Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды

 
Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қарудың дені жарақат салатын тапанша, шолақ мылтық. Оның бәрін тұрғындар еркімен тапсырған. «Қаруды механикалық жолмен майыстырып, жаншыдық. Барлығы 352 қару, 2 электрошокер мен 1 атыс тетігінің көзі жойылды.   

Тұрғындардан қару сатып алуға биыл 12 млн теңге бөлінді, оның 8,5 млн-ы облыс тұрғындарына төленді», - дейді БҚО ІІД-нің бөлімше басшысы Алексей Лянгузов. Майыстырылған балқыту пешін жіберілді. Одан алынған құймадан темір шарбақтар, қоршау құйылады.

0
0
332

Осы тақырып бойынша

Оралда «ҚазАрмаПром» ЖШС зауытында 350 қару балқытылды - Yvision.kz