Мазмұнға өту

Жаңа

Мен бақыттымын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Бақыттымын, қараңдаршы барлығың,

Жүрегімнің, дүрсіліне бағындым.

Өзіңменен, бүгін келді, бар бағым,

Көрсемдағы, қайта сені, сағынамын.

 

Шыбықтай, мынау тал беліңнен,

Қуат алдым, сенің қара көзіңнен.

Табылды ғой, іздегенім, бір сенен,

Естей берші, сүйгенімді, сен менен.

0
1
2119

Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды

Еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Ақкөлдегі дата-орталықтың жұмысымен танысты. Министр дата-орталықтың бірегей географиялық орналасу жағдайына және техникалық жарақталуына жоғары баға берді. Ақкөлдегі дата-орталық ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады. Бұл нысан бірегей конструкцияға ие. Дата-орталық бункер түрінде жасалған. Өнеркәсіптік аумақтардан алыс орналасуы және бірегей географиялық жағдайы орталықтың апатты жағдайлардың салдарынан істен шығу ықтималдығын барынша азайтады. Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Ақкөлдегі ақпараттық-коммуникациялық орталықтың сапалы және сенімді техникалық жарақталуы мемлекеттік органдарға, мемлекеттің үлесі бар корпоративтік бизнестерге ресурстар ұсынуға мүмкіндік береді. Дата-орталықтың сенімді…

0
0
585

Қазақстан дінтанушыларының «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Үшінші Форумы болып өтті.

2013 жылдың 13 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан дінтанушыларының «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Үшінші Форумы болып өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі қазақстандық дінтанушы ғалымдар, теологтар, орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, сөз сөйледі. Қазақстан дінтанушыларының жыл сайынғы Форумы биыл пленарлық отырыстан басталып, онда Форумның негізгі тақырыбы талқыға салынды. Одан кейін төрт секциялық отырыс жалғасын тауып, онда зайырлы мемлекеттегі діни саясаттың маңызды мәселелері қозғалды. Форумда Қазақстан Республикасы Әкімшілігі Жетекшісінің Оры…

0
0
579

«Ән шаңырақ». Семья по обе стороны экрана

Проект «Ән шаңырақ» / «Семейная гармония» был задуман для того, чтобы объединить талантливые семьи и дать им шанс «показать себя». Это шоу, в котором участвуют все, от мала до велика, а значит, оно также интересно широкому кругу зрителей – и это позволяет нам собирать семьи не только по эту, но и по ту сторону экрана. Да и сам по себе проект «Ән шаңырақ» - одна большая семья. Именно об этом наше сегодняшнее видео.

2
0
440

«Шахтер» саңлағы А. Финонченко — Қазақстан-2013 чемпионатының үздік футболисі

Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан құрамасының футболисі Андрей Финонченко Қазақстан-2013 чемпионатының үздік футболшысы атағы сауалнамасында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Sports.kz. Кездейсоқтықты болдырмау үшін бұл сауалнама премьер-лига құрамаларының футболистері мен бас жаттықтырушыларының арасында жүргізілді. Қорытынды нәтиже футболистердің ай сайынғы жинаған ұпайларынан жасалды. Бәрі екшеле келе, «Шахтер» командасы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, кеншілер капитаны Андрей Финонченко Қазақстанның өткен чемпионатында үздік футболист болып танылды. Өзінің клубымен бірге ол осы кезеңде Суперкубок пен Қазақстан Кубогының иегері атанды. Олар Еуропа Лигасының топтық раундына қатысу құқығына ие болды. Қазақстан құрамасының қатарында екі жарым жыл болмаған саңлақ спортшы 4 ой…

0
0
364

Елена Хрусталева жастар үшін шеберлік сабағын өткізбек

Tанымал қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева спорттық секция тәрбиелеушілеріне арнап, мастер-класс өткізеді, деп хабарлады Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасынан. Аталмыш чемпион дәрісінде тек чемпионның қатысуымен спорттық жаттығулар өтіп қана қоймай, сонымен қатар, спорттық эстафеталар, сұрақ-жауап сессиясы әрі автограф-сессия өтеді. «Мұндай чемпион дәрісі арқылы танымал спортшылар өскелең ұрпаққа бар білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөліседі. Осындай спортшлырадан өнегелі үлгіні көрген жастардың ынталары өсіп, спортпен ерекше құлшыныспен айналысатын болады. Біз бәріміз Сочиге дайындалып жатырмыз. Қысқы спорт түрлерінен құрамамыз қазір бабында. Біреулері жаттығу жиындарында жүрсе, енді біреулері бүгінгі таңда сайысқа қатысып жатыр. Чемпион дәрісі балаларды спортқа ба…

0
0
373

Самбо Халықаралық студенттік спорт қауымдастығы күнтізбесіне енді

Самбо Халықаралық студенттік спорт қауымдастығының /ФИСУ/ ресми күнтізбесінде ұсынылған 37 спорт түрінің қатарына енді. Бұл шешім Брюссельдегі ФИСУ атқару комитетінің отырысында қабылданды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС Халықаралық Самбо федерациясының /ФИАС/ атқарушы директоры Сергей Табаковқа сілтеме жасап.

Студенттер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты 2016 жылғы желтоқсан айында Кипрдың Лимассол қаласында өтеді.

ФИСУ атқару комитетінің отырысында самбоның тұсаукесері өтті.

ФИАС тұсаукесері ФИСУ атқару комитеті барлық мүшелерінің және оның президенті Клод-Луи Гальеннің өте жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде ФИСУ атқару комитеті барлық бастамаларды да қолдады.

0
0
310

Астанада қазақ күресін дамыту мәселелеріне арналған тұңғыш конференция ашылды

«Риксос» қонақ үйі
Бүгін Астанадағы «Риксос» қонақ үйінде «Қазақ күресінің өткені, бүгіні мен болашағы» тақырыбында I республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Қазақ күресінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған ғылыми мәжіліске белгілі тарихшы ғалымдар, танымал бапкерлер мен спортшылар қатысуда. Олар қазақ күресінің даму тарихын зерделей отырып, оны қолжетімді бұқаралық спорт түрі ретінде дамыту мәселелерін талқылауда. Сондай-ақ күрестің киімі, белдесудің әдіс-тәсілдері, ережелер мен төрешілердің біліктілігін арттыру жайы сөз болмақ. Осыған орай, конференцияның бес секциялық отырысы өтеді.

Конференция аясында қазақтың маңдайалды палуаны Қажымұқанның белдігі мен медальдарының көрмесі, сондай-ақ жалпы қазақ күресінің тарихына арналған көрме ашылды.

АСТАНА. ҚазАқпарат -Автор: Арман Асқаров
0
0
504

М.Тайсон: Ағайынды Кличколарды бірінші раундта-ақ сұлатар едім


Майк Тайсон

Атақты американдық ауыр салмақтағы боксшы Майк Тайсон ағайынды Кличколар — Виталий мен Владимирді бірінші раундта-ақ оп-оңай ойсарыта ұтар едім деп мәлімдеді.

«Кличколарды ма? Мен оларды бірінші раундта-ақ нокаудқа жіберер едім», — деді Тайсон Bild am Sonntag-қа берген сұхбатында.

«Мен ешқашан агрессивті болған жоқпын, ешқашан өзімшіл болған емеспін. Мен есірткісіз, таза бокстастым. Менің ойымша, кез келген боксшының аяғын аспанға келтіруге қауқарым жетеді. Ол үшін тіпті бәске өз өмірімді қоя аламын», — деп атап өтті Тайсон.

0
0
330