Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Волейбол: Хромтау мен Атыраудың жігіттері жеңіліссіз келе жатыр

Алматыда волейболдан Жоғары лиганың «Б» дивизионындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-турында алғашқы 3 кездесудің қорытындысы бойынша 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр.

Қазір турнир кестесінде 9 ұпаймен «ТНК Қазхром-2» (Хромтау) көш бастап келе жатыр. Одан 1 ұпайы кем «Атырау-2» волейболшылары екінші орында тұр. Ал Қызылорданың «Қорқыт Ата ҚМУ» (4 ұпай), «Қостанай (3 ұпай), «Тараз-ТармУ», (2 ұпай) «Астана -Ұлан» (1 ұпай) командалары 3-6 орындарды өзара бөлісуде.

Кеше бір күндік үзіліс алған командалар бүгін жарысты қайта жалғастырады. Онда астаналықтар қостанайлықтармен, тараздықтар қызылордалықтармен, хромтаулықтар атыраулықтармен күш сынасады. Ал ертең атыраулықтар астаналық, қызылордалықтар хромтаулық, қостанайлықтар тараздық волейболшылармен бірінші 3 турдың ақтық ойынын өткізеді.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
480

Осы тақырып бойынша

Волейбол: Хромтау мен Атыраудың жігіттері жеңіліссіз келе жатыр - Yvision.kz