Мазмұнға өту

Жаңа

Әсіре діншілдік неліктен қауіпті?

Идеология саласында орын алып отырған олқылықтар, әсіресе, дін атын жамылған үлкенді-кішілі келеңсіздіктер қалың жұртшылықты алаңдатып отыр. Соңғылардың қайсібірінен де дінде шектен шығудың құлағы қылтияды. Ендеше, «Жау жоқ деме, жар астында» демекші, шектен шығушылықтың табиғаты мен онан келер кеселді жақсы білгеніміз абзал.

Әсіре діншілдік неліктен қауіпті және ол неден туады? Баланың қиянатшыл һәм қатігез болып өсуіне құдайсыздық қалай әсер етсе, әсіре діншілдік тәрбие де солай әсер етеді. Неге десеңіз, екеуі де сағат маятнигінің қос шеткі нүктесі сияқты бек шетін жол.

Қиянатшылдық – өзімшіл менмендіктен, яғни «менікі жөн, өзгенікі бұрыс» деген ой жүйесінен туады. Айталық, біз ғана «тура жолдамыз» дейтін ділі, жүрегі қатты тәкфирші ағымның өкілдері соның мысалы. Олар атеистер тұрмақ, намазы жоқтарды кісі құрлы көрмейді. Әлем ой алыптары: «Адам бол! Ол үшін мейірімді, әділетті бол!» және «Кекшіл болма, көпшіл бол!» дегенді қақсап айтпай ма? Әркімге де аян, Абай, Шәкәрім «Адамды сүйе білу керек» гуманистік идеясын берік ұстанды. Хакім Абай 38-ші сөзінде қиянатшыл жандарға «жарым адам», «жарым мұсылман» деген «диагнозын» қояды.

Енді қатігездік мінезге келер болсақ, ол - мейірімділіктің (шапағаттың) антиподы. Хүкім шариғат бойынша мейірімді жандар Құдайдың шапағаты шеңберінде қалып, өздері де шама-шарқынша шапағат жасайды. Керісінше, қатігез пенделер шапағаттан құр қалмақ. «Құдай залымды сүймейді» дейді айқын аяттар, ал, сахих хадисте: «Алладан ең алыс адамдар – олар жүрегі қатайғандар» делінген.

Мынаған қараңыз, қазақта «жетесіз», «жетесіздік» деген ауыр сөз бар. Ол Құдай жетекке алмаған, сол себептен шапағат бұйырмаған «бақытсыз байғұс» деген мағынаны білдіреді. Кейбір жастарымыз Құдайдың емес, ғаламтордың жетегінде жүр қазір.

Жалпы, дінде шектен шығушылық дүмшеліктен, көбіне иман мен тағатты айыра алмаудан туады. Иман – бір Жаратушы барына нанбақ, демек, оның аясына Құдайдың ісін, заңын танып-білу кіреді. «Алланың нұрын ала білу», «Иманды жүрекке сіңіру» дейтініміз сол. Діни тағаттың (немесе тағаттылық) жөні басқа. Ол – сыртқы ғибадат (дәрет, намаз оқу, ораза тұту т.б.), былайша айтқанда, діни танымның үстіңгі жұқа қабыршағы. Бірақ өз алдына бір өріс болғандықтан, қарапайым көпшілік бақытқа тағат арқылы жетеміз деп ойлайды. Құдайдың сүйікті құлы болу жолы – тағатта деп сенім артады. Жақсы амал деген тек құлшылық рәсімдері деп түсінеді. Ислам әлемін аяқтан шалып, бізді діңкелетіп отырған дүмшелік табиғаты міне, осы.

Байсалдылық пен сабырдың керек емес жері жоқ, әсіресе, дінде керек. Мәселе сонда, көкірек көзіне ғана ашылатын хақиқат, түйсіктер адамға өзінің өмір тәжірибесі және көрген-білгендері арқылы келеді. Бұл аксиома. Атам қазақ «Ер адамның ақылы жасы 40-тан асқанда толысады», «Ақылды алпыстан асқаннан сұра» демей ме? Жарықтық Абайдың: «Әрбір наданның (жас адамның деп ұғыңыз – А.О.) біз тарихатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір болады» деген ескертуі де еріксіз ойға оралады.

Қорытып айтқанда, әсіре діншілдік – қоғамдық сананы еліктеушілік пен тақлиди иман (еріп иман келтіру) ауаны жайлап алған жерде пайда болатын құбылыс. Бұл діннің адамды еліктіретін құпиясы, батини сыры – көркем мінез бен ой-парасат жүйесін қалыптастыру сыртқа тебілетін жағдай.

Осы ретте дәстүрлі емес діни ағымдар алаңына көз жүгіртелік. Ислами теріс ағым өкілдері бізге намазды қалай оқу (әминді іштен, әлде дауыстап айту керек пе, қолды кіндіктен төмен әлде жоғары байлау керек пе т.с.с.), мәйітті қалай жерлеуге қатысты үлкенді-кішілі мәселелерге ғана әкеп, таластырып қояды. Қане, мұның қоғамдық сананың толысуы, жаңағы қисық-қыңыр мінездің түзелуі, мейірім-шапағаттың гүлденуі сияқты біздің қоғамға ауадай қажет парасат өрісіне қатысы бар ма?! Сірә да, жоқ.

Келесі дәйекті бұрындары көз көріп, құлақ естімеген діни ұйымдардан алайық. Қазақстандағы тоталитарлық ағымның бірі – «Иегово куәгерлерінің» өкілдері «қан құймаймыз» деп қасарысып, өзге түгілі, туған баласын өлімге қияды. Сол сияқты евангелистер, кришнаиттер мен баптистер «Құдай жолы бізге ғана ашылды» деп кеуде соғып жүріп, талай отбасының түбіне жетті. Тегінде, шетелдік миссионерлердің заң шеңберінен аспай-ақ «қатігездіктің елшілері» аталуы жайдан жай емес, «махаббат – Құдайдың аты» деген христиандық басты ұстаным көбіне солар тарапынан аяқ асты етілуде. Өйткені, олардың іс-пиғылынан, байқап отырсақ, қазақты қазаққа қарсы қоюшылық пен «бірің өліп, бірің қал» деген тұрғының исі аңқиды.

Сайып келгенде, дінде шектен шығудың қай түрі де жастардың санасын улап, қоғамда жаңа сөз етілген қиянатшылық пен қатігездіктің дәнін себеді. Шектен асушылыққа бой алдырып алсаң болды, бітті, өзінің де, өзгенің де өмірі құнсыз көрінбек. Дін «ұстазы» бұйрығын ойланбай орындауға даяр зомбилер осы ортада өсіп, өнеді. Бұл жерде әлемді түршіктірген жихад жарылыстары мегзеліп отыр. Ауғанстан, Сирия, Ирак және Пәкістан сияқты мұсылман елдерінде адам қаны судай ағуда, лаңкестік шеңбері кеңея түсіп, сонау Кенияда Сауда орталығында 70 адам өліп, 200-і жарақат алғанына көп бола қойған жоқ. Сөйтіп, жұмыр жер бетінде тыныштық орнамай тұр әзірге. Біреу біледі, біреу білмейді, алғашқы діни фанатиктер – харижи топтар тарих сахнасына сонау УІІ-ғасырда шыққан. Бүгінгі салафшы, уаххабшы топтар аяқтары салбырап аспаннан түскен жоқ, олар сол харижилік ойлау жүйесінің «өнімдері». Сүннит, мейлі, шиит болсын, содыр адамға бәрібір, шаһиттік жарылыстар «асыл дініміз» үшін деп, рахымды, мейірімді Алланың атымен жасалуда (орындаушының «исламист» аталып, ислам дініне деген қорқыныш сезімі – «исламофобия» әлемге таралуы содан).

Жасырып-жабары жоқ, әсіре діншілдік «вирусы» біздің елімізге де жетіп, алған бағыттарынан еш қайтпайтын қисық мінезді топтарды қалыптастыруда. «Бізге қосылмайтын қауымның бәрі адасушылар. Олардың жазаға ұшырайтын уақыты келеді» дейді. Осыған иланған жастарды ортаға қайтарып көр. Қандай уәлі уәжді айтсаң да, Сіздің айтқаныңыз далбаса, Сізді Ібіліс сөйлетіп отыр, мұның жазасын Алланың өзі-ақ береді деп, орнынан тұрып жүре беруі мүмкін (шындығында сабыр, төзім, толеранттылық мінез қарапайым адамнан гөрі діндар тақуа адам бойында молырақ болуы керек).

Өмір тәжірибесі аз, діни сауаты төмен, көрген-білгені шамалы. Бірақ басы қатты асаудай бұра шауып, жеңістік бермейді. Екі жастың бірін жасамай жатып, өзім білемдікке салыну: әке-шешеге құлақ аспау, үлкенді тыңдамау қадеті. Осы штрихтерден-ақ дінде шектен шығудың сипатын, оған салынған жасөспірім замандастың әлеуметтік бейнесін (сақалды өсірген, балақты қиған, қабағы қатыңқы, түсі суық дегендей) көзге елестетуге болады.

Енді дінде шектен шығушылық қаупінен, жағымсыз құбылыстың алдын алу мәселесіне ойысалық. Бүгінгі таңда уағыздарын тықпыштап, көше-көшеде кітаптарын таратқан иеговистер, евангелшілдер, кришнаиттер секілді дәстүрсіз діни бірлестіктердің жолы жіңішке қазір. «Сәнге» айналған оккульттік (емшілік, тәуіп, көріпкелдік т.б.) қозғалыстың да заң негізінде тынысы тарылып отыр. Сол сияқты Әбдууахабтың жолын қуған «аят, хадисті ақылға салма», «еріп иман қыл» дейтін сәләфи, «кәпір» деп шоқпар ала жүгіретін тәкфирші, әркімнің есігін қағып, ауыл-ауылды аралаған таблиғи-жамағатшы сияқты тіркелмеген діни ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынды. Осынау оң ахуал өздігінен орныққан жоқ, әсте. Ол мемлекеттік тұрғыдан әлеует төгудің татымды жемісі. Діни фанатизм таралуын тежеуге және экстремистік топтарды оқшаулау мен құрықтауға байланысты жұмыстарды мемлекеттік органдар жалғастыра беруге міндеткер.

Бірақ, радикализмді болдырмау күллі халықтық іс-шараға айналса игі. Бұл ретте амалдардың ең сенімдісі – жас буынды рухани біліммен суару болса керек. «Антивирустың» екіншісі – ұлттық құндылықтар (тіл, тарих, салт-дәстүр) мен отбасылық тәрбие (бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет т.б.). Қалың жұртшылық осы бағыттарға күш салса, сол жақсы. «Айтылмаса сөз атасы өледі» дегендей, тағы бір пысықтайық, иман – Құдай ісін танып-білуге тіреледі, тағат – адамның ісі, дін ісі ғана. Иман – жүрек тазалығы һәм ғылымның шексіздігі, тағат – діни дәстүр мен рәсімдер жиынтығы. Иман –барша адамзатқа ортақ және өзгермейтін дара құндылық, ал, тағат - тарам-тарам болып түрлене береді. Ислам бір, бірақ сенім жолы бөлек-бөлек болады. Пайғамбарымыз хадисінде: «Ислам 73 тармаққа бөлінеді» деп осыған меңзеген тәрізді.

Абай 38-сөзінде: «Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирінен (сыртқы) қалып, сыр ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? ...Бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыздағы (ішкі) иманның көлеңкесі һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған», - дейді. Өзіңіз де ойлаңыз, иман мен тағаттың айырмасын бұдан да анық айту мүмкін бе? Дана Абай діннің ішкі және сыртқы жақтары барын, гәп – ішкі сенім, иманда екенін ескертіп отыр.

Егер ми мен жүректі қоспай тұрып, ақ қағаздың бетінде тек саусақтың ұшымен қаламды әрі-бері жүгірте берсек, онан шығар нәтиже қайсы? Ол әрекет мән-мағынасыз, құр шимай болады. Сол сияқты соқыр сенім, құр тағаттылық татымды жеміс бермейді. Иман шарты – Жаратушы Құдіретке жүрекпен сену. «Жүрек жұмсаруы» үшін Алланың хикметін сезу, ғылым-білімді азық қылу шарт. Әлем ой алыптары қақсап айтқан жәйт міне, осы.

Енді ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие жайына ойысалық. Олар түрлі себептерден семіп, ортайды қазір. Дін құмар, бірақ қазақы салт-дәстүрді білмейтін адамдар аз емес. Қазақ асып, Сирия жеріне жетті кейбірі. «Ислам бір, ол арабтікі, қазақтікі, өзбектікі болып бөлінбейді» дейді олар. Мұны Құдай ісінен дін ісін айырмау, сәләфия «вирусын» жұқтыруында ғой.

Қазақ жерінде «далалық ислам» немесе «қазақ исламы» түсінігі қайтіп бүр жарған? Бұрынғы үлкендер: «Балам, егер адам болам десең, онда сен өтірік айтпа, ұрлық жасама және кісінің хақысын жеме – адал бол! Дәйім жүрегіңнің түбімен Алла тағалаға сеніп, сыйынып жүр! Иманды болудың, онан пайда алудың мәнісі осы!» десетін. Бұл өсиеттер мен «Құдай залымды емес, әділ адамды, жақсы істерді істегенді сүйеді», «Жақсы істерді кім көп істейді, жақсы мұсылман сол» деген аят-хадистердің ауылы алыс емес.

Сол сияқты біздің қазақ «Ар-ұяты бардың иманы бар», «Жаным арымның садақасы» деп білген (имани ілімді «ар-ождан ілімі» атағаны сол). «Аққа Құдай жақ» дегені, әділет – Құдайдың заңы деп білгендігі. «Қарғыс алма, алғыс ал!», «Қайырымдылықтың қайыры бар», «Жетім көрсең, жебей жүр», қысқасы, «обал-сауап» жүйесі қазақтың қанына сіңген қағида болды. Демек, қазақта құдайылық идеясы басым, Алланың нұрын ала білу және иманды жүрекке сіңіру ұлттық таным-түсініктің мәйегі болған. Сонымен қатар, «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», «Күйесіз қазан, күнәсіз адам жоқ» деп адасқан пенделерді кешіре де білген.

Сөйтіп, сахара тіршілігінде имандылық, адамгершілік ұғымдары қабыса табысты. Айтпағым, «дәстүрлі ислам», сол сияқты «қазақы ислам» өз алдына бөлек дінді емес, «исламдағы қазақ жолы» (яғни ата-бабалар жолы) дегенді білдіреді. Тарих ақиқаты тұрғанда, қазаққа дінді тыңнан үйретеміз деу, «түйе үстінде отырып, сирақ үйітем» тәрізді күлкілі, бекерге тер төгу.

Республикалық газеттердің бірінен «Дінге бет бұрғызамыз деп біз небір талантты ақындарымыздан айырылып қалып жатырмыз» деген пікірді оқыдым. Ана бір жылы «Судағы акробатикадан, бұйыртса, Азия чемпионы болар деп үкілеген қазақ қыздары тобы дінге кіріп, спортты тастап кетті» дегенді Астанадағы Еуразия Ұлттық университеті ұстазының аузынан естігенім бар. Бақсақ діндеміз деп, өнерде, спортта, ғылым жолында жанбай жатып, сөнгендер аз емес. Бұл жағдай алаңдата ма, алаңдатады. Артқы толқын інілерге дін шарбағына қамалудан қаш, өзіңнің еркін ойлау мүмкіндігіңді сақта, аяла деп оң бағытқа сілтеуге тиістіміз.

Сөз соңы, әсіре діншілдік қай тұрғыдан да залалды. «Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы, дене біткен ретімен» деп ұлы Абай білмесе айта ма? Сыртқы атрибуттерден гөрі бізге жан отын өшірмеу, ішкі сарайдың жарықтығы қымбат. Иман кемелдігі деген не, өзі? Ол үшін ғылымды азық қыл және «үш сүюді» (мейірім, әділетті болу) ұстан дейді ұстазымыз Абай. «Басты байла жолына, малың түгіл» деп дін жолына емес, осы иманигүлге сілтеген болатын.

Хадистегі: «Дінде шектен шықпаңдар! Дінде шектен шығу құрдымға кетіреді» деген ескертудің мәні осы арада сияқты. Құдай жолын дін жолымен шатастырмайық: мейірім, әділет сезімдері діни догматтан әрқашанда жоғары. Міне, жас буынға да, бала тәрбиелеп отырған ата-анаға да осы ақиқатты баса айтқымыз келеді.

 

Асан Омаров, «Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының» жетекші ғылыми қызметкері.

 

http://baq.kz/kk/news/39511

 
0
0
1626

Ақ бұлақ — программа дающая людям воду

Вода-источник жизни, и к ней необходимо относиться бережно. Для любого городского жителя эта фраза может показаться довольно избитой и ничего не означающей. Порой нам, у которых питьевая вода всегда свободно течет из крана трудно даже представить себе, что вода может иметь какую-то ценность.

Между тем жители многих сельских регионов Казахстана хорошо знают истинную цену воде. Многие казахстанцы до сих пор испытывают проблемы связанные с доступом к нормальной питьевой воде. Наша страна очень богата разнообразными природными ресурсами, на территории Казахстана имеется вся таблица Менделеева. Некоторых ресурсов у нас с избытком, и мы успешно экспортируем их, получая солидную прибыль.

И тем не менее, есть ресурс с которым в Казахстане всегда были определенные проблемы и этот ресурс - вода. Конечно наша страна огромна и на большинстве её территории каких либо проблем с питьевой водой нет, но есть регионы испытывающие постоянные проблемы с водоснабжением.

Именно для решения этих проблем Правительством РК была утверждена программа "Ақ бұлақ". Программа была разработана и утверждена в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 года «О Стратегическом плане развития Республики Казахстан до 2020 года». Целью данной программы является обеспечение населения питьевой водой в необходимом количестве и гарантированного качества.

На реализацию программы «Ақ бұлақ» до 2020 года из республиканского бюджета планируется выделить более 1,3 триллиона тенге. Программа "Ақ бұлақ" реализуется уже несколько лет и во многих регионах нашей страны уже достигнуты определенные результаты.

Так в Северо-Казахстанской области за два года реализации программы«Ақ бұлақ» питьевая вода подана в 20 населенных пунктов. В рамках реализации программы в 2011-2012 году на 41 объекте в 33 населенных пунктах области освоено 4,4 млрд тенге. Введено 28 объектов, выполнено строительство и реконструкция 298 км водоводов. Питьевая вода подана в 20 населенных пунктов с населением 21,6 тыс.человек и улучшено водоснабжение в 11 населенных пунктах области с населением 50,8 тыс.человек. В 2013 году на 16 объектов в 14 населенных пунктах предусмотрено 2,5 млрд.тенге. По итогам года будет выполнено строительство и реконструкция 162 км водопроводов. По итогам 10 месяцев 1 объект введен в эксплуатацию, выполнено строительство и реконструкция 159,5 км водопроводов. По итогам года планируется подать воду в 6 сел с населением 4,2 тыс человек и улучшить водоснабжение в 7 селах с населением 19,8 тыс чел.

В Карагандинской области за два года благодаря реализации программы «Ақ бұлақ» восстановлено водоснабжение в 28 населенных пунктах общая сумма освоенных средств составила 16 миллиардов тенге. В рамках программы «Ақ бұлақ» в 2012 году отремонтировано 256,5 километров водопроводных сетей, в текущем году планируется отремонтировать 232 километра водопроводов. Всего с 2013 по 2020 годы планируется реализовать 298 проектов в сфере водоснабжения.

Масштабные работы по обеспечению населения качественной питьевой водой проводятся и в Алматинской области. С апреля текущего года реализация программы «Ақ бұлақ» идет сразу в нескольких селах. Намеченный срок сдачи объектов - ноябрь текущего года. На сегодняшний день в селе Копберлик практически завершена реализация второй очереди проекта по реконструкции и строительству систем водоснабжения на сумму более 33 млн тенге.
В ходе работ коммунальщики уложили водопроводные сети протяженностью 5,765 км. Также ими были установлены 57 колодцев из сборного железобетона, 31 пожарный гидрант (ПГ-1,5), 203 водомерных счетчика.

Также, в селе Кальпе, где количество потребителей воды включает порядка 2000 человек, проводятся работы по водоснабжению на сумму более 121 млн тенге. Рабочими уложено 19,760 км внутрипоселковых сетей, установлены пожарные резервуары. Проводятся монтажные работы по строительству насосной станции 2-го подъема. Высокими темпами осуществляются работы по реконструкции и строительству системы водоснабжения и в селе Оян на сумму более 57 млн тенге. В числе выполненных работ: укладка распределительного трубопровода из полиэтиленовых труб в 3,397 км, установка колодцев. Помимо того, построена насосная станция 2 подъема, произведен монтаж 19 пожарных гидрантов ПГ-1,5 и т.д.

В Кызылординской области в 2011 году на реализацию программы «Ақ бұлақ» за счет всех источников финансирования было выделено более 9 миллиардов тенге. На указанные средства завершено строительство по подключению пяти населенных пунктов (Бозголь, Лахалы, Тасарык, Отгон, Каукей) Аральского района к Арало-Сарыбулакскому групповому водопроводу пятой очереди. Продолжены работы по реконструкции и расширению водопроводных сетей в г. Кызылорда , в частности, по строительству и подключению веток водопроводных сетей населенных пунктов Шиелийского района к Жиделинскому групповому водопроводу.

Кроме того, начаты подрядные работы по реконструкции водопроводных сетей кента Айтеке би и г. Казалинск Казалинского района. Также завершены и введены в эксплуатацию объекты по реконструкции внутрипоселковых водопроводных сетей п. Жосалы, населенных пунктов Актобе, Акжар-Кармакшинского района, населенного пунтка Токмагамбетова Сырдарьинского района, п. Жалагаш Жалагашского района, п. Тасбогет и Белькуль (г. Кызылорда). В 2012 году из республиканского бюджета на развитие системы водоснабжения выделено 6,4 млрд.тенге. На данные средства выполнены и введены объекты по проведению сервисных линий населенных пунктов Акжар и Актобе Кармакшинского района, п. Жалагаш Жалагашского района, п. Токмагамбетова Сырдарьинского района, поселков Енбекши, Акмая, Бекежанова, Бестам, Жахаева и 21 бекет, Жансеит, Ортакшил, Кодаманова и строительство внутрипоселковых водопроовдных сетей п. Жаксыкылыш Аральского района.

В 2013 году за счет всех источников финансирования выделено около 7,6 млн. тенге. В текущем году будет завершено строительство 18 объектов. Кроме того, за счет республиканского бюджета выделено 880 тысяч тенге на субсидирование стоимости услуг по питьевой воде водопотребителям. По сельским населенным пунктам в текущем году начата реализация 18 проектов, из них 16 вводных проектов, 2 проекта переходящие на 2014 год: реконструкция водопроводных сетей в населенном пункте Байкожа Казалинского района и в поселке Шиели Шиелийского района. В 2013 году будет введен в эксплуатацию 120 км водопроводных сетей и 141 км сервисной линии к жилым домам с установкой 3 000 приборов учета воды.

По городским населенным пунктам ведется реализация шести проектов, в том числе, на разработку проектно-сметной документации трех проектов (модернизация канализационной станции г. Кызылорда, строительство канализационных сетей поселков Айтеке би Казалинского района и Шиели Шиелийского района) и строительство еще 3-х проектов. В 2011-2012 годах была проведена реконструкция водопроводных сетей в поселках Тасбогет и Белькуль (г. Кызылорда), сегодня проводится строительство сервисной линии к жилым домам с общей протяженностью 20 км по двум поселкам.

0
0
1125

Қазақ қазақ тілімен ғана ел болады

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! 

Бұл орыс тіліндегі бір мақалаға жазылған орысша жауаптың аудармасы. Бір қазақ әйелінің блогінде жарияланған бұл мақала көптен бері көкейде жүрген ойлардың тиегін ағытқан мақала болды. Бір сәтте жазылған қысқаша жауаптың қолжазба түрінде өзімде қалған нұсқасын қайта қарап, оны толықтыра отырып қайта жазып шығып оқырмандар назарына ұсынып отырмын. 

«Сіз ата-анаңыздың өзіңізді, қазақша білмейтін кішкентай қазақ қызын қазақ мектебіне бергенін айтасыз. Әрине, сіз ана тілін білсін деген ниетпен. Бірақ, сізге қиын болып, сабақ үлгерімізге теріс әсер еткен соң сіз оны өзіңізге жасалған зор қиянат деп білесіз. 

Егер бұл қиянат болатын болса, онда орысша білмейтін қазақ баласын орыс мектебіне беру де қиянат. Өйткені, оның түбі қазақ, ділі қазақ, тіпті, ет пен сүйегіне дейін қазақ, бірақ оны ата-анасы орыс мектебіне береді. Нағыз қиянат дегеніміз осы емес пе? Бірақ, көптеген қазақтар ол жайлы ойламайды. Сіз неге оларға ой салмайсыз?

Балалары мен немерелерін орыс мектебіне берген ондай қазақтар үшін балалары жердің кіндігіне айналады. Олар балаларын шырқ айналып кейбірі тіпті орысшаны дұрыс білмесе де олармен орысша сөйлесіп әуреге қалады. Сол арқылы олар балалары орысшаны тез үйреніп кетсін десе, бір жағынан өздері де орысша сөйлеп үйренгілері келеді. 

Ал бала орысшаны жақсы біліп кеткен кезде де олар одан әрі де онымен орысша сөйлесе береді. Өйткені, ол бала қазақша дұрыс түсінбейтін болып қалады. Осылайша бір баланың себебімен орыс тілі олардың отбасылық тіліне айналады. Бірақ, бұл жағдай әке мен шешені алаңдатпайды. Олар баланың жақсы оқуы қажет деп есептейді. Өйткені, ол болашақ жетістіктердің кепілі. Ал жақсы оқуы үшін бала орыс тілін жақсы игеруге тиісті. 

Бұл жерде бір тілді жақсы игеру үшін екінші бір тілді ұмыту қажет пе деген сауал туындайды. Соның ішінде де өз тіліңді? Олай болса ағылшынша үйрене бастағанда оны жақсы игеруге бөгет болмас үшін орыс тілін де ұмытқан жөн болар еді. Бірақ, ақылды адамдар олай істемейді. Сонда біздің қазақтардың ақылдары жоқ болғаны ма? 

Сондай-ақ, тілді жақсы игеру сабақты жақсы оқудың кепілі болып табыла ма? Олай болған жағдайда орыс мектептерінде оқитын орыс балаларының үлгерімдері жақсы болған болар еді. Бірақ, шындығында олай емес. Демек, мәселе тек тіл игеруде ғана емес екен. Олай болса соған бола өз тіліңді құрбан ету дұрыс болар ма екен? 

Бірақ, ол қазақтар бұған бас қатырмайды, өйткені олар орыс тілін өркениеттіліктің белгісі ретінде санайды. Сондықтан олар өркениетті болып көріну үшін өз үйлерінде де орысша сөйлейді. Егер олар ағылшынша білген болса, онда бірден ағылшыншаға көшіп кеткен болар еді. Өйткені, ағылшын тілі олар үшін нағыз өркениеттіліктің шыңы болып табылады. 

Осылайша олар балаларына өз тілін, қазақ тілін үйренуге еш мүмкіндік бермейді. Өйткені, ол балалар мектепте де, үйде де өзге тілде сөйлеуге мәжбүр болады. Бірақ, ата-анасы мұны уайым етпейді. Өйткені, олар «қазақ тілін білу міндетті емес, Қазақстанда бұл тілсіз де өмір сүруге болады» деп ойлайды. Бұл шын мәнінде сұмдық ой емес пе? Қалайша Қазақстанда, қазақтардың жерінде қазақ тілінсіз-ақ өмір сүруге болады? Егер ол Қазақстанда пайдаға аспаса, басқа қай жерде пайдаға асуы мүмкін? 

Әке-шешесінің осындай «қамқорлығының» арқасында, өз әкесі мен атасының «болашағы» болып табылатын қазақтың баласы өз тегінен, бар қазақтығынан ажыраған «қазақ» болып өседі. Осынау «қамқор» ата-ана өздерінің бәйек болған «қамқорлықтарының» арқасында балаларын өз жақындарына жат, рухани мүгедек етіп алғандарын аңғармайды. 

Бұл ата-аналар жетістікке жеткен, болып-толған адам болу үшін қазақ тілін білу міндетті емес, өйткені, онсыз да өмір сүруге болады деп есептейді. Бірақ, қазақтың тілі қазақты өз жанының нәзік иірімдерімен байланыстып тұр. Сондықтан да тілінен ажырау қазақты өзінің жанынан, қазақтық түп-тамыры бойынша қалыптасқан жанынан ажыратады. Бұл ажырау текке кетпей қазақтың жаны оңбай зақымданады. 

Қазақ халқы шығыс халқы болып табылады. Бұл оның салт-дәстүрлерінде де көрініс тапқан. Ал орыстар болса батыс халқына жатады. Сондықтан да ол қазіргі кезеңде батыстың іріткі әсеріне көп бой алдырған. Тек қана ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан алатын болсақ, батыста балалар әке-шешесінен неғұрлым ертерек, неғұрлым алыс кетіп, неғұрлым олармен қатыспауға тырысады. 

Осы батыстық өмір салты орыс мәдениеті арқылы қазақ арасына да сыналап енуде. Орыс мектебінде оқыған қазақ, орыс тілі арқылы орыс мәдениетін, сол арқылы орыстық өмір салтын бойына сіңіреді. Ал орыстық өмір салты қазіргі кезеңде батыстық өмір салтымен бірдей болып кетті. Сондықтан да қазақ тілінен, сол арқылы қазақы өмір салтынан бас тартқан қазақтың басы батыстық өмір салтына байланады. 

Мұндай қазақ әке-шешесінен неғұрлым ертерек, неғұрлым алыс кетіп, неғұрлым олармен қатыспауға тырысады. Осылайша батыс мәдениеті мен батыстық өмір салтын таңдап балаларын орыс, немесе тіпті ағылшын мектептеріне берген әке-шешелер түптің түбінде балаларынан айрылып, қартайған шақтарында ұмытылып, жалғыздықта қалады. Бұл олардың тегін сатқан тексіздіктерінің жазасы. 

Батыстық өмір салты жеке бас бостандығына негізделген. Онда жеке бастың мүддесі бәрінен де жоғары қойылады. Сондықтан да батыстық адамдар тек өзі үшін ғана өмір сүреді. Сол себепті де олар отбасын құруға онша ықыласты болмайды. Өйткені, отбасы адамға белгілі бір жауапкершіліктер жүктейді. Ал бұл болса олардың жеке бас бостандығын шектейтін болады. Сол себепті де батыстық еркектер мен әйелдер үйленіп, тұрмысқа шығуға асықпайды. 

Тек қырық, елу жастарға келгенде ғана отбасын құруға бел байлайтын олар, онда да балалы болуға онша тырыса қоймайды. Өйткені, олар отбасына бастарының байланғанын қаламайды. Сондықтан да балалы болуға бел буған жағдайда да олар үшін бір, әрі кеткенде екі бала жеткілікті. Өйткені, олар артында ұрпақ қалдырып, тұқымын жалғастыру мәселесіне көп қайғырғырмайды. Олар үшін ең бастысы қара басы үшін ғана өмір сүріп, өмірдің қызықтарын барынша тамашалау. 

Мұндай өмір салты, өмірге деген мұндай жеңіл көзқарас қазіргі кезде қазақтар үшінде жат болудан қалды. Олар оны батыстық тіл мен мәдениет арқылы, соның ішінде де орыс тілі мен мәдениеті арқылы бойларына сіңіруде. Олар европа тілдерін үйреніп, батыс мәдениетін қабылдап, батыстық өмір салтымен өмір сүруге ұмтылуда. Олар үшін бұлар өркениеттіліктің эталоны болып табылады. 

Осындай «өркениетті» қазақтар өздерінің батыстық кумирлері тәрізді отбасын құруға асықпайды, және балалы болуды да қаламайды. Олар да тек қана өздері үшін ғана өмір сүріп, ештеңеден де тартынбай өмірден барынша ләззат алуға тырысуда. Олар батыс мәдениеті арқылы өзімшілдік пен арсыздықтың торына түсіп қалды. Олар осы мәдениеттің ықпалымен зинақорларға, гомосексуалистер мен лесбиянкілерге айналуда. Оларда дұрыс отбасы да болмайды, оларда дұрыс балалар да болмайды. Алланың қарғысына ұшыраған түрде олардың тұқымдары құрып кетеді. 

Қазақтың рухы, қазақтың тілі, қазақтың өмір салты ажырамастай болып Ислам дінімен қабысып жатыр. Ал Ислам діні болса ең өміршең дін болып табылады. Сондықтан да ол адамды еш күйремейтін өміршеңдікпен қамтамассыз етеді. Бірақ, европаланып кеткен ақылдары тайыз қазақтар қазақтың рухын, қазақтың тілін, қазақтың өмір салтын менсінбей мұрындарын шүйіруде. 

Олар қазақтың рухын, қазақтың тілін, қазақтың өмір салтын зиянды, тіпті жиркенішті нәрседей көріп олардан тезірек құтылуға тырысуда. Сол себепті де олар балаларын орыс, тіпті ағылшын мектептеріне беріп, өз балаларының болашақтарының жарқын екендіктеріне еш күмәнсіз сенуде. Бірақ өз істерінің жемістерін көрген кезде олар үшін бәрі де кеш болады. 

Кейбір қазақ тілін білетін қазақтардың өздері де қазақ тілін ұнатпайтындықтарын, тіпті оны жек көретіндіктерін жасырмай, оны «мәмбеттердің» тілі деп атайды. Қазақтардың өз тілдерін «ұнатпаймын» деп айтуы ауытқушылық. Бұл қазақ халқының қайғысы. Қазақ тілін, қазақ халқын қандай жағдайға жеткіздік? Олардың жазығы не? 

Сіз «шынымды айтсам, осы кезге дейін қазақ тілі бір рет те болса менің пайдама аспады» дейсіз. Бұл бір қызық пікір. Сіз өзіңіз аз да болса қазақ тілінің пайдасына жарадыңыз ба? Егер сіз сияқты қазақтар жұмысында қазақша сөйлемесе, ол қашан пайдаға асады? Егер сіз тіпті үйіңізде де қазақша сөйлемейтін болсаңыз, ол басқа қай жерде пайдаға асуы мүмкін? Сіз оны өзіңіз жарамсыз етесіз де, сонан соң өзіңізді ақтағыңыз келеді! 

Мүмкін, мен қателесіп тұрған да шығармын, бірақ сіз маған өз тіліңізге пайдақорлық тұрғысынан қарайтын сияқты көрінесіз. Өйткені, сіз «бір рет те болса пайдама аспады» дейсіз. Қалайша өз тіліңе, ата-баба тіліне пайда тұрғысынан қарауға болды? Қандай есі дұрыс адам ешқандай пайдасына жарамаса да өз ата-анасынан бас тартады? 

Қазақ тілі белгілі бір қиындықтарды бастан кешіп жатса да қазақ ретінде ол сізді алаңдатпайды. Сіз үшін оның тағдыры бәрібір сияқты. Сізді тек орыс тілінің жағдайы ғана алаңдатады. Сіз «егер қазақ тілінің қолданыс ауқымы кеңейетін болса, онда ол орыс тілін ығысырып шығарады» дейсіз. Қазақ ретінде сіз неге бірінші кезекте өз тіліңіз үшін алаңдамайсыз? Шындығында орыс тілінің көптеген салалардан қазақ тілін ығыстырып шыққанын көрмей жүрсіз бе? Сіз оның қазақ тілін мүлде жойып жібергенін қалайсыз ба? 

Шындығында орыс тілінен біржола бас тартайын деп жүрген қазақтар жоқ. Тіпті кейбір қазақтар бас тартқысы келсе де қазіргі кезеңде ол мүмкін емес. Өйткені, қазір кейбір қазақтардың өздері қазақ тілінен құлшына бас тартып жатқан уақыт. Олар жай ғана бас тартып жатқан жоқ, олар шамалары келгендерінше оны ығыстырып жатыр. Олар орыс тілінің қолданыс ауқымының кеңейуіне орыстардың өздерінен артық мүдделі. 

Бұл қазақтар тіпті өз үйлерінде, туыстар арасында да қазақша сөйлегілері келмейді. Және онымен қоймай қазақ тілді ортаға орыс тілін енгізуге барынша тырысуда. Егер қазақтардың өздері осылай етсе, басқалар не ісемейді? Негізінде, өзгелер қазақ тілін үйренгілері келеді, бірақ орыс тілді қазақтар оған мүдделі емес, сол себепті олар бұл үрдісті мейлінше тежеуде. «Іштен шыққан жау жаман» деп аталарымыз бекер айтпаған. 

Осындай қазақтардың кесірінен көптеген қазақтар орыс тілін қазақтар жақтырмауда. Егер ол қазақтар өз тілдеріне немқұрайы қарамай, оны біліп, қадір тұтса орыс тілі одан ешқандай да зардап шекпеген болар еді. Өйткені, ол дүниежүзілік тілдердің бірі. Сол себепті ол қазақтарға әлемдік ілім-білімге жол ашады. 

Бірақ, орысшыл қазақтардың кесірінен орыс тілі қазақ тілін өзінің заңды кеңістігінен ығыстырушы тілге айналды. Бұл өз тілі мен өз ұлтын сүйетін қазақтардың әділ наразылығын тудыруда. Бұл орыс тілінің кінәсі емес, бұл қазақтардың өздерінің кінәсі. Бұл өздерін ұлт ретінде ешқандай да силамайтын қазақтардың кінәсі. 

Сіз «егер қазақ тілі барлық салада үстем бола бастаса, онда орыстілді мамандардың көпшілігі Қазақстаннан кетіп қалады. Ал бұл болса республиканың дамуына кері әсерін тигізеді» деп пайымдайсыз. Бірақ, шындығында орыстілділердің көпшілігінің бұл жерден кетпек ойлары жоқ. Тіпті кетеміз деп жатса да біз, қазақтар не істеуіміз керек? Оларды ұстап қалу үшін өз тілімізден бас тартуымыз қажет пе? 

Орыстілділердің қатарына орыстілді қазақтар да кіреді. Сонда ол қазақтар өз тілдерін үйренудің орнына «егер бізге қазақ тілін зорлап таңатын болсаңдар, біз Қазақстаннан кетіп қаламыз» деп өзге қазақтарға қыр көрсете ме? «Өз тілімізді үйренгеннен көрі бұл елден кетіп қалған жақсы» деу арқылы олар өз халықын да, өздерін де қорлап тұрғандарын түсіне ме екен? 

Сіздіңше орыс тілінсіз ешқандай ілгерілеу мүмкін емес пе? Сіз көптеген халықтардың орыс тілінсіз-ақ жоғары дамуға қол жеткізгенін ұмытпаңыз. Сондықтан да «қазақтар орыс тілі арқылы ғана адам болды, орыс тілі болмаса олар қайтадан малға айналады» дейтін отаршылдардың қасаң көзқарасын қостамаңыз. 

Тек құлдық санадағы халық қана күні өткен отаршылдық қасаң көзқарастан құтыла алмайды. Бізге, қазақтарға «орыс тілі болмаса біз құримыз», «орыс тілді халық кетсе біз құримыз» деген құлдық санадан құтылу қажет. Жоқ, біз құрымаймыз! Біз ол қиындықты да оңай еңсереміз! Өйткені, Алла Тағаланың бізге қабағы түзу! 

Тіл өзінің ерекшеліктерімен ғасырлар бой халықтың белгілі бір қасиеттерін қалыптастырады. Біз, қазақтар өз тіліміздің арқасында жеткілікті шамада ақылды, алғыр, дарынды, ізгі халық болып қалыптастық. Егер біз қабілетсіз, топас халық болсақ бізге ешқандай да өзге тіл көмектеспеген болар еді. Ол тіл тіпті қаншалықты кемел, «ұлы да құдіретті» болса да. 

Өзге тілге табыну арқылы өз тіліңді кемсіту дұрыс емес. Өз тіліңді кемсіту, бұл өзіңді өзің кемсіту. Бірақ, мұны біздің кейбір қандастарымыз түсінер емес. Олар өзге тілдерге құл тәрізді табынып, сол тіл арқылы қадірлерін артырғысы келеді. Сол арқылы олар өз тілімізбенмен мал болып жүріп, орыс тілі арқылы ғана адам болдық дейтіндей. 

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары түрлі «пайғамбарлар» «қазақтар мемлекет құра алмайды» деп әулиелік жасады. Және «қазақтар көп ұзамай тізерлеп келіп аяғымызға жығылады» деп бірін-бірі сендірумен болды. Олар бізді, қазақтарды тиісінше бағаламады. Өйткені, біз өзімізді өзіміз бағаламадық. Сондықтан да әркімнің жетегінде жүргенді жақсы көрдік. Бірақ, өрлеудің алғы шарты жасалды, енді оны ешкім де тоқтата алмас! Ин шаа Аллаһ! 

01.09.13. Түп көзі: http://galym.jimdo.com/

-5
0
566

Менің алғашқы блогым

Менің алғашқы блогым

Сәлем,

Мен өзімнің алғашқы блогымдағы  бірінші хабарымды жариялап отырғаныма өте қуаныштымын. Блог жазуды бастамастан бұрын оның не үшін керек екенің және оның пайдаларын ғаламтордан іздедім. Сол тақырып жайлы әр түрлі мәлемет таптым. Мәселен, кей адамдар оны бизнес жүргізу, дос табу, жұмысын жарыққа шығару үшін немесе хобби сияқты қолданады. Әрине, блогты осы мақсаттарда қолдану өте тамаша болар еді, алайда менің тағы бір себебім бар. Менің ойымша, блог адамдардың өз өздерімен әсерлі қарым-қатынаса алатын ерекше орын бола алады.

Осы жерде бір сұрақ пайда болады. “Өз өзіммен әсерлі байланысу ” деген не және не үшін қажет? Сіз өз-өзіммен  әсерлі қарым-қатынасамын деп айтуыңыз мүмкін, бірақ бұл шынымен солай ма?

Өзіңіздің бала кездегі , жас кездегі ескі суреттеріңіз, дәптерлеріңіз және бейнероликтеріңіз есіңізде ме? Оларды көрген кезде сол кездегі сіздің ойларыңыз, мақсаттарыңыз, өмірге деген көзқарастарыңыз есіңізге түсе ме?

Мысалы, осы ой маған өте қызық келеді. Сондықтан, өзімді бағалау және дамыту үшін, өзімнің кейбір ойларымды блогқа жазу жақсы бір жол болатына сенемін.

Құрметпен,

 
0
0
485

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери аэродромдарды жаңғыртуда

Талдықорған гарнизонындағы әскери аэродромның ұшу-қону жолағын қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарының барысымен
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев танысып қайтты.

Өткен ғасырдың 70 жылдарының басында  пайдалануға берілген авиабазаны толық қайта құрылымдау тұңғыш рет жүргізіліп отыр. Жаңа ұшу-қону жолағына арнайы темірбетонды тақталар төселетін болады. Олар артық салмаққа төзімді әрі қауіпсіз болмақ. Сондай-ақ, оны пайдалану мерзімі де ұзаратын болады. Жөндеу жұмыстары процесінде жолақтың ені мен ұзындығы да ұлғаяды.

– Қорғаныс министрі авиабазалардың жағдайына барынша көңіл аударуда және барлық әскери аэродромдарға жаңғырту жүргізу туралы тапсырма қойды. Қосымша жөндеу мен эксплуатацияны қажет ететін әскери аэродромдардың барлық ұшу-қону жолақтары авиацияның заманауи талаптарына сай  қайта өңдеуден өтуі керек. Себебі, бұл әскери аэродромдардың ұшу-қону жолағына истребительдер, шабуылдаушы ұшақтар, бомбылаушы және көптонналы көліктік ұшақтар қонады, – деп атап өтті генерал-майор Бағдат Майкеев. Ол, сонымен қатар, жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтардың ұдайы әзірлігін қамтамасыз ететін аэродром жолдарының сапалы құрылысының стратегиялық маңызын да атап өтті.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығы полковник Ильдар Гиниатулинге құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырды. Жүргізілген жұмыстардың сапасына көңілі толатынын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай «Талдықорған» аэродромы қайта жөндеуден өткен соң Қазақстан әскери әуе күштері әскер тегінің жауынгерлік қабілеті мен мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін арттыратын жаңа құралдармен жарақтанған заманауи аэродромға иелік ететін болады. Аэродромдар желісін жөндеуге мемлекеттен бөлінген қаражат ұшу қауіпсіздігі мәселелерін нығайту мәселелеріндегі маңызды бағыт болып табылады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
312

Астана қаласында Дін істері агенттігі «Дін және әйел» тақырыбына арналған форум өткізеді.

2013 жылдың 22 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірлесе «Дін және әйел» тақырыбында форум өткізеді.

Форумның мақсаты: «Дін және әйел» тақырыбын жалпыхалықтық деңгейде талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, жастардың дін негіздері туралы дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруға ықпал ету.

Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО студенттері, оқытушы-ғалымдар, мәдениет, дін және қоғам қайраткерлері, БАҚ қатысады.

Уақыты: Басталуы – 11.00-де. Журналистерді тіркеу сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Қ.Мұңайтпасов көшесі, 5 үй, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің мәжіліс залы.

Аккредитация және толық ақпарат алу үшін Сіздерді мына тел: 74-09-50, 8 701 387 87 77 Айжан, [email protected], электрондық поштасы бойынша қызметке хабарласуларыңызды сұраймыз.

 
0
0
545

Заңсыз аңшылықпен күрес жөнінде

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-9/

18.11.2013 ж. Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра ауылы маңында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК орталық аумақтық филиалының инспекторлары қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде УАЗ автокөлігін тоқтатты.

Автокөліктің жүргізушісі Астана қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде көліктің ішінен киіктің үш терісі мен жануарлардың 12 аяғы, іш-құрылыстары табылып,тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша материалдар Қарағанды облысы Нұрын АІІБ-ге тапсырылды.

 
0
0
351

21 қарашада Министрліктер үйінің (14 кіреберіс) мәжіліс залында «Бизнес және инновациялар — 2013: „Энергиялық белсенді қалдықсыз эко-этнокент YurtVillage „ZhasylAul“: VI технологиялық әдісті ғылыми-инженерлік шешімдер» тақырыбында ІІ халықаралық ғылыми-пр

0
0
409