімді,

Мақтаныш, өтірікке, мен баттым.

 

Ал, Аллам, мені ойлап, бір түнде,

Байлықты жоғалтты, бір күнде.

Жалаңаш қалдым, мен пенде,

Қасиетім Алла, тек сенде.

 

Құраным, болсын жарығым,

Намазым, болсын серігім.

Аятың, Алла, бар бағым,

Сен үшін, болсын өмірім.

1
3
535