Қазақстан Қарулы Күштері мемлекеттік тіл үйренуде жүйелі жұмыс жүргізуде
Әскерлердегі 2013 оқу жылындағы жауынгерлік даярлық қорытындысымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне мемлекетті тілді оқыту сабақтарының қорытындысы шығарылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген міндетті іске асыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қарулы Күштерінің жеке құрамымен мемлекеттік тілді оқыту сабақтары өткізіліп келеді. Бастауыш, жалғастырушы және тереңдетіп оқу топтарына бөлінге…
