Мазмұнға өту
Umytzhan

Үмітжан Абдығалиева

@Umytzhan

Сайтта 2013 ж. 11 қарашаКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Мейірім мен күншілдік

Бір күні Шайқы Бұрқыдан біреу сұрапты: - Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулер көре алмас, күншіл келеді? – дейді. - Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды.Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иісті сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез-келген жерден гүл іздейді. Мысалы, мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез-келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы…

0
0
1200

Құндылықтар әлемі

Бүгін ақпарат агенттіктерінен мынадай ақпарат естідім: “Жамбыл облысының әкіміоқушыларға мектеппен қоштасу кешін өткізуге тыйым салыпты”. Әкімнің не дегенін білесіздер ме: “Биыл өткен жылдағыдай оқушылар мас күйде қала көшелерін лимузинмен кезіп жүрмейді. Бұған қоса, оларға қоштасу кешін ойын-сауық мекемелерінде ішімдік ішіп, тойлауға да рұқсат бермейміз. Оқушыларсыз-ақ ресторандардың маскүнемдері өз алдына жетеді” Өз басым, әкімнің әрекетін құптаймын. Қазір бұрынғыдай мұндай кештер “скромный” өтпейді. Оқушылар әсіресе, қыздар көйлек киюде жарысатын бопты. “Кімдікі әдемі”, “кімдікі қымбат”. Қазір олар кәдімгі барахолканың өзін жақтырмайтын көрінеді. Бір-бірін қайталамас үшін “строго” салондарға барады, қымбат-қымбат көйлек тіккізеді. Ал байғұс ата-аналар болса, әйтеуір “өзгеден кем қалмас…

0
0
465

Джобс фильміндегі жалған және шынайы фактілер

Тамыздың 16-сы күні АҚШ-та Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобс туралы фильм прокатқа шықты. Басты рөлді Эштон Кэтчер сомдаған. Бұл фильм пост-советтік елдерге қыркүйектің ортасында жетеді. Бұл фильм шыққаннан кейін алғашқы естіген жаңалығым – фильмде Джобс образының ашылмауы туралы Apple-дықтардың сыни пікірлері болды. Джобс замандастарының бірі Билл Фернандес: «Фильм ойдан шығарылғандықтан оны көргім келмейді. Сценаристердің өмірде болмаған нәрселерді ойлап тапқаны үшін көңіл-күйімді түсіргім келмейді…Менің ойымша, егер олар (фильмді түсірушілер ред.) тек шындықты ғана көрсеткен болса – егер оларға әлдекім ненің шын болғанын көрсетсе – онда бұл коммерциялық жоба бола алмас еді» дейді. Интернетте Apple өкілдерінен интервью алып үлгерген екен. Солар негізінде фильмдег…

0
0
549